I. Қазақстан бейнелеу өнерінің тарихындағы ұлттық көрініс
1.1 Қазақстан кескіндеме өнеріндегі көркемдік
1.2 Натюрморттың кескіндемедегі ролі
II. Сәндік кескіндемедегі рухани құндылық
2.1 Түс арқылы тұрмыстық заттарды шығару
2.2 Сәндік кескіндемені шығарудағы композициялық жолдары
Қортынды
Пайдаланған әдебиеттер
Қосымша
КІРІСПЕ
Жалпы бейнелеу өнері сонау қола заманынан басталып, кәсіби деңгейлікке жеткенше қаншама стильдер мен бағыттар пайда болды бүгінде еліміз, жеріміз, тәуелсіз болды, яғни демократия деп өнерімізді экспресстік жағдайға апарып соғып жатқанымыз ешкімге де құпия емес.
Бәрімізге белгілі қай өнер саласы болмасынын өнер иелерінінің талғамын, дарындылығын және де өз өнерінің қас шебері екендігін көрермен қауым бағалайды. Сол үшін суретшілер өз ісіне жауапкершілікпен қарау керек деп ойлаймын. Сонда ғана еліміздің өнер — мәдениетті өрге басады. Неше ғасыр бойы өз ырқымен жалғасын тапқан өнердің мәнісін жоғалтып алмауға тырысу керек.
Бүгінде, бейнелеу өнерінің үлесіндегі көкейкесті мәселелердің бірі-тек қазақ жеріне ғана емес, шет елдерге де танылып жатқан қас шеберлерімізді айтарлықтай тани бермейміз, сонымен қатар Қазақстан суретшілері туралы айтылған, зерттелінген материалдар жоқтың қасы. Сол өнер иелерінің шығармаларын кеңінен зерттеп, олардың нағыз өнер тарландары екенін өнер жолында жүрген шәкірттер мен өнер сүйер қауымның баршасына кеңінен таныстыру жолын қарастыруымыз керек.
Бір айтып кетер жәйіт, кешегі ХХ ғасырда қазақ кескіндеме өнерінің дамып, қалыптасуына және ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуына өз үлестерін қосқан өнер тарландары аз болған жоқ. Арнайы білім алмаса да, өнерін тамашалаған халықтарды әлде де болсада тамсандыруда. Ал, бүгінде әрбір өнер саласында арнайы білім алар мекемелер жеткілікті. Сол білім ордаларында болашақ маман иелері мәнді дәріс алуға күш салу керек. Сонымен қатар суретшілер мен өнер зерттеушілер, мұғалімдер мен шәкірттер арасында қарым — қатынасты және түсіністікті маңызды жолға қою өнер – мәденитіміз үшін абзал болар еді.
Осындай салалардың бірі бейнелеу өнерінің де төрт керегесі түзу жағдайы сақадай сай деп айтуымызға ертерек секілді. Көбінесе білім беру шараларында болашақ мамандарымызға өнердің тұғырығы ретінде батыс пен шығыстан көз ашқызбай, өзіміздің тұнып тұрған рухани мәдениетімізбен этнографиялық құндылықтарымызды шамадан аз қолдану барысында қалықтаудамыз. Мысалға “бейнелеу өнері тарихы” пәнінен бірінші курстан Мысыр, Грек, Рим, Византия, Италия өнерлерін талдап біткенше студенттер төртінші курста отырады, енді Қазақстан бейнелеу өнеріне тірелгенде дипломдық жұмыстың уақытымен есептессек Ұлттық өнеріміз жарты семестр шамасында таныстырылады. Енді бітіріп шыққан шәкіртіміз ізденіс үстінде әр жарды бір соғып сергелдеңге түседі неге екені үйреншікті қойылымдардан бас тартып шығармашылық жолына келгенде тығырыққа тіреледі. Суретші сол-өз жолын тапқан адам өйткені өнерде де өмірдегі секілді бүреудің өмірі бүреуге өмір болмайды.
Білім кілті кітапта
... йретуші. Сендердің кітаптан үйренерлерің өте көп.сондықтан кітапты көп оқу керек. Кітап – алты қазына. Кітаптың өзі ... сат бар. Мақсат бар жерде білім басты қажеттілік болмақ. Терең білім мен қатар сапалы тәрбие ... Ол- еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы: «Ғасырда білімсіз ... ілесу – әр кітапханашының міндеті деп білемін. Шәкірт санасына зор ілім құяр кітап мекені ...
