Гомер (көне грекше: Ὅμηρος; б. з. д. 12-8 ғ. ш.) — Ежелгі Грекияның эпикалық ақыны. Өлеңдері мен дастандарын ел аралап жүріп, ішекті аспаптың әуеніне қосылып, айтып шығарған. Г. шығармаларының кейбір тұстары, соның ішінде Илиада, Одиссея дастандары 8-7 ғ-да-ақ кең тараған. Абайдың Жиырма жетінші сөзінде Гомер аты аталады. Ұстазы Сократ Хакім ғалым шәкірті Аристодимнен өнеріне ел таңданарлықтай кімдерді білетінін, олардың қандай өнерімен танымал екенін сұрағанда, Гомерді жұрт бәйітшілдігі (ақындығы) үшін құрметтейтінін айтып, оның есімін бірінші атайды. Гомер өмірдерегін зерттеушілер оны «ионий отарларының бірінде туған болуы керек» деп, шығу тегін ионий гректеріне жақындат — қанымен, бұлтартпастай дәлел келтіре алмайды. «Кейінгі заман гректерінің өзі Гомердің қайда туғанынан бейхабар. «Грек антологиясындағы» Смирна, Хиос, Колофон, Пилос, Аргос, Итака, Афины — жеті қала Гомердің отаны деп аталады», деп көрсетеді «Илиада» эпосын зерттеуші А.И.Зайцев, В.П.Яйленко: «Тағы бір ұлы ақын Гомер есімі Кіші Азия халықтарының сөзінен шыққан. Грек тіліне ауысқанда ол «соқыр» деген мағынаға ие болған» деседі. Көптеген зерттеушілер Гомер есімі ақынның шын есімі екеніне күдік келтіргенмен, ол Гомер аталса керек. Гректерде мұндай кісі аты жоқ, гректер оның мағынасын мүлде ұқпайды. Сондықтан «тұтқын», «соқыр» деп түсіндіруге тырысады…Ұлы ақын грек болмай, жастайынан грек тілін меңгерген «варвар» болуы да ғажап емес» деп тұжырымдады.
Страбон мәліметінше: эолийліктердің қаласы Смирнада «төрт бұрышты айлақта Гомер храмы және ағаштан ойылған Гомер мүсіні бар. Гомерді меншіктеуге олардың себебі жеткілікті. Гомерик аталған мыс ақшашығарған да осылар», деп мәлімдейді.
Сонымен, Гомердің эолийлік (алаштық) Смирнада тууы басқа топшылауларға қарағанда негіздірек көрінеді.
Ғажабы сол — Гесиод пен Гомердің айтысқаны туралы дерек сақталған. Екі ұлы ақын шақырумен Евбейге барып, Халкидон патшасы Амфидамантты жерлеу кезінде айтысқан. Оны Плутарх жазып кеткен. Амфидаманттың інісі Паниданың шешімімен жеңіс соғыс пен жаугершілікті жырлаған Гомерге емес, еңбек пен диқаншылықты дәріптеген Гесиодқа берілген. Бұл оқиғаны Гесиод «Еңбек пен күндер» поэмасында жазып қалдырған. «Алдын ала шақырылған соң, ақылды Анфидаманттың құрметіне өткізілген айтысқа қатысу үшін Халкидаға бардым. Ұлдары мол сыйлық атаған екен. Сонда құлақты аспалы ошақты жеңіп алып, Геликон лираларына сыйға тарттым» деп баяндалған.
Отражение принципов общественной жизни древних греков в произведениях ...
... поэзию. В поэме «Теогония» (то есть «Родословная богов») Гесиод собрал и систематизировал древнегреческие мифы, попытался изложить родословную богов-олимпийцев как единое целое. Поэма «Труды и дни» посвящена тяжбе Гесиода с братом Персом. Гесиод развертывает ...
Гомердің эпостары
Грек әдебиетінің ежелгі ескерткіштері болып Илиада және Одиссея поэмалары саналады. Антик әлемінде сол поэмалардың авторы ұлы ақын соқыр Гомер деп есептелген. Илиада және Одиссеяның шығарылған уақыты туралы ешқандай мәлімет жоқ, сондықтан осы екі поэмаға байланысты әлі шешілмеген күрделі мәселелер көп. Осы проблемалар әдебиетте Гомер мәселесі деп қаралады.
