Аза вальсі туралы

Әнуарбек Байжанбаев біраздан бері Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» ро­­­ма­нының бірінші кітабын радиодан оқи бас­таған-ды. Бүгін соның кезекті бір үзін­дісін майда қоңыр үнімен балбырата оқып, ойлана толқыған күйі студиядан шықты да, дикторлар бөлмесіне кірді. Тамағы құрғап, шөлдеген еді. Бір стакан су ішті. «Қаталатып бара жатқан неткен күн бұл?» деп орамалымен тершіген бе­­тін сүртіп, терезені кеңірек ашып, аядай бөл­меде дегбірі кетті. Ауасы тарлық етті.

Жарты сағаттан кейін оқитын тағы бір әңгімесі бар еді, ол түрегеп тұрып соған үңілді. Сәлден соң кезекші диктор келді де: – Әнаға, есік алдында сізді бір жігіт күтіп тұр, – деді.

  • Жігіт? Кім екен? – деді Әнуарбек қағаздан көз алмаған күйі.
  • Білмедім, аға, күткеніме біраз болды деді.

Әнуарбек диктор жігітке бұрылып, ойлы жүзбен барлай қарады да:

  • Онда қазір барып келе қояйын. Біреу телефон соқса мені осында дерсің, – деді, – сәл отыра тұр.

Сыртта өзді-өзі сөйлесіп біраз жұрт тұр екен. Олар Әнуарбекті көре сала қалбалақтап, бірінен соң бірі сәлем беріп жатыр. Бір кезде талды көлеңкелеп, бұлардан оқшау тұрған қараторы сы­лың­­ғыр жігіт ұяла күлімсіреп, өзі­не таңырқай қараған Әнуарбекке жақындады. Әнуарбек сезді де: – Мені бір інішек күтіп тұр деп еді, – деді жылы шыраймен жымиып.

  • Мен едім, аға. Сәлеметсіз бе? – деп бейтаныс жігіт қымсына иіліп, сәлем берді.
  • Сәлемет пе, інішек… Айып етпе, танымадым.

– Мен де сізбен бірінші рет жүздесіп тұрмын. Сіздей «Қазақтың Левитанын» білмейтін жан бар ма, Әнаға! Сырты­ңыздан білем. Семейден келіп едім. Өзіңізбен танысып, рахметімді айтайын деп… Сіз анада мен жайында радиодан бір музыкалы очерк оқыдыңыз. Менің композиторлық алғашқы қадамымды эфир арқылы жақсылап тұрып таныстырдыңыз.

Әнуарбек жөпелдемеде есіне түсіре алмады. Радиодан оқылып жатқан әңгіме, хабарлар, очерктер көп-ақ, оның қайсыбірі жадыңда сақтала береді. Сыпайылық үшін амалсыз басын изеп, қысыла сөйлеген ізетті жігіттің сөзін мақұлдап, қоштап тұр.

  • Мен сол Бекен ініңіз едім.
  • Қай Бекен? Жамақаевсың ба? – деп Әнуарбектің үні оқыс саңқ ете түсті.
  • Иә, Жамақаевпын.
  • Бәрекелді! «Бекен Жамақаевпын!» деп бірден айтпайсың ба? Бұрын көрмеген соң қайдан білейін.

Жақсы, жақсы… келгенің жөн. Міне, енді таныстық, айналайын.

  • Сізді көргеніме қуаныштымын, аға.
  • Елің аман ба, Бекен? Семей біздің ел ғой, соңғы жылдары жолым түспей-ақ қойды. Көп болды бармағалы.
  • Семей – бүгінде үлкен қала, Ертіске өзгеше сәулет беріп, күннен-күнге бой түзеп, кеңейіп, көркейіп келеді, Әнаға.

Әнуарбек: «иә, иә» деп, сағатына қарады.

12 стр., 5546 слов

Эссе абай жолы романы

... Мүсіреповке бір соғып өткен жөн. Асылы, Мүсіреповтің «Абай» романы туралы» деген сын мақаласы — әдеби шығарманы эстетикалық талдаудың ... -қабатта, шытырманда, бел-белесте, өрде, қияда» болып шығады да, Құнанбайдың жолы — «қияда, өрде, бел-белесте, шытырманда, қат-қабатта, қайтқанда» болады. ... кете барамыз ба?» — деді. Сол күннен бастап екі кеште ол бір баспа табақтай етіп өзінің роман жөніндегі, бар жұ ...

  • Сізбен бір сәт сұхбаттасып отырсам ба, деп… «Есік» қонақ үйіндемін, – деп Бекен қипақтап, әр сөзін үзіп-үзіп зорға айтты.

Әнуарбек ойланып қалды.

