Табиғат және біз. Табиғат – туған анамыз. Жер-ананы аяла – Қазақстан және қазақтар туралы – ы на казахском языке – Библиотека

 1-тапсырма. Ой шақыру. Келіңіз, пікірлесейік!

  • «Жер-Ана» дегенді қалай түсінесіз? – Қазақстан табиғатының қазіргі жай-күйіне көңіліңіз тола ма?
  • Еліміздің қай өңірлерінің табиғатына ерекше қамқорлық керек? –Табиғаттың үйлесімділігін, әсемдігін бұзбау үшін бізге қазір не жетіспейді? Қазақстанның қандай әсем өңірлерін білесіз?

2-тапсырма. Тірек сөздер. Сөздіктің, оқытушының көмегімен мағынасын түсініңіздер.

Табиғат, Жер-Ана, апат, улану, қоршаған орта, зардап, құтқару, құрғату, қасірет, тіршілік,табиғат үйлесімділігі.

3-тапсырма. ТІРЕК сөздермен сөйлем құрыңыздар.

4-ТАПСЫРМА. ДАНА АДАМДАР НЕ ДЕЙДІ….? ОҚЫҢЫЗ, МАҒЫНАСЫН ТҮСІНІҢІЗ.

Табиғат дегеніміз – бұл біздің санамыздан тыс, бізге бағынбайтын, біздің өмірімізге тірек болып тұрған болмыс, әсем дүние (Қ. Мырзалиев).

Табиғат – адам бойына адамгершілік абзал қасиеттерді қалыптастыратын тәлімі мол тәрбиеші (М. Мақатаев).

Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген азамат, Бөгде жердің алтын тасын мақтап жарытпақ емес (Қ.И. Сәтбаев).

Табиғат адам өмірінің барлық қажетін өтей алу үшін ол міндетті түрде ештеңемен былғанып, уланбаған болуы тиіс (Қ. Аманжолов).

5-тапсырма. Сөзіңіз құнарлы болсын!

Табиғат – алтын бесік.

Табиғаттың тәні – жер, қаны – су, жаны – күн.

Табиғат аң-құсымен ажарлы.

Адамның табиғатсыз күні жоқ.

  • Өзіңіз тағы қандай табиғат туралы мақал-мәтелдер білесіз? (Дәптерлеріңізге жазыңыз).

6-тапсырма. Мына сөйлемдерді аударып, қалай түсінетініңізді айтыңыз.

Табиғат пен ауыл, адам мен табиғат жалпы тіршілік атаулы – біртұтас ажырамас жанды дүние (А. Құнанбаев).

Махаббат пен Отан табиғатқа деген сүйіспеншіліктен басталады. Табиғаттың әсемдігін сезініп, оның тілін оқу, байлығын қорғау керек (Т. Молдағалиев).

Бізді анамыздай асырап, әлпештеген табиғатты сүю – қасиетті парыз (М. Шолохов).

7-тапсырма. Мәтінді оқыңыз. Түсінбеген сөздерді сөздіктің, оқытушының көмегімен түсініңіз. Табиғат туралы әңгімелесіңіз.

Табиғат – тал бесігің

Жер-ана табиғат біздің тал бесігіміз, тірі жан атаулыға атам заманнан ортақ қазына. Халқымыз өмірдегі ең қасиетті, ең құдіретті ұғымдарға «Ана» сөзін қосып айтады. «Жер-Ана», «Табиғат-Ана», «Отан-Ана». Қазақ табиғатты анаға теңеген. Өйткені табиғатта тіршілік өсіп-өнеді. Табиғат-Ана біз үшін өмірге қажетті барлық нәрсені берді. Адамды табиғаттан, табиғатты адамнан бөліп қарауға болмайды. Табиғаттың жері мен суы, орманы мен тасы, жануарлары мен өсімдіктері адам үшін тіршілік етудің басты көзі болып табылады. Сондықтан табиғатты туған АНАҢДАЙ түсініп, туған ҰЛЫҢДАЙ қорғауың кажет! Табиғатта басы артық ештеңе жоқ. Табиғат сырын терең білмей, оған немқұрайлы қарау үлкен апатқа соқтырады. Бір кездерде табиғатты бағындыруды мақсат тұтып, ормандар аяусыз балталанды, аң-құстар шамадан тыс ауланды, жер жөн-жосықсыз жыртылып, топырақта эрозия пайда болды. Соның салдарынан бүгінгі таңда адам баласына ядролық апаттан гөрі экологиялық апат аса үлкен қауіп төндіріп отыр.

