ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Орындаған: Садақбаев А. С.
Тексерген: Сабырбаева Р. К.
Семей 2015
Қ.Жұмаділовтің «Дарабоз» романының көркемдік-идеялық ерекшелігі
Қ.Жұмаділовтің «Дарабозы” – ХVІІІ ғасырдағы қазақтың Отан соғысының
«Тағдыр” мен «Прометей алауы” – сәл бертініректегі оқиғалардың, «Соңғы көш”
- ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы оқиғалардың тарихи шежіресі екендігіне
ешкім де дау айта қоймас. Сонда оқырман алдынан үш дәуірдің, үш кезеңнің
алапат оқиғаларының панорамасы ашылады. Үш романның үшеуі де халық
тарихының, дәуір шындығының айнасы іспеттес. Қ.Жұмаділов аталмыш
туындыларында жеке тұлғаларды даралай білді, егер тарихтың қозғаушы күші –
халық екені рас болса, сол халықты бастайтын серкесі бар емес пе?
Қаламгерді толғантқан осы жайттар еді, нәтижесінде Қабанбай, сондай-ақ
қазақтың ұлы ханы Абылай, батыры Бөгенбайлар тұлғасы оқырманға жол тартты.
Бірде ойлантқан, бірде толғантқан, бірде мұңайтқан, бірде қиялыңды
шарықтатқан нәрсе – жазушы бойындағы дала табиғатының, сол даланың еркін
перзенттерінің қайсар мінезі… Жазушы тағылымы әр жұмыр басты пендені өзін-
өзі тануға итермелейді, мынау жалпақ жер бетіндегі Адам деп аталатын
тіршілік иесі өзін-өзі таныса, өз іс-әрекетіне есеп беріп отырса, зұлымдық
қайдан келеді – деген сауал төңірегінде толғаныс жасауға шақырады.
Аға буын өкілі І.Есенберлин, өз замандастары Ә.Кекілбаев, М.Мағауин,
С.Жүнісовтер сияқты Қ.Жұмаділов те Әуезовтің шеберлік мектебінен үлгі-өнеге
алды, Әуезов тағылымы, Әуезовтің азаматтық, адами нар тұлғасы, кісілік
келбеті, ұшан-теңіз білімпаздығы, кең құлашты эпикалық серпіні ол үшін
таным мектебі, адастырмас темірқазығына айналды. Әуезов тағылымы
қаламгердің қаламынан туындаған Қабанбай, Демежан, Абылай хан, Қанағат би,
Нартай, Төле би, Бұқар жырау, Естай, Жолбарыс, Ұзақ, Атаханов, Қылышбаев,
Түктібаев, Бибі, Ши-амбы, Матен – амбы, Әмірсана, т.б. кейіпкерлердің
дүниеге келуіне, шебер қолмен мүсінделіп, ұлттық әдебиеттегі образдар
галереясының толығуына алғышарттар жасады. Адам табиғатын зерттеудегі
жазушының көркемдік ізденістер жүйесі, стильдік даралығы философиялық ой-
Пушкин реферат қазақша
... а дайындала берді” (Т.8, 120-121-б.б.). Кітаптың осыдан кейінгі жолдарында Пушкин қазақтардың сонау ертедегі өткеніне, қалмақтармен қарым-қатынасына да к ... де болар, бірақ ол өз еңбегінің өне бойында қазақ даласы, қазақ халқы тақырыбына үнемі соғып отырады, сол жылдардағы ... шығыс жағалауларын зерттеуге жіберіледі. Сол жылдың жазында Петербургке шақыртылып алынып, оған жаңа тапсырмалар жүктеледі. 1834 ...
толғаммен шебер ұштасқан. Қаламгердің өз сөзімен айтсақ, «жазушы
құдіреттілігі санаңда мықтап орын алған, алайда кешегі уақыт аясында қалған
оқиғаны бір сәтке кідірту, қайта тірілту” болса, тарихи оқиға, құбылыстар
бар шындығымен, дәйектілігімен оқырман таразысына түседі.
Қ.Жұмаділовтің Дарабоз романындағы мақал – мәтелдер қолданысы
Тіл өз халқының мәдениетін, өркениетін, әлеуметтік құрылысын,
дүниетанымын бейнелеп қоймай, келер ұрпақты қалыптастыруда маңызды және
шешуші рөл атқарады.
Тілдің осы паремиологиялық қорында ұлттың мұң-мұқтажы мен
тұрмыстық жағдайлары көрініс табады. Себебі, мақал-мәтелдер халықтың рухани
өмірімен, өткен тарихымен тығыз байланысты және мақал-мәтелсіз тілдегі
ұлттық нақышты, дүниенің тілдік бейнесінің ұлттық ерекшелігін толық
сипаттау мүмкін емес.