Зерттеудің көкейкестілігі:
Кезкелген қоғамның тарихи дамуы мен өркендеуі сол елдің өнері мен мәдениетіне тікелей байланысты. Оған дүниежүзілік деңгейге кеңінен танымал біртуар туындамалармен өз Отандарын әлемге паш еткен Леонардо да Винчи, Микеланджело, Пабло Пикассо, сынды тағы басқа құдіретті өнер иелерінің қас шеберліктері мен атақ даңқтары дәлел. Сондықтан да өз халқының өмір тарихын, салт-дәстүр, әдеп-ғұрпын нақтырақ зерттеп білу үшін, оның сан-салалы өнерін оқып үйренудің маңызы зор. “Ел болам десең, бегіңді түзе” деген нақыл сөзді Мұхтар Омарханұлы Әуезовтей ғұлама текке айтпаса керек. [1]
Ендеше өз халқымыздың өміршең өнерін, сол қайталанбас құдіретті өнер туындыларын дүниеге әкелген өнер иелерінің өмірбаяны мен еңбек жолдарын, хас шеберліктерінің қыры мен сырын, іс-тәжірибелерін колледж, университет табалдырығынан бастап, жас жеткіншектерге оқып-үйрету бүгінгі таңдағы педагогтар алдында тұрған патриоттық рухта тәрбиелеу ісінде халықтық педагогиканың тарихи мұралары жан-жақты зерттеп, ұтымды пайдалана білудің берері мол.
Бір сөзбен айтқанда халқымыз жүріп өткен өнер мен мәдениетке деген көзқарас жайлы тарихи-философиялық еңбектерді оқып-үйреніп, меңгермейінше, білімді де білікті, жоғарғы мәдениетті, дүниетанымы кең ұрпақ тәрбиелеу мүмкін емес.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
Дипломдық жұмыста белгіленген тақырып бойышша көзделген мақсатты бірнеше мінденттерде қарастырамыз:
- қазақ жерінде кескіндеме өнерінің дамуы мен қалыптасу жолдарындағы ерекшеліктерді ашып көрсету;
- суретшілердің алғашқы мен кейінгі шығармаларының композициялық шешімдері мен көркемдік рәсімдеріне стилистикалық және семантикалық салыстырмалы талдау жасау арқылы өзіндік идеялық ізденісін ашу;
- бейнелеу өнеріндегі жаңа ағарқылы көркем-эстетикалық тәрбие берудің бүгінгі күнге дейінгі жағдайына талдау жасау.
- Мектеп оқушыларының көркемдік талғамын қалыптастыруда жаңа ағымдарды пайдаланудың тиімділігін эксперемент жұмысы арқылы дәлелдеу.
Жұмысты зерттеудің методологиялық негізі:
Қазіргі заманда өнерді зерттеп, түсінудегі әртүрлі проблемаларды ғылым саласының негізгі барысын, ғылыми сүйене айтсақ ол жұмыстың негізгі барысын, ғылыми теориялық бағыттарды қалыптастыратын және құрайтын бірлестік. Бұл зерттеу жұмысындағы басты мақсатымыз Гулфайрус Мансұрқызы шығармашылығындағы ұлттық тақырыптардың ерекшелігін айта отырып, суретші қолтаңбасын әлем мәдениеттің бір бөлігі ретінде анықтау болып табылады. Зерттеу жүйесінде кәсіби суретші шығармашылығындағы сәндік түстердің өзіндік тұтас бір жиынтығын көрсететін концептуалдық негіз бен көп қырлы методологиялық дәлел бар.
Кескіндеме — өнер әлеміндегі орасан зор, өзіне еліктіріп әкететін, сиқырлы аймақ. Ол адамзат дамуының таң шапағында, біздің тарих-тан бұрынғы ата-бабаларымыздың үңгірлерінде дуниеге келді. Сан ғасырлар бойына суретшілердің басшылыққа алған идеялары, олардың ұмтылыстары өзгеріп отырды, бір стильдің орнын екінші стиль басты, бірақ бәрібір кескіндеме өнері жасап, дами берді.