2 стр., 695 слов

Сочинение аза станны таби аты

... тапсырма 2-тапсырма 80 бет. М?тінні? мазм?нын жазбаша жазы?дар. Просмотр содержимого документа «?аза?стан таби?аты » Желтоқсанның жиырма екісі Сынып жұмысы Қазақстан табиғаты ... есім: мектеп, табиғат, орман, т.б. 2. Жалқы есім: Астана, Қазақстан, Арман, т.б . Оқулықпен жұмыс 4-тапсырма. Көп ... нүктенің орнына тиісті тәуелдік жалғауларын қойып жазыңдар. Қазақстанда жалпы 48 ...

Бізді экологиялық апатқа душар еткен адам санасының эрозиясының нәтижесі.

  • «Адам санасының эрозиясы» дегенді қалай түсінесіз?
  • Мәтінді өз ойыңызбен толықтырыңыз.

8-тапсырма. Мәтіндегі көп нүктенің орнына керекті сөз тіркестерін қойып, сөйлемді толықтырыңыз. Мәтінге өз ойыңызды қосыңыз.

Халқымыз өмірдегі …………. «Ана» сөзін қосып айтады. «Жер-Ана», «Табиғат-Ана», «Отан-Ана». Табиғат-Ана біз үшін ……………. берді. Адамды табиғаттан, табиғатты адамнан ………. . Табиғаттың …………….. адам үшін тіршілік етудің басты көзі болып табылады. Сондықтан табиғатты ………. түсініп, ……… қорғауың кажет! Табиғатта ………… . Табиғат …………. үлкен апатқа соқтырады. Бір кездерде табиғатты бағындыруды мақсат тұтып, ормандар …. балталанды, аң-құстар ………… ауланды, жер ……… , топырақта эрозия пайда болды. Соның салдарынан бүгінгі таңда адам баласына ядролық апаттан гөрі экологиялық апат ……………….. Бізді ……… душар еткен адам санасының эрозиясының нәтижесі.

9-тапсырма. Тыңдалым Өлең жаттайық. Орфоэпиялық нормаларға назар аударыңыздар.

Табиғаттың тарылтпасын,

Мөлдір кәусар тынысын.

Пәк табиғат!

Жүрегімнің тамылжыған жырысың.

Ей, адамдар!

Қалай ғана қатыгездік жасайсың!

Ол анаң ғой, ал сен кенже ұлысың!

  • Қысқа өлеңде не туралы айтылған? Өзіңіз табиғат туралы қандай ақын-жазушылар шығармаларын білесіз?

Мұны есте сақтаңыз!

Адамдар пайдаланатын саялы дарақты кескен адамды АЛЛА тозаққа бұйырады (Пайғамбар Хадистерінен).

Ауаны былғама, Алланың демі.

Атаңнан мал қалмасын, тал қалсын.

Көкті жұлма!

10-тапсырма. Біле жүріңіз.

1949 жыл 29 тамыз. Таңғы сағат 7.00….. Қазақ даласындағы Семей полигонында алғашқы ядролық сынақ жүзеге асырылды. Содан бері 61 жыл уақыт өтті.

1989 жыл 29 тамыз. Елбасы Н.Ә. Назарбаев Семей ядролық полигонын жабу туралы жарлығына қол қойды. Сөйтіп Қазақстанда осыдан 21 жыл

бұрын ядролық сынақтар тоқтатылды. Семей қаласында «Өлімнен де күшті» атты Семей полигон құрбандарына арналған монумент ашылған болатын.