Екі поэманың сюжеті Троя соғысы туралы аңыздар циклынан алынған. Троя соғысы деп гректердің Троя немесе Илион қаласына жорығы аталған. Илиаданың аты Илион қаласының атынан шыққан (гректер Трояны солай атаған).
Аңыз бойынша Троя бекзадасы Парис өзін жақсы қарсы алған қонақжай патша Менелайдың сұлу әйелі Еленаны және көптеген қазынасын ұрлап кетеді. Ашуланған Менелай ағасы Агамемнонмен барлық грек аймақтарынан жорыққа әскер жинап, Трояға аттанады. Грек жасағы Агамемнонның басшылығымен Трояны қоршап, он жылға дейін қалаға кіре алмайды. Тек айлакер батыр Одиссейдің арқасында гректер ағаш ат жасап, соның ішіне тығылып, Трояға кіреді. Трояны өртейді, Еленаны Менелайға қайтарады. Бірақ грек батырларының отанына қайтуы қайғылы болады: біреулері жолдан қаза табады, ал біреулері үйлеріне оралғанша түрлі теңіздерді кезіп шығады.
Илиада 15700 өлеңнен тұрады. Оны антик ғалымдар 24 кітапқа бөлген (грек алфавитінің саны бойынша).
Илиадада соғыстың оныншы жылындағы оқиғалар суреттеледі.Поэмада соғыстың қалай басталғаны және оның барысы айтылмайды. Поэманың тақырыбы бірінші өлеңінде айтылған: Гнев, богиня, воспой Ахиллеса, Пелеева сына…. Ахилл (Ахиллес) — фессалиялық патша Пелей мен теңіз құдайы Фетиданың ұлы, ахейлік батырлардың ең батылы, Илиада поэмасының негізгі бейнесі.
Трояны ұзаққа созылған қоршаудың сәтсіз болуы мен шығынға ұшырауы жауынгерлердің рухын түсереді. Оларды жігерлендіру үшін көсемдері халық жиналысын шақырды. Троя қаласы түбінде ұрыс қайта басталады. Гректердің ішіндегі ең таңдаулы жауынгер құдіретті желаяқ Ахилл (Ахиллес) болатын. Троялықтардың ең күшті де батылы Гектор еді. Илиадада сол екеуінің арасындағы жекпе-жек пен Гектордың өлімі суреттеледі.
Поэманың әрекеті салыстырмалы планмен жүргізіледі: Олимп үстіндегі құдайлар және Трояның айналасындағы адамдар. Поэмада шайқасқа құдайлар араласқаны айтылады, олардың біреулері гректерге, екіншілері троялықтарға жақтасады.
Ұрыс үстінде Ахиллдің досы Патрокл қаза табады. Илиада Патрокл мен Гектордың жерлеуін суреттеумен аяқталады. Троя соғысының ақыры туралы поэмаға енбеген аңызда айтылады.
Гомердің Одиссея атты екінші поэмасының тақырыбы — Троя соғысынан қайтып келе жатқан Итака аралының патшасы Одиссейдің басынан кешкен шытырман оқиғалары. Одиссеяның негізгі сюжеті — күйеудің оралуы. Аңыздарда осындай сюжет көп кездеседі: күйеуі ұзақ таңғажайып саяхаттан үйіне келгенде, оның әйелі басқа біреуге күйеуге шығайын деп тұрған жерінде, тойдың бей-берекетін шығарады. Гомердің поэмасында Одиссейдің жоғында оның сенімді әйелі Пенелопаға көптеген батырлар құда түседі, сол себептен оның ұлы Телемах шыдай алмай әкесін іздеуге кетеді. Бұл жерде поэмаға екінші сюжет қосылады: әкесін іздеген ұл туралы. Бұл сюжет бойынша әкесінің жоғында туған ұлы оны іздеуге кетеді ; әкесі мен ұлы кездеседі, бірақ бір бірін танымай, ұрыс бастайды. Бір варианттарында бұл сюжет қайғымен — әкесінің немесе ұлының өлімімен аяқталады. Басқа варианттарда екеуінің татуласуымен бітеді. Одиссеяда бұл сюжет жартылай берілген — әкесі мен ұлының кездесуі, ұрысқа дейінгі сюжет алынған.
Поэмы Гомера «Илиада» и «Одиссея»
... Илиада» и «Одиссея» были книгой книг для античного человека, средоточием мудрости, высшим авторитетом. Гомер именовался божественным. Да и ... друзей отца, вернувшихся из-под Трои,-- Нестора и Менелая, чтобы узнать об ... и мифологического развития греков, преображенного вдохновением эпического певца в новое художественное освоение действительности. 1. «Одиссея» и ее художественно-эстетический смысл Миф и ...
