Музыка тарихының кезеңдері

Реферат

Әлемдік мәдениет ырғақтарын анықтаған соң, қазақ мәдениетіне тоқталайық. Қазақтар — Қазақстан Республикасының негізгі тұрғындары, әлемдегі жалпы саны 13 миллионнан асады, исламдық суперөркениеттің солтүстік шығыс жағын мекендейді, діні жағынан ханифиттік мағынадағы мұсылман сунниттер, Алтай тіл бірлестігінің түрік тобының қыпшақ топтамасына жатады. Бұл мәдениетті түсіну мақсатында алдымен оны кеңістік өрісі мен уақыт ағынында қарастырып, кейін қазақ мәдениетінің типтік ерекшеліктерін айқындайық. Қазақ мәдениеті еуразиялық Ұлы дала көшпелілерінің мұрагері болып табылады. Сондықтан осы ұлттық мәдениетті талдауды номадалық (көшпелілік) өркениет ерекшеліктерінен бастайық.[1] Көшпенділер өркениет Әрбір ұлттық мәдениет бос кеңістікте емес, адамдандырылған қоршаған ортада әрекет етеді. Мәдени кеңістік оқшау, мәңгіге берілген енші емес. Ол тарихи ағынның өрісі болып табылады. Мәдени кеңістіктің маңызды қасиеті — оның тылсымдық сипаты. Мысалы, «ата қоныс» ұғымы көпшелілер үшін қасиетті, ол өз жерінің тұтастығының кепілі және көршілес жатқан мекендерге де қол сұғуға болмайтындығын мойындайды. Қауымдық қатынас мекендер егемендігінен туады. Ата қоныстың әрбір жағрафиялық белгілері халық санасында киелі жерлер деп есептелінеді, яғни қоршаған орта киелі таулардан, өзен- көлдерден, аңғарлар мен төбелерден, аруақтар жататын молалардан т.б. тұрады. Олардың қасиеттілігі аңыз-әпсаналарда, жырлар мен көсемсөздерде болашақ ұрпақтарға мұра ретінде қалдырылған.

Белгілі бір парасаттылық, ізгілік, ұстамдылық, интуициялық жоғары қабілеттері жоқ адамдар қатал далада өмір сүре алмас еді. Кеңістікке үйлесімді мәдениетте адам мен табиғаттың арасында «қытай қорғаны» тұрған жоқ. Керісінше, мәдениет олардың арасындағы нәзік үндестікті (гармонияны) білдіретін дәнекер қызметін атқарады. Қазақтың төл мәдениетінде экологиялық мәселе әдептіліктік жүйесіндігі обал және сауап деген ұғымдармен тікелей байланыстырылды.

Табиғат аясындағы мәдениетті қатып-сеніп қалған, өзгеріссіз әлем дейтін пікірлер де әдебиетте жиі кездеседі. Алайда, бұл осы мәдениетке тынымсыз қозғалыс тән екендігін аңғармаудан туады. Шексіз далада бір орында тоқталып қалу көшпелілік тіршілікке сәйкес келмейді. Ол мезгілдік, вегитациялық заңдылықтарға бағынып, қозғалыс шеңберінен шықпайды. Әрине бүл қозғалыс негізінен қайталанбалы, тұрақты сипатта болады. Қуаң даланы игеру табиғатты өзгертуге емес, қайта оның ажырамас бір бөлігіне айналуға бағытталған. Яғни, адам табиғат құбылыстарына тәуелді болып қалады.

27 стр., 13008 слов

Таби и газ реферат аза ша

... ке?ейту, шы?у тарихын есте са?тау?а . «?аза? ?лтты? киімі» реферат жасау. 20 -10 info-tses.kz Неке киімдеріне ? ... айт?анда офисный киімдер кигізеді. . ескерткіш болып табылатын ?лемні? жа?а жеті кереметі ... С?укеле-келіншек киімі. Ол-бас киім ?ана емес с?н-салтанатыны?, салт-д?ст?ріні? м?дениеті мен шеберлікті? озы? ... отличалась простотой и рациональностью. Для нее . 29 +6 akmoedu.kz Реферат «Функция туралы ...