  • Білем, уақытыңыз тар. Сізге тыңда­т­атын әндерім бар еді. Баянымды да ала келіп ем… Өзіңізге орайлы уақытты айтсаңыз, аға.

Бекеннің жібектей сызылған ұяң үні Әнуарбекті еріксіз иліктірді. Кісі көңілін қалдырмайтын кішіпейіл, аңқылдақ жан:

  • Жақсы, Бекен, қазір оқитын тағы бір әңгімем бар. Содан кейін қолым бос. Кәне, менімен бірге жүр, – деді.

Бұлар ішке кіргені сол еді, Бекен бір таныс музыканттарды кездестіріп, олармен шүйіркелесе сөйлесіп, бөгеле берді. Әнуарбек студияға кетті.

Көп ұзаған жоқ, жарты сағаттан кейін Әнуарбек әңгімесін оқып бітіп, Бекен екеуі «Есік» қонақ үйіне келді.

Бекеннің бөлмесіне кеп жайғасқан соң да Әнуарбек: – Алматыда бұрын-соңды мұндай тымырсық ыстықты көргем жоқ; шыдай алмай, тастай суды ішесің кеп, іше бересің, тамақ іседі… оқитын дүниең көңілден шыға ма, шықпай ма, дауысың қырылдап тұрғанда, – деп, терезенің қос жақтауын айқара ашып тастады.

Сөйткенше болған жоқ бөлмеге:

  • Ассалаумағалейкүм, Әнаға! – деп бұйра шашты, кең иықты, қызыл шырайлы жігіт жайраң қағып, кіріп келді.
  • Әлейкүмүссалам! – деді Әнуарбек, қол беріп амандасып.

– Айттым ғой мен, Әнағаң қалайда келеді деп, ал, сен бетіңнен бетмоншағың төгіліп, құр босқа тартына бересің, Бекен. Әнағаң көптің адамы, кейбіреулер сияқты паң көкірек емес. Тәкаппарлығы жоқ, ал, Әнаға, отырыңыз… отырыңыз, – деп келген жігіт ә дегеннен дуылдатып, еңсеріп барады.

Бекен күлімсірей таңырқаған Әнуарбекке: – Әнаға, өзіңіз радиодан «Халық әні «Сұржекей», орындайтын Мәдениет Ешекеев» деп талай рет концерт жүргіздіңіз. Сол Мәдениетіңіз. Осында екеуміз бірге жатырмыз, – деді.

Әнуарбек үнсіз бас изеп, жылы сезіммен жымиып қойды.

– Бекен, мені алғаш рет Жүсіпбек Елебеков ағамен таныстырған Әнағаң ғой, – деп Мәдениет лып-лып етіп, кішкене үстелге дастарқан жасай бас­тады. – Семейдің сары даласында өз бетімше әндетіп жүрген мендей бейбақ Жүсекеңдей ән піріне жолай ала ма, тегі? Әнағаңның арқасында Жүсекеңнің тәрбиесін көріп, әндерін еміп жатырмын, еміп жатырмын.

Әне-міне дегенше осылайша әр-қилы сыр шертіліп, бұлар бір-бірін тосырқамай, тез тіл табысып кетті. Сөз арасында Мәдениет білдірмей ғана Бекенге бір-екі рет ым қақты. Бекен оның ол дітін түсінсе де үндемеді.Мәдениет тыпырши бастады. Кереуеттің үстінде жатқан баянға, домбыраға жалтақ-жалтақ қарады. Бекен оның сабырсыздығына амалсыз басын шайқады да: – Әнаға, Мәдениет ән салып берсе, – деді, амалсыз көніп.

Мәдениет Әнуарбектің әлгі сөзін бек түсініп, домбырасын алды да, құлақ күйін тез келтірді. Паң көкіректене керіліп отырған отырысы, бос бұралған қос ішекті маржан тергендей бипаздап, шерте бастауы кербез бітімді Жүсіпбекке қатты ұқсады. Сезім қылын діріл қақтырған ойлы шертіс бірте-бірте күшейе түсіп, қуатты жүректің отты лебін сездірді. Жүректі суырып ала жаздайтын мұндай уытты тебіреніс тек қана Жүсіпбекте бар еді. Соны Мәдениет өз бойына қалай дарытқан, құдай-ау, мына бір жүрек сыздатып бара жатқан ән Мәдидің ызалы лебі ме? Сол… сол ғой! Әнуарбек шертіле бастаған әнді айнытпай таныды:

11 стр., 5149 слов

Реферат детская казахская литература

... себе самом и о коллективе [Приложение 4]. Глава 3. Становление личности в казахской детской литературе 3.1 Процесс формирования личности в произведениях Б.Сокпакбаева «Меня зовут Кожа» и «Путешествие ... выполняет роль контраста. Тепло, солнечно: «исчезли лужи», «выползла травка», «распустившийся лист роняет на землю сквозную тень». Этой радостной картине противопоставлен Санька - «палач», у которого ...