Одиссея Илиаданың жалғасы екені белгілі, себебі онда Троя соғысынан кейінгі оқиғалар баяндалады. Илиададай Одиссея 24 кітапқа бөлінген. Одиссеяның құрылысы (композициясы ) Илиададан күрделі. Илиаданың сюжеті бір ізді келсе, Одиссеяның әңгімесі әрекеттің ортасынан басталады. Илиададан гөрі Одиссеяда бас кейіпкер бейнесіне ерекше көңіл аударылған.
Гомердің екі поэмасы әдебиеттің ұлы туындыларына жатады, олар эпостың классикалық үлгісі болып саналады. Гомер эпосын көне заманның энциклопедиясы деп атайды. Жыршы тек қана өзінің кейіпкерлерінің тұрмысын емес, өзге жерлердің де таңғажайып ерекшеліктерін (түрлі халықтардың өмірін, әдет-ғұрыптарын, т.б.) көрсетті. Илиада мен Одиссея адамгершілік, өмір сүйгіш т.б. асыл қасиеттерімен дүниежүзілік әдебиетте ерекше орын алады. Илиадада соғысып жатқан екі жақ бірдей сүйіспеншілікпен суреттеледі. Поэмалар ерліктің, адамгершіліктің даңқын шығарады.
Гомер поэмалары халық поэмалары, өйткені олардың тамырлары грек фольклорынан тарайды. Поэмаларда грек халқының ең жақсы қасиеттері бейнеленген. Олар бүкіл Грекия аймақтарына тарап, сол кездегі тәрбиенің негізі болып есептелген. Поэмалар үлкен мейрамдарда орындалған. Оларды айтатын жыршыларды рапсод деп атаған. Гомердің поэмалары салтанатты өлең — гекзаметрмен жазылған. Гекзаметр алты стопадан құрылған, антикалық өлең шығару өнерінде ұйқас болмаған.
Гомердің зерттеушілері
Илиада және Одиссея поэмалары антикалық әдебиетте Гомер атты зағип ақынмен байланысты. Антикалық әдебиетте Гомерге байланысты сұрақ өте көп. Ол туралы ешқандай дерек сакталмаған. Гомер деген кім, қайда туып-өсті? Гомердің аты аңызға айналған, оның өмірбаяны да таласты. Гомердің туған жері де белгісіз. Антикалық әдебиетте Гомердің атамекені деп жеті қала аталған, соның ішінде Троя. Гомер деген сөздің өзі ерте заманда кішіазиялық гректерде соқыр деген мағына білдірген. Аңыздарда да Гомердің соқыр болғаны айтылған, сондықтан ежелгі мүсіншілер мен суретшілер оны қашанда да соқыр қария етіп бейнелеген.
Кейбір антик ғалымдарда Илиада мен Одиссея екі автордың шығармасы деген пікір болған. Ғалымдардың көпшілігі екі поэманы Гомердің атымен байланыстырады. Мұндай қарама-қарсы пікір Илиада мен Одиссеяның стиліне байланысты. Илиаданың стилі көтеріңкі де, Одисеяның стилі жайлы болып келеді. Оны зерттеушілер былай деп түсіндіреді: Илиаданы ақын жас шағында, ал Одиссеяны қартайған кезде шығарған. Поэмалардың әрқайсысы жеке ақынның қолынан шыққан дегенге ешкімнің күмәні жоқ. Тек Илиада мен Одиссеяны жазған бір адам деген пікір таласты болды.
Антикалық әдеби сынның қойған екінші сұрағы: поэмалардың сол алғашқы түрінде сақталуы. Гомер жазуды білмеген, сол себептен оның шығармалары ауызша, тек қана жыршылардың есінде сақталған. Писистраттың арқасында бөлек-бөлек өлеңдер жиналып біріктірілді (б.д.д.VI ғ.).
Жазусыз заманда мұндай үлкен поэмаларды шығару мүмкін емес, Илиада мен Одиссея бөлек өлеңдердің жинағы деген пікір болды (Вольф).
Вольфтың ойынша, поэмаларға кірген өлеңдердің көпшілігі бір жыршының шығарғанына жатады, ал қалған өлеңдер — кейінгі ақын-жыршылардың қосқандары.
