Салауатты өмір салты, БББ-01-18(9) тобының студенті Жаманакова Шолпан
Салауатты өмір салты — бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ал салауатты өмір салты өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады. Қазіргі мәліметтер бойынша денсаулық 53-55%- ға салауатты өмір салтына тәуелді болады екен. Бұдан салауатты өмір салтын ұстанудың қаншалықты маңызды екендігі айқын.
Үлкен кісілер « Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп бекер айтпаса керек, себебі дені сау адам – мемлекеттің ең басты капиталы. Соңғы кездері салауатты өмір салтына аса мән беріліп, бұл мәселе қолға алынып келеді. Өсіп келе жатқан ұрпақтың жадына жастайынан денсаулықтың қадірін білуді, өз денсаулықтарына үлкен жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруымыз керек.
Денсаулық дегеніміз – адам жаны мен тәнінің амандығы, өмірдегі баға жетпес құндылық, ең басты байлық. Адам өмірінде денсаулықтың орны бөлек, әрі ерекше. Байлығымыз асып – тасып жатқанымен, денсаулығымыз жоқ болса, байлықтың не керегі бар?
Ол денсаулықты бізге ешкім қайтарып бере алмайды. Сондықтан өз-өзімізге көмектесүіміз қажет деп ойлаймын
Салауатты өмір салтын ұстану, ол күнделікті тоқтамай жаттығұлар істеу емес. Мысалға, жай ғана қимылдауды алсақ. Қимылдау- өмірлік маңызды мүшелердің және мүшелер жүйесінің қызметін жақсартады, сондықтан салауатты өмір салтын қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Қозғалыс белсенділігін дұрыс ұйымдастыру организмнің өсу мен дамуына белсенді ықпал етеді, организмнің жұмысқа қабілеттігін жоғарылатады, әр түрлі ауруларға төзімділігін арттырады. Ал біз аз қозғалатын болсақ организмдер нашарлайды. Салауатты өмір салтын сақтану дегенді тек қимыл қозғалыс немесе спортпен шұғылдану ғана деп түсіну- қате түсінік. Денсаулығымыз мықты болу үшін күнделікті күн тәртібіміз дұрыс ұйымдастырылуы тиіс.Ұйқымыз, тамақ ішуіміз уақтылы болуы керек. Ересек адам күніне қалыпты жағдайда 8 сағат ұйықтауы қажет. Тамақты аз-аздап және өз уақытымен ішу қажет. Тамақтың құрамы адам ағзасына қажетті витаминдерге және пайдалы элементтерге бай болыу тиіс.
«Спорт денсаулы? кепілі!»
... Салауатты өмір салтын насихаттап, Атанайық жақсы азамат өңірдегі. Салауатты өмір салтын қалыптастыру ұзақ үрдіс, бірақ бұл нағыз денсаулы ... байлық - денсаулық деген, ал сол денсаулықтың кепілі – спорт. Спорт сөзінің ... қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыру. Салауатты өмір салты дегеніміз - ... салауаттық, салауаттық - өмір заңы. Салауатты өмір сүрмей тұрып, өміріңе қажетті нәрсені ала алмайсың. Адам ...
Салауатты өмір- денсаулықты сақтау және нығайтудың негізі, жан-жақты дамыған тұлғаның қалыптасуына, оның рухани, дене дамуына әсер етеді.Салауатты өмір салтын сақтаудың тағы бір шарты – ол жағымсыз әдеттерден арылу, яғни ішімдік ішпеу, нашақорлыққа салынбай болып табылады. І шімдік мидың қызметін бұзады. Адамның ойлау қабілеті нашарлап, мінез-құлқында үлкен өзгеріс байқалады, алкогольдық психоз пайда болады. Ішімдікті қолдану қандағы холестиринді көбейтіп, артериалды гипертензияға және миокард ауруына шалдықтырады.
Адамның дені сау болуы үшін жан дүниесі мен тәні таза болуы қажет.