Атыңнан айналайын, Қарқаралы,

Сенен бұлт, менен қайғы тарқамады…

Мәдиді қажытқан тұнжыр мұң, айықпас наз-нала. Жүсіпбек осыны жаны жаралы халде ызалы үнмен, жүректі діріл қақтырып, мойымайтын, өршелене түсетін мықты қажырмен аян ететін еді. Мәдениет те солай толғауға бар күшін салды. Ол ширыға бұлығатын ащы ырғақты шашау шығармай, іштегі қайнаған ашуды шамадан тыс бұрқатып алмай, дәл осындай сәтте тастай қата сіресіп, Мәдидің дәл өзі боп буырқанатын Жүсіпбекше жойқын қайраттың қуатын танытты. Әннің ашық үнмен сұңқардай саңқылдайтын қайырмасын бөгемей, шығандата шарықтатып, еркін әуелетіп, алыстан қайырды. Бұл пәрмен, бұл жігер, тек Мәдиге тән еді, Мәдиге! Селт етпей тыңдаған Бекен ойға шомған Әнуарбекке ұрлана қарап қояды. Мәдениет «Қар­қа­ралы» орындалып біткен соң ішкі демігін зорға басып, домбырасын бос бұ­рап, салқын жүзіне бірте-бірте жылы­лық нұры тарап, «Сұржекейдің» би­паңдаған шуақты шертісіне ойыс­ты. «Беу, шіркін!» дегізіп «Сұржекей» елжіретті. Әнуарбек ой үстінде. Екі ән­нің екі түрлі әсерімен әлек. Біресе тұн­жырайды, біресе езуінен шуақты сезімнің дірілі сезіледі. «Сұржекей» орындалып біткенде жүзінде алабұртқан шабыт оты дуылдаған Мәдениет сөйлей жөнелді:

– Біз әлі шәкіртпіз, Әнаға. Манарбек Ержанов, Жүсіпбек Елебеков, Мағауия Көшкімбаев… біздерді болымсыз, өресіз әндерден сақтайтын осы кереметтер аман болсын. Жар құлағымыз жастыққа тимей жүріп, сол кісілерден ғибрат ала білсек… онда біздің де шалағай әнші болуға хақымыз жоқ!

Әнуарбектің аузына сөз түспеді. Жүзі толықсып, тек басын изей берді. Мәдениет домбырасын жай шерткен күйі Бекенге көз тоқтатып:

  • Кезек саған келді, – деді.
  • Иә, Бекенжан, өзіңнің бір әніңді, – деді Әнуарбек те қым-қуат ойдан елең еткендей боп.

Бекен жай ғана күлімсіреді.

– Бекен жүрегі тұнып тұрған сырлы сезімді лирик, Әнаға. Өзі қыз мінезді, сондай ұялшақ. Қыздай сызылып отырып баянды лыпылдатып тартқанда тілім байланып, үнім шықпай қалады. Орыстың ескі вальстерін шалқытқанда мына жайнаған дүниеге ынтық көзбен қарап, бір құмарлық сезім өзіңді әлде­неге ұмсындырып, әлдеқайда алып кетеді, Әнаға.

Бекен Мәдениеттің жепілдете мақта­ған сөзінен қысылғандай боп:

  • Әнағаң қайдан білсін, күннің ыстықтығы маған ыңғайсыздау тиіп жүр. Ауа тар, қапырық, – деп күмілжи сөйлеп, орнынан тұрды да кереуеттің үстінде жатқан баянын алды.
  • Бекеннің алғашқы әндерін білесіз, Әнаға.

Осында келгелі бері тыңдадым, тағы бір вальс жарқ ете түскен секілді,– деді Мәдениет.

Бекен «оны бекер айттың» дегендей басын шайқап, мырс етті де: – Ол әннің әзір сөзі де жоқ. Нұтфолла Шәкенов ағай­ға жаздыратын шығармын, – деді, жай ғана.

  • Соны ептеп ыңылдап… – деп Мәдениет те қоймай қойды.

Бекен кебірсіген ерніне орамалын тигізе беріп, қатты жөтелді. Жөтелді де ауызын басқан күйі қып-қызыл боп булығып, көзі қызылжиектене жасаурап, қоладай жарқыраған жазық маңдайы тырысып, үнін шығармады. Сұлу бітімді көркем жігіттің көз алдында мұншама әбігерге түскені Әнуарбектің де дегбірін қашырды. Мәдениет сасқалақтап Бекеннің иығынан демей берді.

