«Ұлы даланың ұлық тұлғасы» үздік байқауы өз мәресіне жетті

Елбасы кітапханасы Шығыстың ұлы ғалымы, философ, математик, музыка теоретигі Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай жалпы білім беретін астана мектептерінің 7-11 сынып оқушылары арасында «Ұлы даланың ұлық тұлғасы» тақырыбында үздік эссе байқауын жариялаған болатын.

Байқаудың мақсаты – өскелең ұрпақ арасында Әбу Насыр әл-Фарабидің мұрасын таныту, оқушылардың шығармашылық және әлеуметтік-коммуникативті дағдыларын шыңдау, өз Отанының тарихына, Ұлы дала елінің ұлық тұлғаларының еңбегіне деген елжандылық сезімін қалыптастыру.

Қабылдау жұмысының қорытындысына сәйкес, 100-ден астам жұмыс қазақ, орыс, ағылшын тілінде жазылып, сканерленген. Жеңімпаздарды конкурс комиссиясының мүшелері ашық дауыс беру арқылы анықтады.

7-9 сынып:

  • І орын – Амиреева Әдемі, № 37 мектеп-гимназия;
  • ІІ орын – Әбдікәрім Айым (№ 68 мектеп-гимназия), Арапбаева Назира (№ 53 мектеп-лицей);
  • ІІІ орын – Азатқызы Самғат (№64 мектеп-лицей), Хамзина Аружан (№ 73 мектеп-лицейі), Есенбекова Қыз Жібек (№ 50 мектеп-лицей), Төлеутаева Калима (№ 10 мектеп-гимназия);

10-11 сынып:

  • І орын – Алтынбекова Әзел, № 50 мектеп-лицей;
  • ІІ орын – Қонысова Измира (№74 мектеп-гимназия), Динмухаммедова Гулнур (№ 50 мектеп-лицей); Сапарбекова Дилназ (№ 68 мектеп-гимназия),

ІІІ орын – Тұмарбек Нұрдана Марланқызы (№ 2 мектеп-гимназия), Абдыкаримова Әсел (№ 71 мектеп-лицей).

Сонымен қатар «Ғылыми-ізденіс шеберлігі үшін», «Ұшқыр ойлылығы үшін» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталды. Әрбір жұмыс өзінің авторлық ой еркіндігімен, шығармашылығымен ерекшеленеді.

№74 мектеп-гимназияның оқушысы Қонысова Измира «Елімнің ертеңі жарқын болуы үшін бүгінгі жастардың бірі – мен не істеуім керек? Әрине, Отаныма, туған еліме, халқыма пайдасы тиер іспен айналысқанды жөн санаймын. Болашағымның кілті білімде екенін анық білемін. Фараби бабам «Адам өз мақсатына өзін өзі жетілдіру арқылы жетеді» дегендей, мақсатыма қол жеткізу үнемі білімімді жинақтап, толықтырып отыруым керек,- деп ой толғаса, № 68 мектеп-гимназияның оқушысы Сапарбекова Дилназ

Әзиз ата, Әл-Фараби бабамыз,

Бізге парыз – ұлылығың танымақ

Тұңғиықтан, тұңғиықтан шыға алдық

Қыпшақтардың әлемге атын шығардық.

Заманында тұра алатын қатар кім

Сен екінші Аристотель атандың, — деген өлең жолдарын арнайды.

№ 10 мектеп-гимназияның Төлеутаева Калима: Әл-Фараби еңбектерінің рухани азығы және еңбектерінің мазмұны бүгінгі тәуелсіз, бақытты ұрпақтың санасына «білім ал, дана бол, рухани бай бол» деп іштей сыбырлап, еліміздің, жеріміздің ұлыларының ұлысы болуына және жалпы рухани азығы мол, бойында адамгершілік қасиеттері басым, көкірегі ояу дана, өмірде өзінің орнын таба алған, болашақтың дамуына үлес қосқан тұлға болуға шақыратындай. Менің ойымша, балаларды Әл-Фараби тұлғасымен, оның ішінде шығармалары және нақыл сөздерімен мектеп кезінен пайымдап, таныстырғанды жөн деп санаймын. Оларға рухани мәні мол білімнің қайнар көзі саналатын ақпарат ұсынылса, өсе келе болашақта рухани сауатты, білікті, ең бірінші жан-дүниесі тәрбиеленген әрі таза, мықты, еліміздің одан әрі дамуына қызмет ететін азаматтар мен азаматшалар өсетініне сенемін! Сондықтан ғұлама атамыздың мұраларын бағалап, меңгеріп рухани байлығы мол тұлға болып жетілу біздің парызымыз деп білемін!

9 стр., 4209 слов

Царскосельский лицей в поэтическом мире Пушкина

... рассказы и пьесы, а признанные писатели расхваливают юное дарование. Изложение, доклад, сочинение по творчеству Пушкина (6 класс) позволяет ученикам проанализировать стремление Александра Сергеевича найти «свое место в ... раз печатают в журнале, а позже его признают лучшим поэтом Царскосельского Лицея. В лицее Пушкин заводит друзей, там же зарождается его первая любовь, происходит знакомство с ...

Адамзаттың жинақтаған материалдық байлығы қандай қымбат болса, ұлы тұлғалардың еңбектері мен рухани байлағы сондай қымбат. Бұл мәдени мұраның құндылығын біліп, оның маңызын жоғалтпау – біздің абыройлы міндетіміз. Әл-Фараби – рухани бұлақ бастауы, ұлы даланың ұлық тұлғасы, — деп қорытындылайды № 53 мектеп-лицейдің оқушысы Арапбаева Назира.

Жеңімпаздарға диплом және естелік сыйлықтар, қатысушыларға сертификаттар ұсынылады.

Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтарды бірінші болып оқу үшін желісінде бізге жазылыңыз