2009 жыл. 29 тамыз. «Абыралы-Дегелең» қоғамдық қорының ұйытқы болуымен, Семей ядролық полигонына ең жақын Абыралы өңірінің Қайнар ауылында қырық жыл қырғын құбандарын еске түсіруге арналған ескерткіш ашылып, ас берілді.

Қазақстанның бастамасы бойынша БҰҰ Бас Ассамблеясы 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы әрекеттің халықаралық күні ретінде жариялау туралы қарар қабылданды.

11-тапсырма. Мәтінді оқыңыз.

Қазақстан экологиясы

Бүгінде тәуелсіз Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлем алдында экология мәселелері тұр. Адам ақыл-ойының нәтижесі алып ракеталар, атом станциялары, зауыттар, т.б. ғылыми прогресс жетістіктері өмірімізді байыта, жеңілдете түсумен қатар қауіп-қатер туғызуда. Осының бәрі экологиялық сананың жеткіліксіздігінен, адамдардың болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін жете сезінбеуінен. Адам өміріне экологиялық зардаптардың әсер ете бастауы олардың қоршаған ортаға жыртқыштықпен қарауының салдары. Бүгінде санасында сәулесі бар әрбір адамды туған жердің табиғатының тағдыры толғандыруы керек. Ауылдық жерлердегі экологиялық, санитарлық, эпидемиялық жағдайдың нашарлауы салдарынан жұқпалы аурулар көбейіп отыр. Адамдар ядролық жарылыстардың зардабын әлі де тартуда, рак, өкпе, қан аздығы, қант диабеті, қан қысымының жоғары болуы, жүрек, психикалық аурумен ауыратындар көп. Радиациялық заттар қоршаған ортаға ядролық отындар өндірісінде, атом құралдарын жасап сынау кезінде таралады. Радиацияның шамадан артық мөлшері ағзада қатерлі ісіктің, генетикалық өзгерістердің пайда болуына әсер етуде, Семей аумағында қазір 700 мың га радиациямен зақымданған жер бар. Оның адам денсаулығына тигізетін әсері үлкен. Сонымен бірге, табиғи ортаға ғарыштық сәулелер, топырақтан, күн сәулесінен келетін немесе жасанды жолмен-флюорография, теледидар экраны, сағаттардың шағылыс циферблаттарынан т.с. туындайтын сәулелер де адамға әсер етеді.

9 стр., 4301 слов

Алтын адам туралы мәлімет

... солтүстік — ағаш тақталарда халқымен, сүйегі бай одетого адам. Жанында табылған заттар дәретханаға украшенное, алтын қару-жара ... болды дакскими луками және кинжалами…» Жалпы, Геродот өз девятитомной тарихы туралы саках деп жазады сәл ғана упоминая олардың жанында басқ ... державаға, включавшую оңтүстік аудандары, Орта Азия. Кейінірек Ахемениды бағындырған заң бойынша, өзіне және солтүстік аудандарында, ...

Өсімдік – тіршілік тірегі. Ғаламшардағы өсімдіктер жылына ауа қабатына 400 млн. тонна оттегін бөліп шығарады. Жылына бір адам тыныс алу үшін 173 мың литр оттегін қабылдайтыны анықталған. Жасыл желектер ауаны улы газ бен шаңнан тазартады. Өсімдіктер ауада ауру тудыратын бактерияларды жоятын ерекше зат бөліп шығарады. Оның медицинада алатын орны ұшан-теңіз. Сондықтан өсімдіктің қызметін бірде-бір жетілген механизм атқара алмайды.