Гомер. «Илиада», «Одиссея». Анализ произведения
... упорядоченности расположения эпизодов в поэмах. В композиции «Илиады» и «Одиссеи» присутствует зеркальная симметрия первой и второй половин произведения: ... космоса. И в одном, и в другом произведении Гомер развертывает свое повествование не постепенно, а строит его ... Итаке. В этой симметрии воплощены мифологические представления древних греков о цикличном движении времени. Можно говорить о ...
Германның теориясы бойынша, Илиада мен Одиссеяның негізінде екі кішкентай эпос жатыр. Кейінгі жыршылар сол эпостарға жаңа материал қосып, оны ұлғайтты, дейді Герман.
В.Г.Белинскийдің айтуы бойынша, Илиаданы рапсодтардың жинағы деп қарауға болмайды, себебі оның көркемдік бірлігі соншалық. Сонымен қатар, Гомер эллиндік өнердің өмірі мен өнеріне мәңгілік ескерткіш тұрғызу үшін азды-көпті дайын материалды пайдаланды дегенге де сенуге болады.
Гомер дәуірінің мәдениеті
Гомер дәуірінің мәдениеті (біздің заманымызға дейінгі XI — VIII ғасырлар) Ежелгі Грекия мәдениетінің келесі кезеңі ұлы Гомердің атымен — Гомер кезеңі деп аталады. Олай деп аталатын себебі, бұл дәуір жайындағы басты деректердің негізгі көзі — біздің заманымызға дейінгі VIII ғасыр. Туған Илиада мен Одиссея дастандары. Соқыр жыршы Гомер, Платонның айтуынша, бүкіл грек елінің тәрбиешісі болды, өйткені, өзінің бүкіл тарихында ежелгі Эллин туындылары осы дастандардан нәр алған. Шындығында да Гомер дастандарының құдіреттілігі де осы бір ұлы адамның дәуір тынысын терең сезінгендігінде болса керек. Грек дастандарының ішінде, әсіресе Гомер эпосы халық аңыздарының негізінде жүйелі түрде баяндалады. Жалпы грек поэзиясына халықтың қиялынан шыққан бейнелерге жан-жақты қасиеттер мен белгілер берілгендіктен болар, оны кейінгі заманда суретшілер мен мүсіншілер өз туындыларында кеңінен пайдаланды. Ежелгі Элладаның ең ұлы мүсіншісі Фидийдің Илиаданы оқығанда, адамдар маған екі есе үлкен көрінеді деген сөзінің астарында терең мағына жатқан сияқты.
Гомерлік кезеңнің IX — VIII ғасырда рулық құрылыстың орнына біртіндеп таптық қоғам қалыптаса бастады. Бай зираттардан табылған мол дүниелер де грек дүниесінде әлеуметтік теңсіздіктің үстемдік еткендігін дәлелдейді. Жаңа құлиеленушілік қарым-қатынастардың дүниеге келуіне байланысты — грек мифологиясы да жүйелі түрде қалыптаса бастады. Грек халқы да өзін қоршаған табиғаттың тылсым құбылыстарының құпиясын танып-білуге талпыныс жасады, қауіп-қатерлермен өз мүмкіндігінше күресе білді. Бұл өмір үшін болатын табанды да, табысты күрес болатын. Олай болса күрес бар жерде өлім бар, күрес бар жерде жеңіс бар деген өмірлік қағиданы үмытпаған жөн сияқты. Адам — бар дүниенің өлшемі деп грек философы Протогор тегіннен-тегін айтпаған бол ар. Сондықтан да табиғаттың қатерлі күштерін жеңуде адамға тән қасиеттің бәрі бар, бірақ адамнан да гөрі құдіретті құдайлар бейнелерінің көптеп берілуі — грек мифологиясына тән қасиет болып саналады.
Ол бойынша: мына жарық дүниені Олимп тауы шыңын мекендеген мәңгілік құдайлар билейді. Гректердің түсінігінде құдайлардың құдайы — Зевс бастаған даналар тобы, олар әбден жетілген, керемет адамдар сияқты. Құдайлар бейнесінің адамға жақындатылғаны соншалық, олардың бойынан тек адамға ғана тән қасиеттерді молынан табуға болады. Грекия топырағында құдайлар мен халық қаһармандары жайында талай тамаша хикаялар өмірге келді. Миф деп аталатын халықтың ауызекі шығармашылығының осы бір түрінде, сонау көне заман жөніндегі естеліктер мен ақындық қиялдың өзара үштасып жатқандығын аңғаруға болады.