12 стр., 5623 слов

Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасының көркемдік қабаты

... қының рухани мұрасы,қазынасы ақынның шығармалары. I тарау Батыр Баян поэмасының тарихи-сюжеттік негізі Өткен жиырмасыншы ғасырдағы ұлттық поэзиямыздың ... шығармашылық еңбегінің үлгісі бола алады.Мысалы, ақын Батыр Баян поэмасын жазуда Шоқан Уалиханов деректеріне сүйене отырып, тарихи шындық ... жасалынып, және әрдайым қозғалыста дамып отыратын мәдениет пен тарих саласындағы объективті баға. Егер біз Мағ ...

Бекен сол төмен шүңиген күйі орамалын аузынан алмай:

– Ақ Ертісті білесіз, Әнаға. Ақ айдынында талай жүзген шығарсыз. Мың бүктетіліп, толқып жатады ол. Сол ерке толқынымен араласып, шалқып өстік. Кейде толқын үстінде қанат біткендей шағаладай елпең қағып, жеп-жеңіл тербеліп жүрем. Толқын көтеріп әкетеді, мені. Сонда маған Күн де, Ай да, бәрі де… бәрі де жақын. Бәріне созсам қолым жететін сияқты. Бәрі менің алақанымда тұрғандай. Бұл пенде бақыт деп бас қатырып, сол үшін тауқымет көтереді. Сол бақыт маған толассыз ағылған Ертістің суындай шексіз дүние боп көрінетіні бар, – деді.

Бекен орнынан тұрып, теріс айнала берді де қызына, шабыттана сөйлеген күйі жуынатын бөлмеге шығып кетті. Мәдениет дел-сал боп жабырқап отырып вальс ырғақты бір бейтаныс әуенді шертті. Әнуарбек үнсіз тұнжырады.

  • Бекеннің майда қоңыр дауысы бар, Әнаға, жайлап қана сезіммен айтады. Кешелі бері өзі толқу үстінде жүр;
  • өзімен-өзі болсын деп жеке қалдырып ем. Қу жөтел қыр соңынан қалмай… – деп ыңғайсыздана қобалжыған Мәдениет жаңағы бір сәтті жуып-шайғысы келді.
  • Әнаға, ғафу етіңіз, тамағым қырнап…
  • Ештеңе етпейді, Бекенжан, әнді естиміз әлі.

Бірақ, байқашы, жаным, ыстық күндегі жөтел… – деді Әнуарбек, тілі күрмелгендей боп.

Сонан соң өз-өзінен қуыстанып, бүгежектеп Бекенге тура қарай алмады.

Бекен әлі де болса ентіккенін білдіргісі келмей, байсалды үнмен:

  • Мәдениет ініңіз Алматыда қалады. «Қазақконцертке» солист боп орналасты. Бұл енді – артист! Мен ертең елге қайтам. Енді лажы болса мұнда жиі келіп тұрамын, Әнаға, – деді, сәл бөгеле беріп. – Ертістің қадір-қасиетін осылайша сыртқа шыққанда білем. Иә, шыға бере сағынамын. Қайтуға асығамын.Ертістің арайлап ататын алтын шапақты таңдарын айтыңыз, таңдарын! Торғын тоғайы боз мұнарға бөгіп, жылға-жылғадан күмістей жылтырап, шолпыдай сылдырап мың сан бұлақ ағады;
  • бұлбұлдары сайрайды;
  • ұлы тіршілік таң нұрына балқып, исініп, тамылжып тұрады. Сонда мен өзімді сол жәннат дүниесінің еркесіндей сезінемін. Мені еркімнен тыс бір нәрсеге еліктіріп, желпінтіп әкетеді. Мен Генриеттасының сұлулығына шаттанған Иоганн Штраус бола қалам. Оның «Көгілдір Дунайы» маған көгілдір Ертістей көрініп, көк толқынмен жарысып, шарқұра шалқып, тасып кетемін. Штраус көгілдір Дунай бойында Генриеттасымен биледі;
  • менде бір аяулы жан бар еді. Аяулы жан! Штрауста Дунай болса, менде де ақ Ертіс бар еді. Ақ Ертіс!

Бекеннің көзінен нұр төгіліп, бір ләззатты сырға бата берді… баянын алды да екі-үш аккордты сыпырта басып өтті, салалы саусақтарының астынан вальс ырғағы төгілді. Керілген кербез толқын жүрек шымырлатты. Мәдениет: – Жаңа шығарып жүрген вальсі, бұл – деп сыбырлады, Әнуарбекке.

Осы бір жан толқытар ләзатты сәтте үшеуі рахаттана шәй ішті.