Журналистиканың функциялары

І.тарау. Журналистиканың функциялары 5

1.1 Идеологиялық функция 5

1.2Тікелей ұйымдастырушылық функция 8

1.3.Мәдени-ағартушылық функция 11

1.4 Жарнамалық-анықтамалық функция……………………………………………………… 13

1.5 Реакритивті функция 17

ІІ.тарау Журналистика функциясының бүгінгі көзқарасы 19

Қорытынды 24

Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 28

І Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Журналистика – шығармашылық. Журналист – ешқашан бір жазғанын қайталап жазбайды, бір айтқанын сол қалпында бұлжытпай қайтадан айтпайды. Сондықтан да, теориялық деңгейде қабылдаған білімді тәжірибе жүзінде игеру үшін аудиториядағы дәрісті лабораториялық сабақтармен қатар өрбітіп, шығармашылық процесс ретінде пысықтап қою жеткіліксіз. Сонымен қатар, болашақ журналистер кәсіби маман ретінде қалыптасу үшін өндірістік журналистикадағы өрісіндегі кәсіби дағдыларды тәжірибе жүзінде меңгеру мүмкіндігіне қол жеткізуі керек. Сол қисындардың бәрі есепке алынған жан-жақты дамып жетілген оқу бағдарламасы болғанда ғана студенттің өз жүрек қалауымен таңдаған мамандығына деген ынта-ықыласы артып, сол пәнге ерекше зейін қоюына жол ашылмақ. Соның нәтижесінде ол университет қабырғасында жүріп өз мамандығының өмірдегі қолданыс аясынан, іс жүзіндегі тәжірибелі тәлімдерінен, дүниежүзілік деңгейдегі жаңашыл бағыттарынан хабардар болуына қол жеткізбек. Демек, болашақ мамандықтарын тәжірибе жүзінде көзбен көріп, қолымен ұстап, белгілі бір дәрежеде сол іспен тікелей шұғылдану олардың қазіргі таңдағы қажетті сұранысына айналып отыр деген сөз. Осыған қарай қазіргі қоғамдағы журналистиканың басты міндеттерін анықтап, қарастырамыз.

Ғылыми әдістемелік негізі-П. Прохоровтың «Введение в журналистику» оқулығына сүйіеніліп жазылды.

Осы еңбекте журналистиканың алты басты қызметін анықтайды.

Біріншіден, журналистика саласында өзара ақпараттық ықпалдасудың негізгі де басты міндеті-яғни бұқаралық аудиториямен, әлеуметтік институттармен байланыс орнату. Сондықтан журналистиканың табан тірер функциясы–коммуникациялық (лат. communication – хабарлама жолы, байланыс пішіні) функция. Бұл қызмет түрі пікірлесуге контакт орнатуға арналады. Бір қарағанда таза техникалық термин болып көрінетін «коммуникация» ұғымы ақпараттық мән-мазмұнмен толыққан кезде, жаңа сипатқа ие болады. Көп ретте журналистиканы бұқаралық коммуникация құралы, mass media дейтіні де сол себептен.

Екіншіден, журналистің қоғамдағы « төртінші билік» ретіндегі ұйымдастырушылық қызметін атап өту қажет.

5 стр., 2194 слов

Функции культуры

... чувствие и сопереживание «чужим» горестям и радостям. 2. 5. Интегративная функция культуры, Интегративная функция культуры Тем не менее в последнее время в связи с процессами ... культурной преемственности, связь народов, эпох и поколений. 2. 4. Коммуникативная функция культуры коммуникативная функция невербальным средствам коммуникации Сам процесс коммуникации очень сложен. Информация вначале ...

Үшіншіден, идеологиялық әлеуметтік бағдарлаушы ретіндегі, яғни аудиторияның дүниетанымына, көзқарасына терең әсер ете алу қызметі.

Төртіншіден, қоршаған ортаны тану, құндылықтарды анықтауда бағыт-бағдар беру, жеке тұлғаны әлеуметтендіру, ағарту және тәрбиелеу, мәдениет тарату сияқты функциялары да ауызға алынып жүр. Сонымен қатар оның қоғамдық процестерді реттеу және қадағалау, азаматтарды әлеуметтік жағынан қорғау және әрбір адамды кәделік мәліметпен қамтамасыз ету секілді қырлары да бар.

Бесіншіден, жарнамалық қызметі. Бұқаралық аудитория мен әлеуметтік институттардың ақпараттық сұраныстарына сай олардың өмір сүруін қамтамасыз ету. Барлық қырларынан алғанда, қоғамда болып жатқан барлық жағдайлармен таныстыру.