Бүгінгі күнде халықтың алтын тұғыры, рухани-мәдени қазынасы
ретіндегі тілді зерттеудің жалаң түрдегі лингвистика ғылымының зерттеу
ауқымы кеңейіп, өркені өсіп отыр. Оған себеп: тілдің өз бойында бүкіл
тарихты, төл мәдениетті, ұлттық таным мен талғамды, мінез бен көзқарасты,
сана мен салтты, дәстүр мен даналықты, сенім мен нанымды сақтап, берік
тұтуында. Басқаша айтқанда, әр тіл — өз ұлтының бойтұмары іспетті тұнып
тұрған қасиетін белгілейтін таңбалық жүйе. Осымен байланысты тілдік жүйенің
құрылымдық бірліктері тек дәстүрлі лингвистиканың ғана емес,
этнолингвистика, социолингвистика, лингвомәдениеттану, психолингвистика,
когнитивтік лингвистика т.б. ғылым салаларының зерттеу нысанасына айналып
отыр. Сондықтан да қазіргі тіл білімінің антропоцентристік бағытына сәйкес,
ол — әр халықтың ұлы мұрасы, ұлттық тарихи жетістігі. Тілдегі мақал-
мәтелдер — мәдениетті тану кілті, рухани және материалдық мәдениеттің
қалыптасуына қатысатын үлкен күш, мәдени ескерткіш, ұлт өмірінің айнасы. Ол
мәдениеттің жалпы сипатын анықтайды, негізгі ақпаратты жинайды, сақтайды
және жеткізеді. Осыған сай тіл әрбір этностың мәдениетінің өзгешелігін,
екінші жағынан, тіл шеңберінде мәдениеттің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуын
қамтамасыз етеді. Тіл, сонын ішінде мақал-мәтелдер, қазіргі, келер ұрпақты
үлкен бір тарихи арнаға, бүтіндікке байланыстырады.
Белгілі ғалым Ә.Қайдар мақал-мәтел туралы былай дейді: Қазақ
мақал-мәтелдерінің халықтың өткен өмірі мен бүгінгі болмысын танып білуде
дүниетанымдық, логикалық, этнолингвистикалық жағынан мәні өте зор. Себебі,
дүниеде, қоғамда, табиғатта қалыптасқан құбылыстардың бәріне мақал-
мәтелдердің қатысы бар. Дүние болмысының өзінде о бастан-ақ қалыптасқан
табиғи реттілік бар. Ол реттілік барша заттар мен құбылыстарды үлкен үш
салаға топтастырып, ішкі жүйесі мен мағынасына қарай шоғырландырып
қарағанда ғана көрінеді [1,264]. Сондықтан академик Ә.Қайдар оларды шартты
түрде Адам, Қоғам және Табиғат деп атауды ұсынады. Былай үш салаға
бөліп қараудың ұстанған принципі – барлық құбылысты түгел қамту дегендік
деп түсінеміз.
Мақал-мәтелдің табиғатына тән ерекшеліктердің қатарына, ең
алдымен, олардың жанр түрінде іштей жіктелуін, өмір-тіршілігіміздің сан-
«?аза? тілі — м?дениетті тіл» атты
... ?рбір азаматы мемлекеттік тілді анасындай аялап, ?ор?ау?а міндетті. Просмотр содержимого документа «"?аза? тілі - м?дениетті тіл" атты эссе » Қазақ тілі- мәдениетті тіл. Адамдардың бір- ... азақ тілі қазақ ұлтының құралуы мен бірге қазақ халқының ұлт тілі болып қалыптасты. Ұлттың өмір сүру кепілі- ұлттық тіл. Қазақтың ана тілі – қазақ халқына ортақ, бәріне бірдей түсінікті, біртұтас тіл. Ұлттық тіл ...
саласын қамтитын көп тақырыптылығын жатқызуға болады. Сондай-ақ, мақал-
мәтелдер өзінің өте көнелігімен де, ғасырлар асып, бізге жеткен өзіндік
дәстүрімен де ерекшеленетін, ой мен тілдің өзара түйісуі негізінде дүниеге
келіп, жанр, қалыптасқан құбылыс ретінде де назар аударады. Осы
ерекшеліктеріне байланысты мақал-мәтелдер ауыз әдебиетінің әрі көркем сөз
өрнегі, үлгісі, көркем мәтіннің тілі ретінде лингвистиканың зерттеу
объектісі бола алады. Өйткені мақал-мәтел табиғаты халқымыздың барша
болмысымен қат-қабат астарласып жатыр, мақал-мәтел жасаудың принциптері мен
мотивтік негіздері ұлттық менталитетке, ежелден қалыптасқан салт-дәстүрге,
дүниетанымға, болмыстағы заттар мен құбылыстарды абстракция, салыстыру,
ұқсату, теңеу, қарама-қарсы қою т.б. тәсілдер арқылы танып-білуге ыңғайлы
объект болып саналады .
Алайда, бұлардың бәрін айқындау, ғылыми тұрғыдан зерделеу тек
жүйелі түрде, белгілі бір ізділікпен қарастырғанда ғана нәтижелі болмақшы.
Бұл — ғылыми зерттеудің басты принципі мен тәсілі болып саналады.
