Лы дала елі м гілік ел

Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының

«Құлан агротехникалық жоғары колледжі» КМҚК

Мәңгілік Ел

(эссе)

Оқытушы: Акишева Улбосын Максатовна

Құлан ауылы

Мәңгілік Ел

«Мәңгілік Ел» идеясының бастауы тым тереңде. Еліміздің мұратына

айналған «Мәңгілік Ел» идеясы-халықтың әл-ауқатын жақсартып, ынтымағын арттыратын, елді дамудың жаңа сатысына жетелейтін жаңа қадам.

Мәңгілік елге айналу үшін тәуелсіздікті сақтап, елдігімізді нығайту басты мақсат болып табылады. Өйткені,тәуелсіздік бізге ата — баба қанымен, найзаның ұшымен, білектің күшімен келген.

Осындай қасиетті ұғымның мәнін жете ұғынып, бағасын біліп, қазіргі жастар қадір — қасиетін түсініп , сақтауымыз керек.

Қазақстанды жарқын болашаққа жетелейтін жастарымыз бабаларымыз аңсап өткен тәуелсіздіктің туын жықпай, желбірете білуі тиіс.Өйткені, бабаларымыздың ұлан байтақ жерін қалай қорғағанын,бостандықты қалай аңсап-қадірлегенін, білеміз. Жастар сондай текті ұрпақтың ұрпағы екендіктерін сезініп, осы «тәуелсіздік», «мәңгілік ел» ұғымдарын саналарына сіңіріп қастерлеуге міндетті. Жастардың бойына қазақи құндылықтарды сіңіріп, қазіргі жаһандық даму жағдайында оларды батыс мәдениетінің негізінен алыстатып, өзіміздің рухани бай мұрамыздың құндылықтары тұрғысынан тәрбиелеу басты міндеттердің бірі.Елбасымыз жариялаған «Мәңгілік Ел» идеясының көздегені де осы болатын, яғни төл дәстүрімізді жаңғырту, дініміз бен тілімізді өркендету.

«Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асырып, одан әрі дамытатын жастар болғандықтан олар ең алдымен білімді, ұлттық құндылықтар мен заманауи игіліктерді өз бойына біріктіріп,ұштастыра білген,өз елінің нағыз жанашыр азаматтары ретінде қалыптасуға талпыну керек.Мемлекеттің осы бағытта атқарып жатқан ізгі жұмыстары аз емес, солардың бірі осы- «Мәңгілік Ел» идеясы.

8 стр., 3528 слов

Сочинение на казахском про жамбыла жабаева

... танимыз. Өмірбаяны Болашақ акын 1846 жылы ақпан айында казіргі Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының бөктерінде дүниеге келген. Ол жайында ақынның ... ынады "молдадан" күдер үзген жасөспірім. "Әкеме" деген өлеңде бала Жамбыл әкесіне: "Батаңды бер, ақын боламын", – дей отырып, әкесінің ә ... "Торсылдатып танадай" деген теңеу, "Ұрлық түбі – қорлық" – деген нақыл, соғылған дүренің сипаттамасы, "күн ұзаққа бозда ...

Қазақстан тағдыры үшін,өткен ата-бабалар мен болашақ ұрпақ алдында ең бағалы құндылығымыз-егемендігімізді сақтап,мұратымызға айналған «Мәңгілік Ел» болу идеясын жүзеге асыру жолында аянбай еңбек ете білейік.

Біздер елімізбен мақтанамыз.Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды.

Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл-әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Байлығымыз да, бақытымыз да, болған мәңгілік тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз қажет.

Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып,

Жасай берсін,елдігіміз мәңгілік!

Ойымды Н.Ә.Назарбаевтың «Еліңнің ұлы болсаң еліңе жаның ашыса,азаматтық намысың болса қазақтың ұлттық мемлекетінің көркеюі жолында жан-теріңмен еңбек ет, жердің де,елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» деген сөзімен аяқтағым келеді.