1989 жылы ақпан айында алғашқы антиядролық қозғалыс құрылды. Олжас Сүлейменов басқарған бұл қозғалыс әлемді ұйқысынан оятып, адамдардың бейбіт өмір сүру құқығын талап етуіне жол ашты. Халықты дүние жүзінде аузынан от шашқан тажалды бітеу үшін көтерген «Невада-Семей» козғалысын бүгінде білмейтін адам жоқ. 1991 жылы 29 тамызда Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы жарлыққа қол қойды. Бүгінгі таңда Қазақстандағы экологиялық жағдайдың ушығып тұрған ошақтары Арал мен Балқаш. Бұл көлдер тек қана Қазақстан емес әлем халқын алаңдатып отыр. Аралды құтқару мәселесіне тек эколог ғалымдар ғана емес, елім дейтін барша азаматтар атсалысуда. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың назарында әрқашан экологиялық проблемалар тұр. Осындай ағалар арқасында «Арал-Балқаш» қоры құрылды. Дүние жүзіндегі ең беделді ұйымдардың бірі. Соңғы жылдары жер шарында экологиялық апаттар қаупі күшеюде. Француз ғалымы Жак Ив Кусто айтқандай «бұрын адам табиғаттан қорқатын, қазір адам табиғатты қорқытады» ҒТР-дың дамып, шарықтау шегіне жеткені сондай, жер шарында табиғат өзгеріп, елдерге экономикалық, әлеуметтік шығындар әкелді. Кусто және былай деген: «Адамның алдынан орман кездессе, артында шөл қалады». Адамдардан ашкөздік әрекеттері біздің елімізде де апатты аймақтар қатарын көбейте түсті. Семей, Арал, Балқаш, Ертіс, Каспий және т.б. (Интернет материалдарынан ықшамдалып алынды).

12-тапсырма. Тобымызбен мына сұрақтарды талқылайық. Өз ойымызбен толықтырайық.

  • Қазақстанның алдында қандай үлкен проблема тұр?
  • Экологиясы ушығып тұрған аймақтар қандай?
  • Өсімдіктің табиғаттағы ролі қандай?
  • Елімізде апатты аймақтардың көбею себебі неліктен деп ойлайсыз?

13-тапсырма. Сұрақтарға жауап бере отырып, өз туған жеріңіздің экологиясы туралы айтып беріңіз.

11 стр., 5343 слов

Семья в жизни человека

... вести себя, общаться и взаимодействовать с другими людьми. Моя семья значит для меня то, что я постоянно хочу сделать для них что-нибудь хорошее, а все они в свою очередь всесторонне ... супруга и радостные дети. Хочу делать их счастливыми. И это для меня смысл. Еще сочинения на тему: «Семья в жизни человека»: http://5klassnik.ru/po-literature/963-sochinenie-semya-v-zhizni-cheloveka.html ...

  • Сіз туған өлке?
  • Сіз туған жеріңіздің қандай әсем жерімен мақтана аласыз?
  • Туған жеріңіздің экологиялық ахуалы қандай?
  • Сіздің туған өлкеңізден шыққан халық қалаулылары экология үшін нендей жұмыстар жүргізуде?
  • Біздің еліміздегі экология министрінің ролі қаншалықты?

14-тапсырма. Жағдаяттық тапсырма.

  • Сіз болашақта экология министрі болсаңыз, жұмысыңызды неден бастар едіңіз?
  • Қазіргі ахуалы сын көтермейтін экологиямызды қалай түзетер едіңіз?

15-тапсырма. Табиғат, экология сөздерімен тіркесетін сөздерді жазыңыз.

16-тапсырма. Грамматикалық анықтағыш. Мұны білгеніңіз жөн!

Сын есім. Сапалық және қатыстық сын есімдер.

Сын есім – тілдегі негізгі сөз таптарының бірі. Сын есімнің негізгі грамматикалық мағынасы – сындық белгі. Сын есім заттың әр түрлі сынын, сапасын, қасиетін білдіреді. Мысалы: қызыл, қалың, әдемі, сұйық.

Сын есім заттың әр түрлі сыр-сипатын, қасиеттерін тікелей, не басқа заттың қатысуы арқылы білдіреді.

Жақсы, жаман, ауыр, жеңіл деген сын есімдер негізгі лексикалық мағына арқылы заттың сындық белгісін білдірген. Яғни, заттың сындық белгісін басқа затқа қатыссыз, тікелей білдіреді. Мұндай сын есімдер сапалық сын есімдер деп аталады. Мысалы: жақсы адам, ауыр жүк, жеңіл мінез.