Түркі халықтары мақал-мәтелдерді аталар сөзі, даналық
сөздер, нақыл сөздер, ақыл сөздер деп атап, Ақылың бар ма — ақылға
ер, ақылың жоқ па — нақылға ер, Атаңның сақалына қарама, айтқан мақалына
қара, Мақал — мәтел маржан сөз деуі — халықтың берген әділ бағасы.
Мақал-мәтелдер айтылатын ойдың бағытына қарай — тоқсан ауыз
сөздің тобықтай түйінін білдіріп, тыңдаушысына ой салады.
Демек, бүгінгі қазақ халқының ауыз әдебиетінде сақталған және
толассыз толығып, дамып бізге жеткен мақал-мәтелдердің тамыры мен жасалу
тәсілдері тереңде жатқан, бастауын сонау көне замандардан алған құнарлы да
өзіндік ерекшелігі мол жанр санатына жатады. Мақал-
мәтел, ауыз әдебиетінің басқа кіші жанрысияқты, дайын күйінде қолданылатын
туынды және жұртқа берер тәлім-
тағылымы мол, логикалық жүйеге құры лған өзіне қатысты объектілерді бей нелер
(образдар)арқылы суреттейтін құнарл ы тіл байлығы. Сондықтан, мақал-
мәтелдер де тіл тұрғысынан зерттеуг е тиісті қызықты да өзіндік ерекшел іктері
мол күрделі мағыналықбірлікке жата ды. Сондай-ақ мақал-
мәтел табиғатына тән бұл ерекшелект ердің бәрі этнотілтаным,
лингвомәдениеттаным, психолингвистика, когнитивті лингвистика тұрғысынан
зерттеуді талап етеді.
Жазушының басты құралы көркем тіл мен бай қиял. Осы екі құрал
бірігіп, қай-қай заманның болмасын көзге елестеп, көңілге ұялар әсерлі бір
суретін жасайды. Паримеолог ғалым Ә.Қайдар өз еңбегінде мақал-
мәтелдерді Адам, Қоғам, Табиғат — салаға жататын тақырыптық
микротоптарға бөлген. Адамға, ағайын- туысқа қатысты
Оған себеп болғанда – ағайын арасындағы күндестік, билік, бедел
бәсекесі. Ағайынға қадірім жоқ – бетімді көреді, қатынға қадірім жоқ
етімді көреді депті ғой бағыда бір дәнішпан(Дарабоз, 8 бет).
ағайының алдында ұяттымын, кінәлімін деген мағынасында
Айыпқа бұйырма, қадірлі би! – деді Абылай басын сәл иіп.-
Кезінде айтылмаған сөздің әкесі өледі (Дарабоз,24 бет).
яғни әр нәрсенің уақыты бар, уақыт өткен соң әр бір заттың я нәрсенің құны
Улы сімдіктермен улан анда ы жа дай
... созылмалы қабынуына; кеуде толып, тынышсызданып ауырғанда; жүрек шаншып ауырғанда; емшек безінің шұ-ғыл қабынуына; ж ... рі ретінде пайдаланады. Жөтелгенде түбірін аршып ауызға салады. Жербауырсақ. Жусанға, басқа ... айында бұтақшаларын, жапырағы мен гүлін жинап алады. Ол – улы өсімдік. Халық емшілері адыраспанды ... ң шудасын, тарамысты да пайдаланыпты. Бір рет Шәуешек жақтан бір қарт емші оның үйіне келіп ...
жоғалады.
Cонымен бірге тіршілікте –жерің кең болсын, өлгенде көрің кең
болсын деген бұрынғылардың өсиетін де ұмытпаған жөн (Дарабоз, 41 бет).
Х алыққа,елге қатысты.
Тіпті хан, сұлтандардың арасында қайраты басым,шайқасқа шайлықпай шыға
алатын, жеке басының ерлігімен танылған Абылай, Барақ ,Әбілқайыр секілді
бірен – саран ержүрек батырлары болмаса, құр ақсүйек атын жашынып жүрген,
бай болып елге пайдасы тимеген, батыр боп жауға найзасы тимеген былайғы
көп төрелерді жұрт қазір көзге іле қоймайтын (Дарабоз, 9 бет).
ешкімге көмегі тимеген, қайырсыз, халыққа пайдасы тимеген деген мағынасында
Сонымен қорыта айтқанда Қабдеш Жұмаділов романында (Дарабоз)
мақал-мәтелдерді авторлық афоризмдерге қарағанда көп қолданылады. Бірақ
жазушы тарихи деректерді тілге тиек ете отырып сол заманның ойын,
көзқарасын ашу мақсатында қолданылады.
Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» роман-диологиясының көркемдік-идеялық
ерекшелігі
Қазіргі замандағы әдебиетте әжелер мен аналар жайында қалам тартқан
жазушылар ішінде Шерханның алатын орны ерекше. Оның шығармаларындағы
басты ерекшелік: адам баласының жан күйзелісін, ыза мен