, «Мен елімнің патриотымын»

Өз Отанының патриоты болу — бұл Қазақстанды өз жүрегінде ұстау.

Н.Ә.Назарбаев

Әр адам өз елінің патриоты болуға міндетті. Патриот — бұл өз елін сүйетін, елінің ұлтын, тілін, тарихын, ежелден келе жатқан ата-баба салт-дәстүрлерін, дінің, ділін құрметтеп, өз елі үшін қызмет ететін тұлға. Сондықтан, әрбір қазақпын деген азамат, өз елінің патриоты болуға тиіс. Патриотизм ең алдымен адамның отбасына деген сүйіспеншілігінен басталады. Қазақта «Отан отбасынан басталады» деп бекер айтпаған ғой. Біздің еліміздегі әрбір азамат өзі өсіп-өніп, өмір сүріп,қызмет етіп жатқан өз еліне құрметпен қарауға тиісті.

Патриотизм деген ұғымды біз кішкентай кезімізден бері естіп, бойымызға сіңіріп келеміз. Әдетте, бұл үғымды ең алғаш рет балаларға өз ата-аналары түсіндіреді. Одан кейін, бала мектепте мұғалімдерінен білім мен тәлім-тәрбие алып, патриот сезімін одан әрі сезініп, нағыз патриоттың қандай болатының үйренеді. Міне, адам бойындағы патриотизм оның бала-күнінен бастау алады. Кішкентай кезінен отаның сүйіп өскен бала, болашақта да өз елі үшін қызмет етері анық. Сондықтан, әрбір адам өз баласын, келешек ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеуі керек деп ойлаймын. Алайда, қазіргі жасөспірімдер бұл сезімді сезіне алмайды. Өздерінің қазақ екенінен ұялып, бөтен тілдермен сөйлейді. Бұл қазақ тіліне деген құрметсіздік деп білемін. Әрбір қазақ қазақ тілінде жетік сөйлесе, қазақ тілі қазіргі таңда жақсы деңгейге жетер еді. Менің ойымша, бұл мүлдем дұрыс емес. Біз бұлай өз ұлтымыз бен тіліміздің жоғалуына жол бермеуіміз қажет. Сол себептен, қазақ тілінің елімізде күшейтілуі, дамуы керек деп ойлаймын. Әрбір адам қазақ елінің патриоты болуға тиісті.

Мен өз елімнің патриотымын. Осы бір өмірде қазақ болып туғанымды мақтан тұтамын. Мен өз елімнің тілің, тарихы мен салт-дәстүрлерін сүйемін және құрметтеймін. Мен байырғы қазақ хандарын, батырларын мақтан тұтамын. Ата-бабамыздың арқасында тәуелсіз де бейбіт елде өмір сүріп жатқанымызға шүкіршілік етемін. Болашақта да өз еліме қызмет етемін. Сондай-ақ, осы шығармамды мына бір өлең жолдарыммен аяқтасам деймін:

7 стр., 3181 слов

Ескендір қандай адам

... авторда, немесе фольклорлық шығармада кездеспейді» деген пікірі мүлде ұшқары. Ескендір туралы жазылған шығармалардың, айтылған ... асым» поэмасы да - романтизм сарыныңдағы поэма. Бірақ негізгі стилі солай бола тұрса да, бұл поэманың реалистік шынды ... рбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегендерінен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам ...

Елім менің – Қазақстан!

Тәуелсіздік бар жар салған,

Кетті-ау ата-бабамыз

Бейбітшілікті аңсаған.

Қазақ деген халық барда жалғанда,

Құрметтей бер, қадірлей бер қашанда!

Елің үшін барар болсаң бәріне,

Қазақсыңғой, бол ел үшін жан пида!

Сен қазақсың,сүйе біл қазақ еліңді,

Сүйе біл қазақ тілін менен дініңді

Қазақпын деп келсең мына өмірге,

Қазақ болып туғанына өкінбе!

Бекматова Назерке Жасұланқызы

121 мектеп оқушысы