«Ана тілім-ардағым»

Эссе

«Ана тілім-ардағым»

Қазақ тілі сұлулығымен бой балқытып,тамыр шымырлататын,жан жүйеңді жандырып,құлақ құрышын қандыратын,өткірлікпен қысылтаяң тұста ер мен елге бірдей медет беріп адам түгіл жағдайдың өзінің аузына құм құятын ғажайып кемел тіл.

Б.Момышұлы.

Әлемде өмір сүріп жатқан әрбір халықтың өзіне тән рухани құндылықтары бар.Олар: Отаны,халқы,тілі,салт-дәстүрі және т.б.Бұл құндылықтардың әрқайсысы да адамзат өмірінде ойып тұрып орын алатын қасиетті ұғымдар.Осы баға жетпес рухани ұғымдардың ішіндегі «тіл» бүкіл адамзат үшін қадірлі де қастерлі дүние. Тіл ең алдымен қарым қатынас құралы.Тілсіз өмір сүреңсіз де сұрықсыз.

Дүние жүзінде жеті мыңдай тіл бар.Яғни әр халықтың,әр ұлттың жанындай жақсы көріп,ардақтап аялайтын үш бақыты болса,соның бірі-туған тілі.Ана тілі адам бойына жүре келе дарымайды.Ол аяулы ананың ақ сүтімен дарып,кемеңгер әкенің тәрбиесімен дамиды.

Мен-қазақпын.Менің Отаным-Қазақстан.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілі.Қазақ тілі- ғаламдағы ең бай,әдемі,құлаққа жағымды естілетін,жүректі баурайтын,терең мағыналы құдіретті сөз.Осынау кемел тілді құлағым ең алғаш рет естіп,қаныма сіңіп,аузымнан сөз құралған.Тарыдай болып мектеп табалдырығын аттап, нұрдан болған асыл тіліміздің арқасында,бар білімнің бастау болған,әріпті жекелеп жаттап,ежелеп екі сөздің басын қосып оқып,қараңғы қапас көкірегімізге қазақтықтың өшпес шоғын тұтатқанмын.

Айбарлы қазақ тілінің қаймағы бұзылмай мәртебесі асқақ болып тұрған шағы Кеңес үкіметінің боданына дейінгі кезең.Бөтен сөзбен былғанбаған қазақ тілі ол кезде топтан озған сәйгүліктің кейпінде еді.Елді дала заңымен басқарған хандарымыз,билер мен шешендер,батырлар мен қара халық ана тілдерінде сөйлеп,өз тілдерінде ойланған.Аузы дуалы билеріміз қойнауы қасиетке толған дара тіліміздің арқасында жұдырықты қанға малмай талай дау-жанжал,соғыстарды шешіп отырған.Батырларымыз өз тілінде ұрандап жауға шауып,ақындарымыз қарсы келген қарсыластың қара сөзбен аузындағы бар тісін сындырған.Қазақ тәубасын ұмытып басынғанды қара сөзбен жылатқан,қайғы келіп қиналғанды ана тілмен жұбатқан. Бұл менің дара тілім Абай,Мұхтар,Махамбеттер сөйлеген дара тілім.

2 стр., 553 слов

«?аза? тілі — м?дениетті тіл» атты

... өркем тілдердің бірі. Қазақ тілі қазақ ұлтының құралуы мен бірге қазақ халқының ұлт тілі болып қалыптасты. Ұлттың өмір сүру кепілі- ұлттық тіл. Қазақтың ана тілі – қазақ халқына ортақ, бәріне ... ?аза?станны? ?рбір азаматы мемлекеттік тілді анасындай аялап, ?ор?ау?а міндетті. Просмотр содержимого документа «"?аза? тілі - м?дениетті тіл" атты эссе » Қазақ тілі- мәдениетті тіл. Адамдардың бір- бірімен қ ...

Өлең деген құдіреттің әрбір сөзін өткірлеп алдаспанға айналдырған,өнердегі қасиеттің символына айналған, аруақты ақын, Махамбет Өтемісұлының Францияның Париж қаласында ЮНЕСКО көлемінде 200 жылдық мерейтойы тойланды.Сол тойда ақынның барлық өлеңдері әлемнің көптеген тілдеріне аударылып көрмеге қойылады. Тек төрде тұрған Махамбеттің ана тілінде жазылған өлеңі сондағы барлық қонақтардың назарын өзіне аудартады. Қонақтар осы көрмені ұйымдастырушылардан,неге бұл өлеңнің тек қазақша нұсқасы тұрып,басқа тілге аударылмау себебін сұрайды. Сонда қазақ тілінің құдіретіне таңқалып таңдай қаққан әлемнің аудармашылары , бұл өлеңді аударуға қауқары жетпегендіктерін айтып ана тіліміздің ұлылығын мойындайды.Әлемнің назарын өзіне аударған мына өлең болатын:

Арқаның қызыл изеңі- Басы күрдек, түбі арал Қыдырып шалар аруана. Кәрісі кімнің жоқ болса, Жасы болар дуана. Бір сынаған жаманды Екіншілей сынама. Тіріде сыйласпаған ағайын, Құм құйылсын көзіңе, Өлгенде босқа жылама…..(М.Өтемісұлы)

Осы жағдай мен өлең жоғарыда айтылған пікірлер мен теңеулерге дәлел болары анық.