Тоғайлы, орманды, сулы, жазықты, қысқы деген сын есімдер заттың сынын білдіруге тоғай, су, жазық, қыс деген зат есімдерді қатыстырады. Яғни, заттың белгісін басқа заттың қатысы арқылы білдіреді. Мұндай сын есімдер қатыстық сын есімдер деп аталады. Мысалы: тоғайлы жер, орманды дала, қысқы киім.

Сын есім сөйлемде анықтауыштық қызмет атқарады.

17-тапсырма. Жоғарыдағы мәтіннен сын есімдерді тауып, оларды сапалық, қатыстық топтарға топтаңыздар.

18-тапсырма. Мәтінді оқыңыз.

Балқаш көлінің қазіргі экологиялық жағдайы

Тіршіліктің тіні – Табиғат-Ананың тамылжыған тамаша қалпын сақтауға барша адамзат жан-тəнімен ықыласты екендігі күмəнсіз. Алайда, өндірістің өркендеуі, одан туындайтын экологиялық қиындықтар, басқа да себептер мен салдарлар қоршаған ортаның кескін-келбетіне елеулі зиянын тигізіп келеді.

Экологиялық апат мəселесі қазір бар əлемді толғандырып отыр. Балқаштың тағдыры – жарты ғаламның тағдыры деп айтуға болады.

Балқаш көлі – ғаламшардағы ең көне көлдердің бірі. Жаратылысы бөлек, жұмбағы мол. Батыс бөлігі ерекше тұщы сулы болса, шығыстағы айдыны айрықша ащы болып келеді. Балқаш көлемі бойынша Орталық Азияда төртінші көл болып табылады. Балқашқа қауіп төндіретін басты күш – ол адамның іс-әрекеті.

Көлдің негізгі қайнар көзі Іле өзені болып табылады. Іле суының басым бөлігі Қапшағай су қоймасын толтыру үшін және ауыл шаруашылық мақсаттарында қолданылатындықтан, Балқашқа келетін су мөлшері табиғи деңгейден едәуір кем боп шығады.

Оның үстіне Іле Қытайдан келіп ағады. Қытай болса, Іле суын Батыс Қытай аймақтарын дамыту үшін елеулі көлемде қолданайын деп отыр.

Көлдің деңгейін жіті қадағалап жүретін ғалымдар Балқашты қорғаудың арнайы шаралары енгізілу керек дейді. Олар Балқаштың шынымен-ақ аянышты халде қалғанын мойындап отыр.

2 стр., 759 слов

«Ұстаз – ұлы есім» тақырыбында

... cәтте aлдымыздaн жaдырaғaн жaздaй жылы жүзiмен қaрcы aлып,пaртaғa отырғызып, қолымызғa қaлaм берiп, әрiп үйретiп, кiтaптың aлғ ... ұту, қacтерлеу, aрындaй тaзa ұcтaу – әр мұғaлiмнiң борышы. Ол – өз кәciбiн, өз пәнiн, бaрлық шәкiртiн, мектебiн шекciз cүйетiн ... бaтыл кiрicуге cептiгiн тигiзедi. Нәтижеciнде бiр емеc, бiрнеше жac жүрекке мәңгi ұcтaз болып қaлaды. Ұcтaздың оcыншaмa қaдiр-қacиет, құрметке ...

  • Мәтіндегі қатыстық сын есімнің қалай жасалып тұрғанына мән беріңіз.
  • Балқаштан басқа Арал экологиясы туралы айтып бере аласыз ба?
  • Аралдың өткен тарихынан не білесіз

19-тапсырма. Экологияға байланысты кроссвордты шешіңіз.