Алтыншыдан, рекреативтілік қызметі. Компенсаторлық (өтемдеу) бағасын, тонусты (лат. tonus – ширығу) түзеу қызметін (көңіл көтеру, дамылдату, сергіту) жоққа шығаруға болмайды. Міне, осылардың бәрінің де журналистика қызметіне қатысы бар.

Аталған функциялардан бөлек журналистиканың әлеуметтік жағынан алғанда басты функциясын қарастырамыз. Әлеуметтік практиканың қоғамның заманға сай қажетті ақпарат сұранысын бақылаушы функциясы. Ол қоғаммен үнемі байланыста болуды білдіреді. Басқа функциялардан биік тұрады.

Зерттеу жұмсының мақсаты-журналистиканың басты міндеттеріне (функцияларына) теориялық тұрғыдан сипаттама жасау.

Зерттеу жұмысының міндеттері-

  • журналистиканың идеологиялық функциясына сипаттама жасау;
  • журналистиканың тікелей ұйымдастырушылық функциясының мәнін ашу;
  • журналистиканың мәдени-ағартушылық функциясы түсінігіне тоқталу;
  • журналистиканың реакритивті функциясының мәнін ашу.

Негізігібөлім

І тарау Журналистиканың функциялары

1.1 Идеологиялық функция

Идеология – күшті қару. Ол біраз уақыттан кейін қараның өзін ақ қылып жібереді. Тәуелсіз Қазақстанның журналистикасы мемлекетке, ұлтқа зияны тиетін әңгімелерді кейде білместікпен, кейде біле тұра қиямпұрыстықпен айтады. Сондықтан, идеологиялық жұмысымызды тәуелсіз Қазақстанның ұлттық мүддесіне сай етіп, жасап алуымыз керек. Ол үшін тыңдарман талғамынан шығып, олардың рухани сұраныстарына жауап беретіндей дүниетаным көкжиегін кеңейтіп, ой-өрісін дамытуға ықпал ететін шын мәнісіндегі кәсіби деңгейде жасалған хабарлар, авторлық бағдарламалар керек. Өйткені, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, “Демократияның, Қазақстанның бүкіл прогресшіл даму перспективасының тағдыры бұқаралық ақпарат құралдарының қалай дамитынына барынша тікелей байланысты болмақ” дегенсөздерін басшылыққа алынуы шарт .

Журналистиканың қоғамдық пікірді білдіру мен қалыптастыру міндеті көбіне саяси науқандар кезінде айқынырақ көрінеді. Сайлау мен референдум сияқты шараларда журналист маңызды рөл атқарады және пәрменді құрал болып бағаланады. Қоғамдық пікірді қалыптастырудағы маңызды буын — ақпараттандыру, ақпарат неғұрлым көп болса, жиі берілсе және әр қырынан қамтылса, соған қызығушылық туындайды және ықпалды болады. Бірақ оның үгіт-насихаттық сипаты күшейіп, біржақты болғанын қолдау да журналистика ұстанымдарына қайшы келеді. Журналист мүмкіндігінше бейтарап ақпарат таратуға, деректі нақты беруге, әсірелеп, бояламауға міндетті. Ал, оны тыңдаушы қалай қабылдайды, қандай түйін жасайды ол басқа мәселе.

5 стр., 2119 слов

Габиден Мустафин

... шы??анын ескерсек, кітапты? ?леуметтік, т?рбиелік м?ні ерекше бол?анын ... м?ні бар жина?. Белгілі сыншы-?алым З. ... бол?аны - «Шы?ана?» романы. ?мірді? талай бел-белесін ... арнал?ан «Шы?ана?» (1945) пен «Миллионер» (1948) жары? ... -ма?сатыны? орындалуына аянбай ат салысты - азаматты? ... шиеленіскен тапты? тартысты? ?ызу жылдарында ?аламгер, ?зі ... жат?анмен, ал?аш?ы ?адамынан-а? авторды? азаматты? белсенділігі, ...

Әлемдік тәжірибе ақпараттың мүмкіндігінше жақын болғандығын қолдап келеді. Мысалы, радиожурналистикада республикалық арналардан гөрі жергілікті радиоға деген сенім жоғары болатын көрінеді. Осы арада аймақтық қамтылу мәселесіне назар аударған дұрыс болар. Қазақ радиосының өзі көбіне Астана мен Алматы жаңалықтарына көп көңіл бөледі де, аймақтық хабарлар өте аз қамтылады. Көп жерлерде арнаулы тілшілер жұмыс істемейді. Бұл, тыңдарман сеніміне тікелей әсер ететін факторлардың бірі.