Кеңестер Одағы өз боданына алып құлдық сананы орнатқалы бері тіліміз үйірден қалып тұяғы мұқалған жетім тайдың күйін кешуде.Атамекен жері,тілі,діні үшін жан берген текті бабалардан ана тілдің қадіріне жетіп құрметтейтін,кешегі орақ ауызды би-шешен мен батыр,ақындарымыздың ізін жалғап,отын өшірмей,шоғын үрлеп кекле жатқан қоспасы жоқ таза қазақ пен,өз тілінде сөйлеуге арланатын,тілі жаңа шыққан баладай шүлдірлеп,өзге тілдің шашбауын көтеріп жүрген шала қазақтар тарауда.Екінші топтағы жандарды мен қазақылықтан көкірегі рухани нәр алмаған,ана тілдің мәртебесінің төмендеуіне үлесін қосып жүрген мәңгүрт адамдар тобына жатқызамын.Біз тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлап,егеменді ел болғанымыз бен,құлап қалған тіл мәртебесі әлі бел түзеп бойын тіктей алмауда.Осы тұста ана тіліміздің абыройын асқақтатып ,дамытудың екі жолы бар:

1. Мәжбүрлі түрде. Яғни Қазақстан Республикасында, мемлекеттік жұмысқа орналасу үшін, қандай да болмасын мамандық иесі, міндетті түрде мемлекеттік тілді жетік меңгеруі тиіс.Осыған орай арнайы заңмен бекітілген сынақ алынуы керек.

2.Бейбіт түрде,келісім бойынша. Аталмыш жағдайды жүзеге асыру үшін,әрбір қазақ азаматы,қай жерде,қандай ортада болмасын ана тілінде сөйлеулері керек.Билік басындағылардан бастап,таяқ ұстаған қойшыға дейін тек қазақ тілінде.Тілдің құқығын қорғай отырып,шала қазақтар мен басқа да Қазақстанда тұрып осы елдің нанын жеп бірақ мемлекеттік тілді білмейтін,үйренуге талпынбайтын азаматтарға, қазақ тілінде сөйлеуге жағдай,орта туғызуымыз керек. Ана тілдің тағдырына келгенде,кішіпейілділік пен қонақжайлылықты қойып,әркімнің ығына жығылмай, тек өз тілімізде сөйлегеніміз абзал.Сонда ғана құлаған қазақ тілдің мәртебесі көтерілмек.Көш соңында қалған жетім тайдың ,додаға түсер сәйгүліктей сайланып, ортамызға оралары анық.

5 стр., 2441 слов

Қорытынды аттестаттаудағы ана тілі мен әдебиетінің тақырыптары жарияланды

... қорытындысын қалыптастыруы керек. Эссеге 3 астрономиялық сағат беріледі. Қазақ тілі мен әдебиетінің эссе тақырыптары Махамбетті ... кимешек көрінсе» өлеңіндегі әже туралы ойларын әдеби туындылардағы әжелер бейнесімен байланыстыра ... жасаңыз. І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы «Бай–бай, Құлагерім!..» жоқтауындағы ақын өміріндегі ... қобызы» дастаны аңызға, тарихи белгілі оқиғаларға құрылғанын талдап жазың ...

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні кемеңгер көшбасшы елбасымыздың,қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру стратегиясында үлкен мән бар. Бұл бағытты мен қолдаймын. Ана тіліміздің латын әліпбиіне көшіру бодандықтан арылу,кемел болашаққа ұмтылу.

Қазақ тілі

Қаратаудың басынан көш құлаған,

Санада сонау есті ескі заман……

Зарын қазақ әнге сап төгілткенде,

Қой өлеңді,-демді ешкім оған….

Запыранға,зәһәрға тола бес күн,

Салқын ұрды сананы,тонады есті…

Шерін қазақ әнге сап тарқатқанда,

Өлеңді қой,-демеді оған ешкім…

Қой- демеді,қоймасы анық оның,

Себебі сөзін сертпен жанып еді…

Өлеңмен дүние есігін ашты қазақ,

Өлең-рухы,өмірі,ары да оның.

Жайласа да жүрегін шер,кейпі-мұң,

Алмады азат таңды көрмей тыным…

Өлмейтұғын өдең мен жырын айтты

Өз тілінде қазақтың өлмейтұғын…

Ертеңге ес болатын ез түрімбе?!

(Ұят күшті!)Ез болман көз тірімде…

Бабам зарын,бақытын өлең еткен,

Тәңірге жететіні Сөз түбінде…

…қазақтың өз тілінде…..