Э

К

О

Л

О

Г

И

Я

1) Азаматтығынан айрылу

2) Бір мемлекеттің лауазымды тұлғасы

3) Оның қатысушыларына нақты міндеттемелер

4) Экспортық немесе импорттық рұқсатнама

5) Оған өзі тағайындалатын мемлекет үкіметінің келісімі берілген дипломатиялық өкіл

6) Қоғам өміріндегі географиялық факторлардың ролі

7) Сол жерге бүкіл адамдар отбасымен демалуға шығады

8) Семейдегі полигон

Тест тапсырмалары.

1. Сын есімдік қатарды табыңыз:

А. Балқаш, ғаламшар, Табиғат-Ана, экология

Б. Тигізу, толғандырып отыр, мойындап отыр

С. Экологиялық, ащы, аянышты, тамылжыған

Д. 1989 жылы, 400 млн. тонна, 173 мың

2. Сапалық сын есімді сөйлем қай қатарда?

А. Елеулі зиянын тигізіп келеді

Б. Бар əлемді толғандырып отыр

С. Апатты аймақтардың көбеюі неліктен?

Д. Ғаламшардағы көне көлдердің бірі

3. Қатыстық сын есімді сөйлемді табыңыз.

А. Жасыл желектер ауаны улы газ бен шаңнан тазартады

Б. Шығыстағы айдыны айрықша ащы болып келеді

С. Дүние жүзіндегі ең беделді ұйымдардың бірі

Д. Табиғаттың тарылтпасын, Мөлдір кәусар тынысын

Студенттердің білімін тексеру үшін бақылау сұрақтары:

1. Сын есім дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.

2. Сапалық сын есімдердің анықтамасын айтып, мысалдар келтіріңіз.

3. Қатыстық сын есімнің анықтамасын айтыңыз, мысал келтіріңіз.

4. Сын есім неге үнемі зат есіммен тіркесе қолданылады?

5. Сын есімнің сөйлемдегі қызметі қандай?

6. Қатыстық сын есімнің жасалуына қандай сөз табы қатысады?

7. Нөсер, жусан, білім, егін сөздерін қатыстық сын есімге айналдырыңыздар.

СӨЖ тапсырмасы. Семей тақсірет . Мәтінді оқу. Өз ойларыңызбен толықтырыңыз.

(Трагедия Семея)

Кеңес Одағы кезінде сынақ алаңына айналған аймақтар қазақ жерінде көп болды. Тұрғылықты халық әлі күнге дейін соның зардабын тартып отыр.

Сондай аймақтың бірі – Семей өңірі. Бұрынғы Семей облысының (қазір Шығыс Қазақстан облысына қарайды) Абыралы, Абай аудандарының жерінде әлемдегі ең үлкен атом полигоны орналастырылды. Тұрғын халқы түгелдей қазақтар болып келетін осы аудандар аумағында полигонның ашылуы КСРО басшылығының зиянды саясатының нәтижесі еді.

Алғашқы ядролық жарылыс 1949 жылы 29 тамызда, ауада жасалды. Мұндай ашық жарылыстар көп уақыт бойы жалғасты да, кейін жер асты жарылысына ауысты. 1952 жылы термоядролық бомба сыналды. Ал бір-екі жылдан соң академик Сахаровтың басшылығымен дүние жүзінде тұңғыш рет сутегі бомбасы сынақтан өткізілді.

Сөйтіп, 40 жыл бойы Семей жерінде сынақтар өткізіліп келді. Осыған орай, 1989 жылғы ақпан айында Олжас Сүлейменовтың басқаруымен ядролық жарылысқа қарсы «Невада-Семей» қозғалысы өмірге келді.

1991 жылғы 29 тамызда, алғашқы жарылыс жасалған күнге 42 жыл толғанда, Президент Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен Семей полигоны жабылды.

7 стр., 3446 слов

Каждая счастливая семья толстой. Quot;Все счастливые семьи похожи ...

... нужны и не важны. Эссе все счастливые семьи похожи друг на друга каждая несчастливая семья. Прав ли Л. Н. Толстой, сказавший: “Все счастливые семьи похожи друг на друга, каждая несчастливая семья несчастлива по-своему”? Невозможно опровергнуть высказывание великого ...