Қоғамдық пікір өзгермелі құбылыс, өйткені өмірде шешімін таппаған жағдайлар көп, әркім өз көзқарасын білдіруге құқылы. Соңғы уақытта журналистикада сол мәселелерді тікелей талқылау тәжірибесі дамытып келеді. Бұл құптарлық жай. Дегенмен, сол көпжақты қоғамдық талқылаулардың деңгейі әркез мазмұнды бола бермейді, хабар үдесінен шықпайтын жағдайлар да көп. Кейбір журналисттер арналар боссөздікке ерік беріп, жеңіл сөзбен, әзіл-қылжақпен толтырады. Өркениетті елдерде БАҚ-тың бұлжытпас ережелерінің бірі-кикілжіңді пікірталас жолымен шешу, кез-келген дауда ортақ мүддеге қарай жақындасу болып қалыптасқан. Эфирдегі ашық пікірталас белгілі бір ұстанымды танып білуге, жан-жақты ақпарат алуға, мәселенің күшті және әлсіз тұстарын айқындауға көмектеседі. Дегенмен, ол журналистің кәсіби шеберлігі мен біліктілігіне де сын, көп жағдайларда дау айтылған күйінде қалып, оны шешу жолдары белгіленбейтін, ортақ тұжырым жасалмайтын жағдайлар кездеседі. Яғни, бас-аяғы жинақталып, айтар түйіні болмай, ойы қорытылмай қалады.

Журналистика қызметінде қоғамдық пікірді сараптап, жүйелеп отыратын социологияның рөлі артып отыр. Журналистикабүгінде табысты дамуы журналисттердің тікелей қатысты. Көптеген мақалалар мен хабарларда аудиториямен тікелей байланыс орнату арқылы тыңдармандардың талап-тілегі, сұранысы ескеріледі. Әсіресе, телевидениедегі музыкалық хабарлар сондай өтініштер негізінде жинақталады. Белгілі бір оқиғаға қатысты журналистің бірнеше адамға микрофон ұсынып, әр-түрлі әлеуметтік топ өкілдерінен жауап алуы да қоғамдық пікірді зерттеп, білудегі таптырмайтын әдіс, әрі хабардың әсерлілігін арттыратын элементтер.

Соңғы уақытта ақпарат арқылы қоғамдық сананы басқару туралы жиі айтылатын болды. Рас, белгілі бір күштер БАҚ арқылы белгілі бір көзқарасты таңуға бейім тұрады, мақсатты жұмыс жүргізеді. Журналист соның түпкі мақсатына терең үңіліп, жат пиғылдың жетегінде кетпеудің жолдарын білуге тиісті.

Журналистиканың ендігі бір маңызды міндеттерінің бірі-ол адам мен адам арасында қарым-қатынас орнатуы, қарапайым әңгімелесу, шүйіркелесу. Адамның күні адаммен және сәт сайын табиғатымыздан біреумен сөйлесуге, жауап алуға, пікір білдіруге, ой таластыруға бейім тұрамыз, осындай қарым-қатынасқа мұқтажбыз. Қоғамдағы осындай қажеттілікті қанағаттандырудағы радионың орны орасан. Әсіресе, өтпелі қоғамда, жаңа ортада, саяси, болмаса экономикалық күйзелістер кезеңінде адамдар бір-бірімен әңгімелесуге, тұмшалаған ойы мен күдігін сыртқа шығаруға, өзгелермен бөлісуге, жоспарларын ортаға салуға бейім. Мұндай қарым-қатынас эмоциональдық көңіл-күйіне әсер етеді, жеңілдегендей сезіндіреді, қолдау мен демеу қанат бітіреді, жігерлендіреді.