Грек ақындары, философтары, тарихшылары, мүсіншілері мен суретшілері Миф уақиғалары мен олардағы басты кейіпкерлерді өз шығармаларына арқау ете отырып, заман ағымына және онда қалыптасқан көзқарастарға сәйкес жаңа мазмұн, жаңа түр беріп отырды…
Алтын адам туралы мәлімет
... болды покорена персидскими патшалар. ІІ ғасырда біздің заманымызға дейінгі сақтар, кейін ұ ... тақталарда халқымен, сүйегі бай одетого адам. Жанында табылған заттар дә ... Жалпы, Геродот өз девятитомной тарихы туралы саках деп жазады сәл ғана ... жақын маңда ежелгі грек қала-колониялар, бүкіл скифской ... баға жетпес олжа жатады сақ дәуірі қамтитын кезең VII–III ғғ. б. э. дейінгі қабылданған археологиялық ғылым кезе ...
Гомер дәуірінен бізге келіп жеткен мәдени ескерткіштер онша көп емес. Солардың ішіндегі біздің заманымызға келіп жеткен бағалы ескерткіштердің қатарына геометриялық ою-өрнектермен әшекейленген құмыралар мен қоладан жасалған мүсіндер жатады. Біздің заманымызға дейінгі IX — VIII ғасыр құмыраны өрнектеу өнерінің дамуы нәтижесінде керамика бұйымдарын әшекейлеуде геометриялық стиль қалыптасты. Геометриялық стиль керамикасының таңдаулы нұсқалары — біздің заманымызға дейінгі VIII ғасыр афиналық құмыралар. Құмыраларға салынған суреттердің көркемдігі, композициясының үйлесімділігі бірден көзге түседі. Құмыралардагы суреттер лак деп аталатын жылтыр қара бояумен салынған. Геометриялық стиль бойынша салынған жан-жануарлар мен адамдардың пішіндері айшықты ою-өрнектердің ырғағына үлкен шеберлікпен бағындырылған.
Археологиялық қазба жұмысстарының нәтижесінде Дипилон зиратынан табылған әртүрлі пішінді заттар (біздің заманымызға дейінгі VIII ғасыр) көңіл аударуға тұрарлық. Бұл жерде табылған құмыралардың үлкендігі соншалық, адам туралы мәлімет">олар адам бойынан да биік етіп жасалған. Мұндай алып құмыралар жаназа салтына арналып жасалған болу керек, өйткені олар ақсүйектердің молаларының басында ескерткіш ретінде қойылған. Бұл ыдыстар ғажайып нақыштармен безендірілген. Онда шейіт болғандарды жоқтау көріністері, өлікті жерлеу кезіндегі салттық билер, жекпе-жек сайыстар мен күймелер жарысы және тағы да басқалары шынайы бейнеленген. Бұл құмыралардың арасынан құрлық пен теңіздегі шайқастар оқиғаларын баяндайтын тың сюжеттерді: ескекшілері көп зор кемелер бейнелерін де кездестіруге болады.
Бұл кезеңнің мүсін өнеріне тән нөрсе — құдайларға сыйға тартуға арнайы жасалынған қыш немесе қола мүсіншілер. Демек, біздің заманымызға дейінгі I — мыңжылдықтың алғашқы ғасырларында өнер саласында көркемдік кәсіп — керамика жетекші орын алды. Қалай болғанда да гомерліктер жасаған өнер туындылары арқылы қауымдық құрылыс мәдениетінен таптық қоғамға өту кезеңіндегі өмір шындығын бейнелеудегі алғашқы талпыныстармен қатар, сол кездегі адамдардың дүниетанымынан мағлұмат береді.
Гомер дәуірінде жазу болған жоқ, гректің жазба ескерткіштері негізінен архаикалық кезеңде туындаған. Бірақ алфавиттік жазудың алғашқы нышандары осы кездің өзінде-ақ байқала бастаған.
Негізінен, Гомер дәуірінде мәдениет құлдырау, тоқырау кезеңін басынан кешіргенімен де, дәл осы тұста грек қоғамының дамуына, мәдениеттің гүлденуіне қолайлы алғышарттар жасалғандығын естен шығармауымыз керек.