Көшпенділердің жол серігі Енді қарастырып отырған өркениеттің кеңістікті игеру құралдарына тоқталып өтейік. Бұл жерде ең алдымен көшпелілер өміріндегі жылқының ерекше бір қызметіне назар аударған жөн. Жылқыны адам еркіне көндіру арқылы адамзат кеңістікті меңгеру ісінде үлкен қадам жасады. К.Ясперстің пікірі бойынша, тағылықтан өркениетке өтуде жер суару жүйелерін жасаумен, жазудың ашылуымен, этностардың пайда болуымен қатар жылқыны пайдалана білу адамзат үшін өте маңызды болды. ( [2] . — М., 1991. — С. 71, 72).

Жылқыны пайдалана білу шектелген кеңістіктен бүкіл әлемді игеруге бағытталған қадам еді. Бұл әртүрлі мәдениеттердің сұхбаттасуына мүмкіндік берді. Әрине, бұл сұхбаттасу көптеген жағдайда зорлық-зомбылық арқылы жүзеге асқанын ұмытпаған да жөн.

Сонау көне заманнан халықтар солтүстіктен оңтүстікке, шығыстан батысқа қарай (немесе керісінше) қозғалыста болған. Белгілі болжам шумерліктердің Қосөзен аңғарына Орталық Азиядан келгенін, үндігерман тайпаларының оңтүстікке жылжып, Үндістан, Иран, Грекияға енгенін, түрік тайпаларының Кіші Азияны жаулап алғанын көрсетеді. Қытай империясы мен Үндіге көшпенді түрік-моңғол тайпалары ылғи қысым жасап отырған. Белгілі ғұлама А.Вебердің пікірі бойынша, көшпелі тайпалардың кеңістікті игеруі «халықтардың Ұлы қоныс аударуы» атты құбылысты әкелді. Бұл қазіргі өркениетгердің қалыптасуына үлкен себебін тигізді. Осы айтылғандардан адамзат тарихында жылқыны пайдалана білудің маңызы зор болғандығын көреміз.

Жылқыны кеңістікті жеңу мақсатында әсіресе, көшпелі халықтар шебер пайдалана білген. Ат пен көшпенді біріккен жан болып көрінеді. Мұны көрші халықтардың миф- аңыздарынан да анық байқаймыз. Мысалы, ежелгі грек мифологиясындағы қанатты түлпар Пегас бүкіл елді қан қақсатқан жауыз Химераны өлтіруге көмектеседі. Ал салт атты көшпенді скифтің метафорасы — кентавр Хирон өзінің досы атақты Прометейге көмек беру үшін мәңгілік өмірден бас тартады. Бұл сарынды ертедегі шумерлік жырдағы Гильгамеш пен көшпенді Энкидудың достығынан да аңғарамыз.

Атқа мінген адам жерден өзінің босай бастағанын, еріктілік мүмкіндіктерінің молайғанын және ғарышқа жақындай түскенін сезінеді. Жер-Ана оны қаншама босатқысы келмесе де, ол шексіз әлемге өзінің қадамын нық басады. Халық дәстүрінде де тәй- тәй қадам басқан нәрестенің тұсауын кеседі.

Кеңістікті игеруге көшпелілер үшін жылқыдан басқа да себебін тигізген қолға үйретілген жануарлар болған. Себебі далада тек малшылар мен үй малдарынан басқа да тіршілік иелері бар. Олардың ішінде иттің алатын орны бөлек. Қазақ «ит — жеті қазынаның бірі» деп бекерден-бекер айтпаған. Егер қой мен сиырдың өнімдерін қажеттікке жарату үшін оларды бағу жеткілікті болса, онда ит пен жылқыны баулу, үйрету керек. Бұл үлкен шеберлік пен төзімділікті талап етті. Тек сол жағдайда олар адамның көмекшілеріне айнала алады. Кейін осман түріктері бұл тәжірибені өз империясындағы халықтарды ұстап тұруға пайдаланды.

«Оттоман падишахтары, — дейді А. Тойнби, — арнайы тәрбиеленген құлдардың көмегімен өз империясын басқарды және бұл олардың империясының қуаттылығын күшейтті». ( [3] , с. 189).