Журналистикабұл бағытта да өсу үстінде, соңғы жылдары авторлық бағдарламалардың қатары көбейді, тіпті журналистер бір арнаның немесе газеттің келбетін, имиджін айқындайтын жағдайлар да кездеседі. Мысалы, радио осындай тұлғалар арқылы тыңдарманына жақындай түсті. Журналистің сөйлеу мәнері мен эмоциональдығына үйренген тыңдарман енді оған бүйрегі бұрып, ыждаһатпен тыңдайтын болған, немесе, ұнатпаса бірден радиосын өшіре қояды. Яғни, автор мен тыңдарман арасында эфир арқылы жылы қарым-қатынастың орнауының өзі қажеттіліктен туындап отыр. Журналистке еліктейтін, пір тұтатын жағдайлар да кездеседі. Бұл оның кәсіби біліктілігі мен шеберлігінің жоғары екендігін, мәдениетті де әдептілігін дәлелдейді. Өкінішке орай, керісінше жағдайлар да көп. Сөйлеу мәдениеті төмен, кім болса соған тікелей эфирге шығуына жол ашылып, боссөздік, дөрекілік, тіпті кейде жаргондар мен жүліктер лексикасына тосқауыл қойылмайтын жағдайлар кездеседі. Ал, бір кездері радио сөйлеу мен мәдениеттіліктің эталоны саналатын, талап өте жоғары қойылушы еді. Аты аңызға айналған дикторларымызды тыңдап, соларға еліктеп мыңдар тәрбие, өнеге алды. Өткеннің бәрін мансұқтай берудің қажеті жоқ. «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деген халық даналығын естен шығармаған абзал.

12 стр., 5741 слов

Пушкин реферат қазақша

... ”. Пушкин қандай деңгейде де татар тілін білген болсын, бірақ одан ақын “Қозы Көрпеш-Баян Сұлу” жырын 1833 жылы тікелей қазақтардан ... мәлімет ақынға біз айтып өткен П.И.Рычковтың кітабынан да белгілі болатын. Орал казактары жөнінде мол мағлұмат келтіріп, олар “ ... стік-шығыс жағалауларын зерттеуге жіберіледі. Сол жылдың жазында Петербургке шақыртылып алынып, оған жаңа тапсырмалар жүктеледі. 1834 жылы ...

Міне, осыдан келіп, журналистиканың келесі бір-тәрбиелік міндеті туындайды. Журналистикапәрменді тәрбие құралы екендігін айтып жатудың өзі артық. Тәрбие ісі табиғатынан күрделі, әрі сан қырлы міндет, радиода да бұл процесс өз ерекшелігіне байланысты жүзеге асады. Көптеген хабарлар мен ақпараттар өздігінен тәрбиелік мәнге ие болады, әрі оқырман мен тыңдарманға жағымды әсер етеді. Дегенмен, кейбір хабарлар тікелей осы міндеттің жүгін арқалайды. Мысалы, радиоарналарда құқықтық тақырыпты қамтитын хабарлар жиі эфирге тарайды. Олардың мақсаты тек құқық саласында ақпарат беріп қана қою емес, сонымен бірге құқықтық сананы қалыптастыру, заң бұзу жағдайларының алдын алу, сауатты кеңес беру, көкейдегі сұрақтарына жауап қайтару болып табылады. Сонымен бірге, саяси, немесе экологиялық сауаттандыруды мақсат еткен хабарлар қатары да көп. Ождан бостандығы жағдайында діни тақырыпты қамтитын хабарлардың да орны бөлек, тыңдарман сұранысына сай келеді. Оның үстіне қазіргі Қазақстан жағдайында бұл айрықша мәнге ие болды. Өйткені, діни ағымдар мен ұйымдар саны өсті де, халықтың бағдар жасауына, ақ-қарасын ажыратуына қиындық туғызды, осыдан адасқандар қатары көбейді, тіпті діни экстремизм нышандары да байқалып қалып жатады. Тіпті белгілі бір дінді ғана уағыздайтын радиостанциялар ашылуда. Сонымен бірге, батыстық құндылықтарды басым қоятын, жергілікті және ұлттық ерекшелік пен салт-дәстүрлерді мансұқ ететін біржақты радиостанциялар да жұмыс істеп жатыр. Мұның барлығы халықтың діни сауатын және мәдениетін көтерудің пәрменді шараларын қарастыруға итермелейді. Бұл істе радионың мәні арта түседі.

Сонымен қатар, жасөспірімдер мен балаларға арналған арнайы хабарлардың танымдық деңгейі жоғары болумен бірге, жас ұрпақтың тәрбиесіне де оң ықпал етуін естен шығармаған абзал. Жас жеткіншектердің бойында отаншылдық рухын қалыптастыру, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу де күн тәртібінен түскен емес. Қысқа ғана ақпараттық хабар болсын, талдамалы үлкен бағдарлама болсын, мейлі шағын жарнама ролигі болсын, онда тәрбиелік пен талғам болуға міндетті. Онсыз біз кертартпа күштер мен құндылықтардың ықпалынан көп ұзамаймыз.