Гомер эпосының жаңғырықтары
Соғысқа себеп — сұлулар байқауы
Алапат трагедиялардың кейде болымсыз ғана себептен басталып жататыны бар. Әсерге бейім қайсыбір тарихшылар ақиқаты аңызбен астасқан бейресми алғашқы дүниежүзiлiк соғыс деп әспеттейтiн Троя қырғыны да сондай оқиғалардың санатына жатады. Оның тұтануына, әрине, адам күлерлiк жай ғой, кәдуiлгi алма түрткi болыпты-мыс. Көне грек аңыздарының баяндауында ол оқиға былай өрбидi:
Бiрде құдайлар мекенi Олимпте той болып жатады. Ажалды пенде Пелей мен бойында құдай қаны бар Фетиданың некелесу рәсiмiне барлық ажалсыздар жиналады. Тек ұрыс-керiс құдайы Эрида ғана бұл салтанаттан шет қалып қояды. Өзiнiң тойға шақырылмағанына қатты ызаланған ол көзге көрiнбей келiп, олимпшiлердiң ортасына сыртында ең сұлу аруға деген жазуы бар гесперида алмасын тастай салады. Осылайша, күтпеген жерден олимп аруларының арасында сұлулық байқауы басталып кетедi. Ең сұлу әйел ретiнде алманы алуға Гера да, Афина да, Афродита да ынталы, ешқайсысы өзiн өзгеден әдемiлiк жағынан төмен санамайды. Олар бұл дауды шешсiн деп бас құдай Зевске жүгiнген, бiрақ ол да басына бәле тiлеп алғысы келмейдi де, төрешiлiктен бас тартады. Ақыр соңында бәсекенiң түйiндi сөзiн айтуға Троя патшасы Приамның ұлы Парис ортаға алдырылады.
Гомер и гомеровский вопрос
... сочинении. Критически настроенное новое время, часто склонное уничижительно оценивать и судить прошлое, сформулировало так называемый гомеровский вопрос. Самой значительной была опубликованная в 1795 г. идея Ф. ... Военные песни. Избрав темой "Илиады" Троянскую войну (другое название Трои — Илион, поэтому поэма называется "Илиада"), Гомер берет только один ее эпизод — раздор в ахейском лагере, ...
Гера оңашада Егер алманы алуға менi лайықты деп тапсаң, сенi бүкiл Азияның әмiршiсi қылам дейдi. Өзi онсыз да патша баласы Парис ондай құдiреттi билiктен бас тартады.
Патшазада Өзiң қатысқан барлық соғыстардан жеңiмпаз болып шығасың, және ең дана адам боласың. Тек алманы маған берсең болды деген Афинаның сөзiне де құлақ аспайды. Тек Ең сұлу әйелдiң құшағы сенiкi болады деген Афродитаның лебiзiне ғана жiбидi. Алманы соған ұсынады. Өтеуiне жер бетiндегi ең сұлу әйел Еленаны алатын болып келiседi.
Ал Елена бұл кезде Спарта патшасы Менелайдың әйелi едi. Афродита, Париске айтқанындай, Еленаны қалайда оған қосудың айла-шарғысын жасап бағады. Нәтижесiнде Спартаға қонаққа келген Парис, Менелай әкесi қайтыс болып Критке кеткенде, өзi онсыз да көнiп тұрған Еленаны ұрлап қашады.
Қайтып келгенде заңды қосағының орнын сипап қалған Менелай ызадан жарыла жаздайды. Ағасы, Микены патшасы Агамемнонға ендi не iстеуiм керек деп кеңес салады. Ол бүкiл Элладаның патшаларын, олардың жасақтарын жинап, Трояға соғысқа аттануды ұсынған. Және мұндай соғысқа қатысудан Элладаның қыз үшiн болатын үлкен жарыс қарсаңында әмiршiлерi бас тарта алмайтын едi. Кезiнде Еленаға өздерi де ғашық болған, бiрақ Елена кiмдi таңдаса да ренiшiмiз жоқ, қайта оған басына қиын күн түскенде көмекке келуге даярмыз деп сөз байласқан олардың сол бәсеке-тартыста Еленаның таңдауы түскен Менелайға көмектеспеске шарасы жоқ-ты.
Трояға соғысқа аттануға Элладаның түкпiр-түкпiрiнен 1186 кеме, сан мыңдаған қосын жиналады. Грек аңызы Троя соғысы осылай басталып едi дейдi.
Соқыр ақын
Гомер Илиадасы осы Троя соғысының қысқа ғана үзi — — гiн жырлайды. Егер ерiнбей санамаласақ,