Шексіз даланы игеру оны жай ғана кеңістік, жазықтық деп түсінбей, осы даланы тұтас бір континиум ретінде бағалаумен қатысты. XX ғасырда қалыптасқан этникалық аумақтар мен жағрафиялық ұғымдардың және көшпелілер өркениеті шарықтап тұрған кездегі ата-мекен түсінігінің арасында үлкен айырмашылық бар. Қазақ және басқа да түрік халықтарының мәдени мұраларынан бүкіл еуразиялық Ұлы даланың түріктердің ата қонысы деп есептелінетінін байқаймыз. Мысалы, қазақ эпосында Қырым, Қоқан, Ыстамбол, Хиуа, Алтай, Қазан, Ордос т.б. түріктердің өз жері, ал бұлардың сыртындағы Шам, Мысыр қысылғанда арқа сүйейтін тілектес елдер болып есептелген. Әрине, б9л кеңістіктік, т9тастық уақыт ағынына төуелді болған. Ӏшкі қайшылықтар шиеленіскенде жалпытуыстық сезім кейін қарай шегіндіріліп отырған. Тарихтан тек үлкен суперэтностардың (өркениеттердің) ішінде ғана емес, сонымен бірге этностардың құрамында да кескілескен қақтығыстардың болғанын білеміз. Алайда тарихи өркениеттерге аян болған кеңістіктің шекаралары туралы мәселе тек саясаттанулық емес, бүл туралы мәдениеттану ілімінде де бірнеше қарама-қарсы пікірлер бар.

9 стр., 4301 слов

Алтын адам туралы мәлімет

... түрде қалыптасқан ұсыну орны туралы, олардың тарихи процесте ғана ретінде әскери к ... бақытымызға орай, ғылым үшін, тонаушылар байқамаған бір — әрі бүйірден, яғни, ең бастысы, тіпті жерлеуге, халқымен, адам ... образдар мен сюжеттер иссыкских қазына жеткізілді жетілдіру болып табылады мәліметтердің эталондық үлгілерімен өнер ... оны өзінің назарында. Жалпы, бұл емес, тамаша: жанында Иссыком высились оның басқ ...

Музыка тарихына шолу Көшпелілердің музыкалық мәдениетінің тамыры өте тереңде жатыр. Жартастардағы суреттерден билеп жүрген адамдардың, таяққа ілінген сылдырмақтарда ойнап тұрған адам бейнелерін кездестіруге болады. Әсілі, көшпелілердегі ең көне музыкалық аспаптар — ұрмалы даңғыра, құрайдан жасалған үрмелі сыбызғы, ілмелі-шертпелі қобыз, домбыра іспеттес қарапайым аспаптар болған. Эпостардағы «адырнасын ала өгіздей мөңіреткен» деп келетін жыр жолдары өнерпаз жауынгердің садағының адырнасын іркіп- тартып музыкалық үн шығаратынын білдірсе керек. Орталық Азия, Сібір, Тибет халықтарында бүгінге дейін кездесетін бір ішекті қобыз осы музыкалық аспаптың көне түрі болуы мүмкін.

Көне Хорезм жеріндегі Қойкырылған қала деп аталатын дөңгелек бекіністен домбыра сияқты екі ішекті аспапта ойнап отырған адамдардың бейнесі табылған. Зерттеушілердің ойынша, бұл домбыраның көне түрі. Академик В.В.Виноградовтың пікірінше, қазақтың домбырасы мен қырғыздың қобызы сиякты аспап кем дегенде бүдан екі мың жыл бүрын пайда болған, қазақтың қобызы осы күнгі виолончель, скрипкалардың арғы атасы.

Музыка, музыканың аспаптар тарихын зерттеуші ғалымдардың пайымдауынша, ән түріндегі музыкалық мұра (вокалды музыка) және сарын, күй түріндегі мұраның (аспапты музыка) жіктеліп бөлінуі, бері дегенде, VI—VIII ғасырларда басталды. Ұлытау төңірегінен табылған түркі дәуіріне жататын тас мүсіннің бір бүйірінде қобыздың суреті, ал арқасында қоңыраудың суреті салынған. Қобыз бен қоңырау бақсының аспаптары. Олар қоңырау, әр түрлі сылдырмақтарды қағып жүріп би билеп, қобызбен сарын ойнап, жын шақырған. Тас мүсінде осындай бақсы бейнеленген болуы керек. Жалпы, көшпелілердегі алғашқы кәсіпқой музыкант бақсы болған. Сонау VIII ғасырда өмір сүрген, түркі әлеміне ортақ Қорқыт алғашқы шебер музыкант, күй атасы, бақсылардың пірі болып саналады.

