Каспий теңізі жағалауына орналасқан көптеген өнеркәсіп орындары өндіріске пайдаланған
Арал теңізі.Қазақстнның оңт. аймағындағы Арал теңізі көлемі жағынан екінші орынды иеленеді. Ол дүниежүзілік мұхит деңгейінен 53 м биікте орналасқан. Жалпы ауданы 64,5 мың км,ұзындығы 428км, жағалаулары көбінесе ойпатты, жазық, құмды болып келеді. Арал теңізінің түбі тегіс, тұнба шөгінділі.
Арал теңізінің тартылып, теңіз маңайындағы аудандардың экологиялық жағдайларының нашарлауының көптеген себептері бар. Соның ішінде ең басты себеп – Аралға құятын Сырдария мен Әмудария өзендерінің аңғарларының суармалы егіс көлемінің жөнсіз ұлғайтылуы, су режимін дұрыс сақтамау егістік жерлердің сортаңдануына алып келді. Соның салдарынан Арал теңізінің деңгейі 14,7 м дейін төмендеді. Көлдің 26 мың км су табаны құрғап, орнына 2 мың гектардай жерде тұзды сортаң шөл пайда болды. Шаңмен көтеріліп, шөккен тұз топырақтың құнарлылығын азайтып, егіс өнімін төмендетеді, ауыз судың сапасына әсер етіп, жергілікті халықтың денсаулығына зиянын тигізіп отыр.
Атмосфераға зиянды заттардың шамадан тыс таралуы климатқа да өз әсерін тигізуде. Арал маңында атмосфера ғана емес, су мен топырақта ластанған. Теңіз маңында жас балалар өлімі көп, ересектер арасында сырқаттану басым. Әсіресе тыныс алу органдары мен жүйке, қан айналысы жүйесі, асқазан, т.б. аурулары жиі кездеседі. Жұқпалы аурулар ,қатерлі ісік, кеміс боп туусоңғы кезде көбейіп кетті. Соңғы жылдары Қазақстан мен Орта Азия мемлекеттері басшылары Аралды аман сақтап қалу жолдраын қарастыруда. Өйткені бұл ғаламдық проблема.
Балқаш — Қазақстанның оңт.- шығ. Орналасқан көл. Көлдің ауданы 18,2 мың км, көл ендік бағыт бойында созылып жатыр. Ұзындығы 605 км , ең тар жерінің ені 8 км. Суының деңгейі жыл мезгіліне байланысты өзгеріп отырады. Ең терең жері 27 м. Балқаш көліне Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз өзендері келіп құяды.
Балқашқа құятын Іле өзенін Қапшағай су қоймасына бұрғаннан бері көл суының деңгейі 2 м төмендеген. Қазір Балқаш көлі түрлі өндірістік қалдықтармен ластануда, әсіресе оған Балқаш мыс комбинатының өндірістік қалдықтары көп зиян тигізуде.
Алакөл – Балқаштың шығыс жағында жатқан көлдер тобының ең ірісі. Суы тұзды, Алакөлге 15 астам шағын өзендер келіп құяды. Жағалауының ұзындығы 384 км. Көл балыққа бай, онда балдырдың 58 түрі кездеседі. Жағалауында өсетін қамыс пен шалғындық арасын жабайы аңдар мен құстар мекендейді.
«Ана тілім-ардағым»
... сөйлегеніміз абзал.Сонда ғана құлаған қазақ тілдің мәртебесі көтерілмек.Көш соңында қалған жетім тайдың , ... Отаным-Қазақстан.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілі.Қазақ тілі- ғаламдағы ең бай,әдемі,құла ... ни Қазақстан Республикасында, мемлекеттік жұмысқа орналасу үшін, қандай да болмасын мамандық иесі, ... зіне аударған мына өлең болатын: Арқаның қызыл изеңі- Басы күрдек, түбі арал Қыдырып ...
Табиғат зоналары ауа райы, жер бедері мен географиялық орнына байланысты қалыптасады. Әрбір табиғат зонасының өзіне тән климаты, топырағы, өсімдігі мен жан-жануарлар дүниесі бар. Кейде белгілі бір табиғат зонасының ішінде басқа табиғат зоналарының Қаз. жерінде бірнеше аймақтары ұшырасады. Бұл табиғат аймақтары солт. Оңт.-ке қарай орманды дала, дала, шөл, шөлейт зоналар болып алмасып отырады.
Орманды дала зонасы. Қаз.-ның солт. кіреді.Ол Батыс Сібір ойпаты мен Сырт қыратынын аз ғана бөлігін қамтиды. Орманды дала зонасына көршілес зоналардың орманды және дала зоналарының бөліктері сұғына еніп, алмасып келіп отырады. Қазақ жеріндегі орманды дала зонасының жер бедері тегіс келкді .Батыстан шығысқа қарай орманды дала зонасы 150 -200км дейінгі жерге созылып жатыр. Жалпы орманды дала зонасының алып жатқан жер көлемі республика жер аумағының 7%-ын қамтиды.