Сонымен қатар, журнаистиканың маңызды үгіт-насихаттық және ұйымдастырушылық міндеттерін естен шығаруға болмайды. Кез-келген ақпаратқа сәйкес іс-әрекет күтіледі. Хабар таратудың алдында нақты саяси, экономикалық және мәдени міндеттер тұрады. Мысалы, сайлау науқанында дауыс беруге, сөйтіп, белгілі бір бағдарламалар мен көзқарастарды қолдауға шақырамыз, сенбілікті жариялау арқылы қоршаған ортаны күтуге, тазалыққа үндейміз, болмаса мәдени мұраны қорғауға жұмыламыз, не болмаса жолдағы тосын апаттардан сақтандырамыз, т.т.

8 стр., 3558 слов

Олжас Сүлейменов туралы

... деңгейде бағалануы ғана дәлелдеп қоймайды. Сонымен қатар, Олжас — ақын, ойшыл, ғалым, саясаткер. Осы қасиеттердің ... қпақ-жолсыз сәті болмас сапардың, Атпен бірге жығылармын, Жатармын. Тасбақаша тарғыл қ ... бірегей тұлғаның эпостастары. Олжас саяси, өлеуметтік және мәдени ортада белгілі бір позиңияға ие ... өзге ақынды атай алмасам керек. Оның жетістіктері нағыз әдебиетшілерді қуантып, ақиқатты үздіксіз іздеу ...

Насихат нанымыңды қалыптастырса, үгіт сендіру арқылы іске жұмылдырады деген орнықты қағида бар. Насихат санаға әсер етеді, үгіт түйсікке күш салады. Дегенмен, екеуінің де түпкі мақсаты бір. Бұдан шығатын қорытынды қандай жағдай болмасын, қай хабар болмасын радио қоғамның жетілуіне, мәдениеттің өсуіне жолбасшы болуға тиісті[1].

1.2 Тікелей ұйымдастырушылық функция

Тұрғындарға қолайлы ақпараттық қызмет көрсететін журналистика сол қоғам мүшелерін әлеуметтік басқарудың тетігі ретінде де бағаланады. Әңгіме жүр, тұр деген ұрандармен мыңдаған адамдардың қоғамдық қылығын реттеу туралы емес, таратылған ақпарат арқылы белгілі бір іс-әрекетке ұмтылдыру, жігерлендіруде болып тұр. Мысалы, ертең мына мәселеге байланысты шеру өтеді деп ақпарат таратсаңыз, орнын хабарласаңыз, оны естігендердің бәрі болмаса да, көкейінен шыққандардың бір тобы сол шеруге қатысады, болмаса сенбілік өткізу туралы үндеу қолдау табады, басқа да көпшілік іс-шаралар осылай жүзеге асып жатады. Яғни, ақпарат тарату арқылы қоғамның дамуына ықпал ететін іс-әрекеттерге көршілікті жұмылдыра алады. Әрине, ол үндеулер қоғамды ірітуге, белгілі бір топтарды арандатуға бағытталмауы тиіс. Қоғамның тұрақты дамуы, оның мүшелері арасындағы ынтымақ пен татулық, адамгершілік пен достық қатынастар үшін журналист те әрқашан жауапты. Міне, осыдан келіп журналистиканың интеграциялық міндеті туындайды. Журналистика қоғамдық күштерді даму бағытына топтастырушы, өз ақпараты арқылы жаңа межелерге жігерлендіруші. Ол қоғамның, отбасының нығаюы мен беріктігіне, сол арқылы мемлекеттің күшеюіне ықпал етеді, биік мұраттар мен мәдениетті орнықтыруға, соған жас ұрпақты тәрбиелеуге белгілі бір дәрежеде араласады. Тікелей болмаса да, қоғамдық пікірді жеткізу мен қалыптастыру арқылы сол нәтижелерге жетеді. Журналистика қарым-қатынас құралы, ол эфир немесе БАҚ арқылы миллиондарды бір мезгілде байланыстырады, журналист үйінде отырған жалғызілікті зейнеткердің әңгімеге деген сұранысын қанағаттандарады. Сол сияқты коммуникацияның қырлары да көп, адам мен адам, топ пен топ, жас пен кәрі, жаяу мен көлікті, бай мен кедей арасында қарым-қатынас бір мезілде орнайды және олардың радиоақпаратқа реакциясы да әртүрлі болатыны заңдылық. Дегенмен, қоғам, оның болашағы бәріне де ортақ, осы арадан ортақ құндылықтар шығады.