Ауызбен үрлеп ойнайтын қазақтың қыштан жасалған уілдек деп аталатын аспабының көне түрлері ортағасырлық Отырар қаласынан, Жамбыл облысындағы Ақтөбе (Баласағұн) қаласынан табылған. Олар X—XII ғасырларға жатады.

Қорқыт ата бүкіл түркілер әлемінің сарын, күй, әуен өнерінің атасы болса, одан бергі музыка өнері әл-Фарабидің (IX—X ғасырдарда), ибн-Синаның (X ғасыр), ұлы жыршы Кетбұғаның (XIII ғасырда), Сыпыра жыраудың (XIV ғасырда), Асан қайғының (XV ғасырда), Қазтуғанның (XV ғасырда), Әбу әл-Қадырдың (XV ғасырда), Әбдірахман Жәмидің (XV ғасырда), Бұқардың (XVIII ғасырда), Нысан абыздың (XVIII ғасырда) аттарымен байланысты. Олар күйші-сазгер, жыршылар болған. Ал әл-Фараби, ибн-Сина музыка ілімінің теориясын алғаш жасаушы ғалымдар.

4 стр., 1924 слов

М а али Ма атаев М скеуде о ы ан кезе і

... сурет салуды өзіне тән өзгеше мәнер, машық танытып, көрікті құралдарын өте шебер қолданады. Мұқағали құбылтулары мен айшықтауларында қолдана – ... а не құбылысқа былай отырып, суреттеп отырған заттың не құбылыстың мағынасын үстеу, мазмұнын тереңдету арқылы әсерін күшейте қолданған. Мақатаев ... тас бұлақ тың суындай» айрықша гармонияға көшіп отырады. М.Мақатаев туған халқының ауыз әдебиеті мен жазба ...

Музыка тарихының кезеңдері

Этнограф-ғалым Ақселеу Сейдімбеков қазақтың музыкалық фольклорын бес кезеңге бөледі.

Бірінші кезең — Біздің заманымызға дейін III ғасыр мен біздің заманымыздың VI ғасыры аралығы. Бұған сақ заманынан бастап, көне түркі тайпаларының қиял-ғажайып тақырыптарға арналған күйлері, жорық сарындары, айтулы батыр, дана ару, ерге серік қанатты пырақ-ат, киелі жан-жануарлар туралы өте ертеден келе жатқан күйлер сарыны жатады. Мәселен, «Қос мүйізді Ескендір», «Көк төбет», «Көк бөрі», «Шыңырау», «Аққу», «Сарын», «Өгіз өлген», «Тарғыл бұқа», «Боз іңген», «Боз айғыр» сияқты күй-сарындар. Бұл күй-сарындар міндетті түрде аңыз-әңгімелермен қосарланып жүреді.

Екінші кезең — оғыз-қыпшақ күйлері (VI—XII ғасырларда).

Бұған Қорқыттың күйлері — «Қорқыт», «Тарғыл тана», «Ұшардың ұлуы», «Желмая», қазір аты белгісіз сазгерлердің «Абыз толғауы», «Саймақтың сары өзені», «Айрауықтың ащы зары», т. б. күйлер жатады.

Үшінші кезең — ноғайлы дәуірінің күй-жырлары (XIII—XVI ғасырларда).

