«Мен жылдың ең үздік мұғалімі номинациясына лайықтымын»

ЭССЕ

«Мен жылдың ең үздік мұғалімі номинациясына лайықтымын»

Жаңақорған ауданы,

3 мектеп-нтернаттың

тарих және география пәнінің

мұғалімі Бутакулова Г.У.

Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық – ұстаздық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, «білсем, үйренсем» деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.

Осындай қызығы да, қиындығы мол мамандықты мен де таңдадым. Ұстаз болу – бала кезімнен арманым еді.

«Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» демекші, шәкірт бойындағы ұстамдылық пен тәрбиелілік көбіне ұстазға келіп тіреледі. Ескендір Зұлқарнайын: «Даңқ пен абыройға кенелуімде мен бір адамға қарыздармын, ол – ұстазым Аристотель»,- десе, Абылайхан Төле биді, Шәкәрім ұлы ақын Абайды ұстазым деп, шексіз құрметтеп кеткен екен.

Бұрынғы қазақ даласындағы ағартушылық қызмет балаға жазу-сызу, оқуды үйретуге ғана саятын болса, бүгінгі таңдағы білім беру саясы мүлде басқаша. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді.

Ал ХХІ ғасырдың нағыз ұстазы қандай болмақ керек?

Сондай-ақ ұстаз күнбе күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуға дайын болуға тиіс.Сондықтан да ұстазды әр баланың жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады.

Мектептегі ұстаз – баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойындағы талай ағаттықты кешіре біледі. Оның бойындағы білім мен ақыл, ойының қуаты талай тентекті жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді, тәртіпке баулып, есейтіп, ержеткізеді. Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды. Осы тұста Абайдың:

3 стр., 1058 слов

Білім кілті кітапта

... Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, олардың бойындағы ана тіліне бағытталған сү ... сат бар. Мақсат бар жерде білім басты қажеттілік болмақ. Терең білім мен қатар сапалы тәрбие ... рекетке тікелей қатысушы, ол – тәрбиеші, ол – ұстаз. Сондықтан да олжаңашылдық қызметке қабілетті, азаматтық ... ң үлгісін көрсетуші. Жаңа заман талабына ілесу – әр кітапханашының міндеті деп білемін. Шәкірт санасына зор ...

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға,-

Оқушыға ұстаздық жасайтын адамның бойында өз мамандығына берілген, бар қуатын оқушыға сарқып бере алатын, онымен бірге қуана да, қайғыра да білетін барлық асыл қасиеттер болу қажет. Менің ойымша, ұстаз болу — кез-келген адамның қолынан келе бермейді. Нағыз ұстаз шәкірттерін «біз жақсы ұстаздан сабақ алдық» деп айтатындай дәрежеге жеткізу керек.

Мектепті бітіре салып, ойланбастан Алматы қаласындағы қазақтың қара шаңырағы — Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің тарих факультеті тарих және география пәнінің мұғалімі мамандығына оқуға түстім. Төрт жыл осында білім алып, диплом қолға тиген соң ары қарай білімді жалғастырып магистратура оқуды алдыма мақсат еттім. Екі жылдан соң аталмыш оқу орнының магистрі ғылыми атағына ие болдым. Жас ұрпаққа білім беру үшін Алматы қаласындағы Орталықазия техника-экономикалық колледжінде оқытушы болып жұмысқа тұрдым. Осы кезден менің ұстаздық өмірім басталды. Өзім жас болсам да болашақ еліміздің қамын ойлайтын бәсекеге қабілетті, заман талабына сай жастарына білім мен тәрбие беруде алдыма жан салмай қызмет еттім. Отанымыздың тарихын білу әрбір қазақстандық азаматтың борышы. Сондықтан жас ұрпақты отансүйгіштік пен елжандылыққа тәрбиелей отырып, атадан балаға мұра болып келе жатқан жауһар тарихымызды оқушыларға үйретуден еш жалыққан емеспін. Тұрмыс құруыма байланысты 2009 жылдан Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы №3 мектеп-интернатында ұстаздық етіп келемін. Осы мамандыққа менің табиғатым тән секілді, себебі сабақтарымда оқушылардың тарих пәніне деген құлшыныстары артып, өз белсенділіктерін көрсетіп, сыни тұрғыдан ойлап, оқиғаларға бір жақты қарамай, талдап, нағыз заман талабына сай, бәсекеге қабілетті өжеттіліктерін байқаймын. Оқушыларды оқытудың теориясы мен методикасын жетік біле отырып, өз ісіме аса жауапкершілікпен қарап, шығармашыл, ізденімпаздығымен дараланатын жас ұрпақты тәрбиелеуде қарқынды жұмыс жүргізіп келемін. Жұмысымның көрсеткіші ретінде республикалық, облыстық, аудандық сайыстарда оқушыларымның, өзімнің жеткен жетістіктерім куә деп ойлаймын. «Сырт көз – сыншы» дегендей, халық және сіздер әділ бағасын береді деген үміттемін.

Қазақстан өз тәуелсіздігін алып, жаңаша құрылымы бар демократиялық қоғам құруға кіріскеніне біршама уақыт өтті. Еліміздің болашағын жасайтын жастар білімімен қатар шығармашылық қасиеті жоғары, өзіндік көзқарасы бар, елге тұлға болатын азаматтар болуы керек. Ал ол азаматтарды оқытып, тәрбиелеп шығаратын негізгі орта – мектеп. Сондықтан қазіргі мектеп ішінара қайта құруларға жол беріп, көп істерде оң өзгерістерге қол жеткізуде. Тарих пәні мұғалімдерінің міндеті – мәдениетті түрде білімді, іскер, жеке тұлғаны дамыту, ұлтымыздың рухын көтеру, осы мақсатқа жететіндей тиімді жол іздеу. Ал менің осы жолға бет бұрғаныма біршама уақыт болды.

Сөзімді Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың мына сөздерімен аяқтағым келеді: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында».

4 стр., 1547 слов

Мені анам с переводом

... охувчуларым булангъы муалим болмагъа сез беремен. Сочинение: Ана Министерство общего и профессионального образования ... Ең қатты ұнайтыны:Анам сол кейбір тарихи кесенелерге жазғы демалысы кезінде көзімен ... мамандығы мұғалім болғанына мақтанамын, кейде аяп кетемін. Иә, иә аяп кетемін. Күні- түні ізденуден бір сәт таймайды.Мүмкін мені ... анамнан бойыма сіңіремін, ол маған «баға» үшін айтылып жатқан жоқ, ...