Орманды дала зонасында
Дала зонасы. Дала зонасы орманды дала зонасының оңт.де
Қостанай, Павлодар және Шығ. Қаз. обл.-ның кей жерлерінде құмды және құмдақ топырақты жерлер кездеседі. Мұндай топырақты жерлерде қау бетеге, сібір еркек шөбі, шайшөп, сібір кекірегүлі, Беккер бетегесі жақсы шығады. Орал, Мұғалжар және Орт. Қаз.-ның ұсақ шоқыларында шиыршық тасты, тастақты дала ұшырасады. Мұнда тау бетеге беттесе, шөл құмбасы, суық жусан тараған. Дала аймағы жұмыршақ дәрілік түйежоңышқа, меңдуана, сасық меңдуана, су бұршағы, жанаргүл,
құндызшөп, шайқурай сияқты алуан түрлі дәрілік
Дала зонасы жан- жануарлары ашық ландшафт жағдайында тіршілік етуге бейімделген. Сүтқоректілерден үлкен сарышұнақ, суыр, қосаяқ,байбақ кездеседі. Дала аймағында кемірушілердің ішінен тышқанның көптеген түрі бар. Жыртқыш аңдардан қасқыр, түлкі, борсық, қарсақ көп тараған.
Қорғалжын мемлекеттік қорығы. Қорғалжын қорығы 1958 жылы құрылған. Қорықта дала зонасы ландшафты табиғи күйінде сақталған. Қорықтың жер көлемі 237 мың га. Ол Ақмола, Қарағанды обл.-ның аумағына кіретін Қорғалжын, Теңіз көлдері мен Қорғалжын ойпатының жазық далалы аймағын қамтиды. Теңіз көлі дүние жүзінде қызғылт қоқиқаздың қиыр солт. ұя салатын жері.
Дала өсімдіктері туралы
... 16°-19° С-дің айналасында (абсолюттік минимум 50° С-ге жетеді), орманды далаға қарағанда жазы барынша ыстық және ұзақ, құр ... не Еділ өзендерінің аңғарларында. Олар беткейдегі жарларда өседі. Кейбір анықтамалар бойынша табиғи еменнің Қазақстандағы алып жатқан ... күнді құрайды. Қазіргі кездегі (классификация) жіктеу бойынша далалы аймақты үш аймақ астына бөліседі. Топырақтарынын түріне қарай, климатының ...
Теңіз көлі тайыз, суы ащы. Ал Қорғалжын көлінің суы тұщы, оның жағалауында қамыс қалың өседі. Қорықта өсімдіктің — 235 түрі, аңның -35, құстың-265, бауырымен жорғалаушылардың- 5, қосмекенділердің-2, балықтың 10 түрі бар.
ШӨЛЕЙТ ЗОНА. Шөлейт зона дала мен шөл аралығындағы өтпелі аймақ болып табылады. Шөлейт зона Қаз.-ның жалпы жер көлемінің 23% алып жатыр. Шөлейтті аймаққа Ұлытау, Ақсораң, Шыңғыстау сияқты аласа таулы аймақтар кіреді.
Шөлейт зонада далада да, шөлде де шығатын өсімдіктер өседі. Дала зонасына қарағанда шөлейтті аймақта өсімдіктің бітік өсуі екі есе аз. Сондықтан топырағы онша құнарлы болмайды. Шөлейт зонаның көбінесе сортаңдау жерлерінде шым түзетін астық тұқымдас өсімдіктер- ақ жусан, мыңжапырақ, түймедағы, шөл еркекшөбі, құм еркекшөп өседі. Шөлейт зонасының жануарлар дүниесі де алуан түрлі. Сүтқоректілерден дала және монғол шалғынында өсетін орт. және кіші сарышұнақ, секіргіш қосаяқ, стрельцов тышқаны, ақбөкен кездеседі.
ШӨЛ ЗОНА. Республиканың шөл зонасы батысында Каспий теңізінің жағалауынан басталып,шығысында Жоңғар Алатауының етегіне дейін, ал оңт.-шығ. Тянь- Шань таулы өңіріне дейінгі аумақты алып жатыр.
Шөл зонада өсімдік қаулап шықпайды, сирек, селдір өседі.Бұл- судың тапшы болуынан.Шөлді аймақта өмір сүретін жануарлар өзін қоршаған ортаға бейімделген. Жәндіктер мен жануарлар жаздың ыстық аңызағынан қорғану үшін күндіз індеріне кіріп, құмға көміліп жатады.
Барсакелмес қорығы. Бұл қорық 1939 ж. Арал теңізіндегі «
Үстірт қорығы. Үстірт мемлекеттік қорығы 1984 ж Қаз. оңт. табиғи кешенін сақтау мақсатында