Бұл кезде ауызша және әуенмен айтылатын батырлық, ғашықтық — «Алпамыс», «Қобыланды», «Қамбар батыр», «Ер Тарғын», «Едіге», «Қырымның қырық батыры», «Орақ—Мамай» сияқты жырлар туған. Дәл осы заманда Сыпыра жырау, Асан қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіздердің өлең-жырлары дүниеге келген. Осы жырлардың бәрінің шып-шырғасын шығармай сақтап қалған — тек қазақ халқы. Өйткені «Қазақ» атауы орныққанға дейінгі ортақ жиынтық атау —»ноғайлы елі» деген жұртқа, негізінен, қазақ ру-тайпалары кірген еді. Ноғайлы заманының музыкалық мұрасына «Ақсақ құлан», «Жошы ханның жортуылы», «Шора батыр», «Әмір ақсақ», «Қамбар күйі», Асан қайғының «Ел айырылған», Қазтуғанның «Сағыныш» сияқты күйлері жатады.

Төртінші кезең — Жоңғар шапқыншылығы кезеңі (XVII—XVIII ғасырларда).

Оған: «Елім-ай» әні, «Қаратаудың шертпесі», «Қалмақ биі», «Беласар», «Абылайдың қара жорғасы», т.б. күй, әндермен қатар сол заманғы қазақ батырлары жөніндегі жыр-дастандарды жатқызуға болады.

Бесінші кезең — XVIII—XIX ғасырларда және XX ғасырдың басында туған музыкалық мұраларымыз. Оған: Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Тоқа, Сейтек сияқты күйшілер күйлерін, Біржан сал, Ақан сері, Мұхит, Абай, Мәди, Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Ыбырай, Майра, Кенен, Жамбыл, т.б. әндерін жатқызуға болады.

Қазақ музыка өнерінің болмысы[өңдеу]

Қазақта би өнері ертеден дамыған. Өкінішке орай, қазақ би өнері олі жақсы зерттелдеген. Қазақ билері көбінесе би биленетін әуен, күй атымен аталып жүр. Мысалы, «Былқылдақ», «Айжан қыз», «Боз іңген», «Сәулем-ай», «Кербез сылқым», «Қос алқа». Ескі билер қатарына «Алқа қотан», «Ұтыс би», «Киіз басу», т.б. жатады.

Қазақтың әдет-ғұрыптық фольклорына «Жар-жар», «Беташар», «Сыңсу», «Жоқтау», «Бесік жыры», «Тойбастар», т.б. жатады.

4 стр., 1731 слов

Аза вальсі туралы

... айтайын деп… Сіз анада мен жайында радиодан бір музыкалы очерк оқыдыңыз. Менің композиторлық алғаш ... отырған отырысы, бос бұралған қос ішекті маржан тергендей бипаздап, шерте бастауы кербез бітімді Жүсіпбекке ... зген шығарсыз. Мың бүктетіліп, толқып жатады ол. Сол ерке толқынымен араласып, шалқып ... байсалды үнмен: Мәдениет ініңіз Алматыда қалады. «Қазақконцертке» солист боп орналасты. Бұл енді – артист! ...

Жар-жар — келін түскенде жиналған жастар, көпшілік айтатын өлең.

Беташар — жаңа түскен келінді таныстыру, күйеуінің туыстарына, ауыл ақсақалдарына сәлем бергізу, жас келінге ақыл-нақыл айту өлеңі. Оны бір адам орындайды.

Тойбастар — той басталар алдындағы тойшыларға арнап айтатын, сонымен қатар тойдың соңында әр дастарқанда отырған тойшылардың тойға арнап айтатын әні.

Сыңсу — қыздың елінен ұзатыларда елімен, қыздық ғұмырымен, туыстарымен қоштасу, мұң-шерін ақтару әні.

Бесік жыры — бесіктегі жас баланы алдарқату, уату әні. Бесік жыры арқылы бала сәби кезінен елінің әуеніне, тіліне үйренеді. Оның тәрбиелік мәні үлкен.

Жоқтау — елген адамның туыстарының фәниден кеткен адамға арнап айтатын мұңды жылау өлеңі. Оны көбіне әйелдер, қыздар айтқан. Осы аталған ғұрыптық ән түрлерінің өзіндік сөзі, әуендері болады.

