«Елбасы жастарға сенеді»

«№23 жалпы білім беру орта мектебі» КММ

9 «Е» сынып оқушысы

Айболқызы Салтанат

Жетекшісі: қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Таңбаева Орынгүл Нұрқожақызы

Шығарма

Елбасы жастарға сенеді

Қазақстандықтар – жасампаз және жас ұлт: республиканың әрбір екінші тұрғыны 30 жасқа толмаған жастар. Қазақстанның болашағы Қазақстан жастарының даму деңгейімен, олардың қоғамға ықпалдасуымен байланысты, болашақтың негізі бүгін қаланады.

Н.Ә. Назарбаев

Кез келген ел өзінің болашағын өскелең ұрпағының білім-білігімен, арман-мақсатымен, ынта-ықыласымен, танымымен өлшейтіні белгілі. Өйткені, сан ғасырлық тарихында еркіндік үшін күрескен аталарымыздың қанымен, жанымен келген азаттық пен теңдіктің туын тұғырынан құлатпай, бабалардың сеніміне селкеу түсірмей, аманатын берік ететін жас ұрпақ екені белгілі. Осы ретте Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Мен, сіздер – бүгінгі жастар ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер. Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты – біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақыты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңіздер», — деген сөзі мемлекет пен ұлт болашағы жастар болашағымен тікелей байланысты екендігін айқындайды. Себебі, қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар.

ХХ ғасырдың басында заманның заңғар тұлғаларының бірі Міржақып Дулатовтың:

«Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты –

Қырандай күшті қанатты

3 стр., 1183 слов

ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР-ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ

... болмақ. Иә, 2019 жыл «Жастар» жылы болып бекітілді. Яғни бұл дегеніміз, жастарға деген сенімділік пен оларға қолдау көрсету. Болашағының жарқын болып, ... әліпбиіне көшуі өте дер кезінде қозғалған бастаманың бірі деп едім. Өйткені, тарихтан белгілісі, бұған дейін де қазақ халқы ... әрі еңбекке икемді болғанымен өз бағдарын білмей жүрген жастар көп. Сондықтан да біз оларға үлгі бола отырып, сол жас буыннан ...

Мен жастарға сенемін!» — деп жырлағанындай,

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен 2019 жыл «Жастар жылы» болып жарияланды. Себебі, Халық, Ел, Елбасы жастарға сенеді. Ал, жастар бұл сенімді қалай ақтауда? Әрине, бес саусақ бірдей емес, олай болса, жастардың барлығына кінә тағуға болмайды. Дегенмен, бүгінгі жастарға рухани байлық, таза ой, терең білім, адамгершілік, адалдық, қайрат, қала берсе, денсаулық ауадай қажет деп ойлаймын. Жер-жаһанда белең алып, үстемдік құрып отырған небір алпауыт, алапат күштер жастар санасын улап, дамушы елдердің болашағына еркін ықпал ететін дәуірде жастарды не қызықтырады? Жат пиғылдардың жетегінде кетпей, керісінше, жастар жылында бастау алған игі шаралардың қолдау тапқаны жөн. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе», — дегендей, еңсесін енді ғана көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды, білімді, жігерлі ұрпақтың орны бөлек қой.

Елбасының Қазақстан жастарына деген сенімі мол екендігін, бүгінгі қыз-жігіттеріміздің интеллектуалдық белсенділігін жоғары бағалайтындығын білеміз. Оның дәлелі ретінде, тәуелсіздік алған жылдардағы ел үшін сын сағаты болған күрделі кезеңдерде «Болашақ» бағдарламасы бойынша жастарды даярлау ісі қолға алынды. Әлемдік дағдарыстарға қарамастан, Елордамызда ғаламдық деңгейдегі университет ашылып, еліміздің түкпір-түкпірінде дарынды балаларға арналған білім ошақтары – зияткерлік мектептер салынды.

Елбасымыздың бастамасымен жастардың шет елдерде білім алуына үлкен мүмкіндіктер ашылды. Шет елдерден білім алу жүйесі олардың оқуын бітірген соң сол жерлерде қалып қоюы үшін немесе сол елдердің жарамсыз, керітартпа идеяларын елімізге тарату үшін жасалған жоқ. Бұл – жиған-тергенін халқына, мемлекетінің керегіне жарату үшін жасалған шаруа, осыны терең түсінетін, өскелең ұрпақты білімге, ғылымға, еңбекке тартатын, мемлекеттің гүлденуіне мұрындық болатын алғыр да еті тірі жастарға сенгендіктен қолға алынған іс. Елбасы жыл сайынғы жолдауында жастардың жағдайын тіліне тиек етуден шаршамай, оларға барлық мүмкіндіктердің жасалуы қажеттігін, студенттер оқу орындарын тәмамдаған соң жалақысы жоғары жұмыстарға орналастырылуы керек екендігін, жастардың шағын және орта бизнеспен айналысуына ықпал етілуі шарт екендігін басты назарға алып отырды.

Азаттықтың алғашқы жылдарында дүниеге келген балалардың бүгінгі таңда еліміздегі, шетелдердегі іргелі оқу орындарын аяқтап, әр саланың мықты мамандарына айналып үлгергенін ескерсек, сол жастар қазіргі кезде әлеуметтік және қоғамдық өмірдің бел ортасынан табылып келеді. Білім мен ғылымның, әдебиет пен өнердің, инновациялық технологиялардың, ел қазынасын игерген кен орындарының, дипломатияның басы-қасында жасындай жарқылдап жүрген жас буынды көргенде, ата-бабаларымыздың, Еліміздің, Елбасымыздың арманы ақиқатқа айнала бастағанына қуанып, тәңірге тәубе деймін.

3 стр., 1058 слов

Білім кілті кітапта

... кітаптар мекені. Кітап – білім бұлағы, білім көзі. Рухани байлық кітап оқу арқылы молаяды. Ал бүгінгі таңда жас ұрпа ... жаңа кітаптар және күн сайын келіп кітап алып жатқан оқушылар бізден кереккітаптарын алып қана қоймай, сонымен қ ... кітапханашының міндеті деп білемін. Шәкірт санасына зор ілім құяр кітап мекені кітапхана болса, кітапханашы – тілімізді, дінімізді, рухани байлығымызды насихаттаушы маманды ...

Уақыт бір орнында тұрмайды. Онымен бірге ұлттың рухани құрамы жаңарады. Жеке тұлғалық өсумен қатар, жастардың саны көбейіп, рухани мәдениетін, адами әлеуетін дамытады. Мемлекет дамуының тұрақты негізі болу үшін осы факторлар ауадай қажет.

Қорыта келгенде бүгінгі жастарға айтарым, әрбір жас жүрек өзінің туған Отаны — Қазақстанын жанындай сүйіп, танып, оған табынып өсуі қажет. Сонда ғана жас ұрпақ бойында патриоттық сезім ұялап, келешегіміз кемелдене түспек. Елбасымыздың халыққа жолдауында: «Біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игілікті сақтау, қайта қалпына келтірілген мемлекетімізді нығайту және дүниежүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтерілу міндеті тұр», — деп, жастарға зор сенім мен үміт артып отыр. Сол сенімді ақтап, болашағымызды жарқын қылайық!