Қазақ музыка өнері өзінің болмысы жағынан біртұтас дүние. Мысалы, сонау VIII ғасырдан келе жатқан Қорқыт ата күйлерінің Сыр бойында, Қаратау бөктерінде, Сарыарқа белдерінде, Ертіс, Еділ бойларында еш өзгеріссіз бірдей орындалуы қазақ музыка дәстүрінің бірлігін көрсететін сияқты. «Ақсақ құлан» күйінің Алтай мен Атырау аралығында бірдей орындалуы қазақтың рухани тұтастығын көрсетеді. Ұлан-ғайыр қазақ даласында әншілік, күйшілік өнердің өзіндік аймақтық мектептері де қалыптасқан. Мысалы, қазақтың домбыра күйлері шертпе және төкпе күйлер болып, негізінен, екіге бөлінеді. Шертпе күй Орталық, Шығыс Қазақстанда, Жетісуда, Қаратау аймағында кең тараса, төкпе күй Қазақстанның батыс өлкелерінде, Сырдың төменгі ағысында кең таралған. Шертпе күйдің өзі шығыстағы Байжігіт мектебі, Қаратау шертпелері болып бөлінеді.

Әншілік мектептері XIX ғасыр мен XX ғасырдың басындағы әншілік өнерін ғалымдар бес мектепке бөліп жүр. Бірінші мектеп — Қазақстанның орталық және солтустік өңірлеріне тән. Бұл мектепке Біржан, Ақан, Жаяу Мұса, Ыбырай, т.б. әуендері жатады. Екінші мектеп — оңтустік және Жетісу өңірі әуендері. Бұл мектепке Сүйінбай, Жамбыл, Кенен, т.б. жатады. Үшіншісі — Қазақстанның батыс өңірін қамтитын әншілік мектеп. Бұл мектеп әндері асау — тайдай тулаған қуатты, екпінді әуездер. Бұл мектептің өкілдеріне Кердері Әубәкір, Мұхит, Махамбет, т.б. жатады. Төртіншісі — Сыр бойының әншілік-термешілік мектебі. Бесінші — Шығыс Қазақстан, Монғолия, Шығыс Түркістан қазақтарының әншілік мектебі. Бұл әншілік мектептер өзара стильдік жағынан бөлінгенмен, ұлттық ортақ нақыш, әуен тұтастығымен бірлікте.

Музыкалық аспаптар Қазақ музыкалық аспаптары: ішекті, үрмелі және соқпалы болып үшке бөлінеді. Ішекті аспаптың өзі шертпелі және ысқышты болып екіге бөлінеді. Шертпелі ішекті аспаптарға: домбыра, шертер, жетіген жатады. Ал ысқымен ойнайтын ішекті аспапқа қобыз жатады.

Үрмелі аспаптарға — сыбызғы, қамыссырнай, қоссырнай, мүйіз сырнай, сазсырнай, үскірік, тастауық, керней жатады. Осы топтың ерекше бір тілді аспабы — шаңқобыз.

Соқпалы аспаптарға — дабыл, даңғыра, кепшік, дауылпаз, шыңдауыл, асатаяқ, қоңырау жатады.

Домбыра — екі ішекті, 9—14 пернеге дейін болатын шертпелі аспап. Домбыраның ішегі, пернесі ешкінің, қойдың ішегінен жасалады. Домбыраның қазақта көптеген түрі болған. Негізі көп тарағаны екі түрі. Бірінің кеудесі томпақ та, ал екіншісінікі ұзынша текше. Томпақ кеуделі домбыра, негізінен, батыс аймақта, ал шығыста жайпақ домбыра көп таралған. Домбыраның осы формаларының өз ішінде әр түрлі пішіндері де кездеседі. Домбыраның кейде үш ішекті түрі де кездеседі.

3 стр., 1455 слов

Домбыра — қазақтың жаны

... аламын да, мүлдем басқа күйлердi тартамын, домбыраға қосылып мүлдем бөтен ән айтатын болам...» дейдi А. Ивановский өз шығармасында. Даланы ... бұл ағаш. Қолымдағы ағашым - Алып жүрген домбыра. «Домбыра күнә» деген сөз Тек бiр айтқан дабыра. Пайғамбарым ... ңырау т.б. дыбыстарға елiктеуден әуен туады. «Мен далада тудым, дала менi асырады, бақты... Дала өзгерсе, бiзде өзгеремiз. Бұлттан шыққан күн қандай ...