Декоративная живопись в интерьере
... декора является декоративное панно, выполненное в соответствии с интересами человека. Оно способно обогатить пространство и поставить необходимый акцент в оформлении интерьера. Панно ... .Практическая часть (эскизы, выполненное декоративное панно) Глава 1. Основная часть. Декоративная живопись в интерьере .1 Декоративное искусство Термин «декоративное искусство» произошёл от латинского слова ...
Живопись дегеніміз — әр түрлі бояу түрлерімен жазықтык, бетінде орындалатын көркем шығарма.
Живопись атауы орыстың «живой писать» деген сөзінен алынған, яғни көріністер мен нәрселерді өмірдің өзіндегідей жанды етіп жазу деген мағынаны білдіреді.Живопись бейнелеу өнерінің аса дамыған түрі болып табылады.Живопись суреттері қағазға, картонға, тақтайға, кенепке, т. б. салынады. Негізіңен қолданылатын бояу түрлері: акварель, гуапіь, темпера, майлы оояу, пастель, сангина және т. б. Живопись — бұл майлы бояулармен жасалган және багет рамага салынған, біз музейлерде қызықтайтын картиналар ғана емес. Кескіндеме ұғымы кең әрі мейлінше сан алуан техниканы қамтиды, мысалы, түрлі сулы бояулармен — темперамен, гуашьпен, акварельмен салынган ЖИВОПИСЬ болады. Тіпті аздап боялған суретке (пастель) ауысатын КЕСКІНДЕМЕ бар, жартылай гравюра КЕСКІНДЕМЕ (МОНОТИПИЯ) бар.
«Живопись ,сурет, мүсін және сәулет өнерідің биік шыңы, барлық ғылымның түп тамыры және живопись түрлерінің жанрлары руханилықтың қайнар көзі» (Микеланджело)
«Бояулы нәрсенің түрін, түсін, кескін-келбетін суреттеп көрсету – кескіндеме өнері» (А. Байтұрсынов)
Кескіндеме, кескіндеу өнері (живопись) — бейнелеу өнерінің аса көркем бір түрі. Ол белгілі бір заттың бетіне бояу арқылы салынатын көркем шығарма өнердің барлық басқа түрлері сияқты кескіндеме идеологиялық және танымдық қызмет атқарады, адамға эстетикалық ляззат беретін құнды да әсем шығармалар тудырады. Кескіндеме дәуірінің рухани мазмұны мен әлемнің негізінде оларға береді. Кескіндеме туындысы көрерменнің сезіміне, ойына әсер ету арқылы бейнеленген шындықтан тәлім алып, өзінше қорытынды жасауына себепкер болады. Сондықтан да кескіндеменің қоғамдық – тәрбиелік мәні зор және ол деректемелік мағлұмат береді. Кескіндеме – бұл нақтылы көрсетілетіндіктен де оның көрерменге әсері күшті. Сондықтан да Н.Г.Чернышевский өнерді «өнер мектебі» деп бағалаған. Көркемдік бейне тудыруда кескіндеменің пайдаланатын құралы – сәуле, бояу, рең. Сәулені бояу реңімен нәзік астастыру арқылы өмір құбылыстарын айқын да шынайы көріністер жасайды. Суреткер шеберлігінің көрінер жері де осында. Заттың сыр сипатын, нәрсе мен кеңістіктің қарым-қатынасын, сәуле мен көлеңкенің құлпырымын, қысқасы кең дүниенің барлық жарасымымен тауып, бейнелеуде кескіндеменің тілінен нәзік те, өткір тіл жоқ. Ол көрерменді бірден баурайды. Кескіндеменің данышпандық туындыларына адамзаттың мәңгі мақсаттанатыны да содан. Кескіндеме туындысы бір жасалған қалпында қалатындықтан назарға да сол қалпында бірден шалынады. Бірақ суреттердің қылқаламына ілінген сол бір мезеттік көрініс, заманның, дәуірдің, ортаның сан алуан сырларын шертеді, сезім құбылыстарынан, жан тебіреністерінен дерек береді көрермен үнсіз тілдеседі. Кескіндеме туындылары кейбір тұлғаны, дара көріністі бейнелеп қана қоймай күрделі сюжетке, сабақты оқиғаларды да бейнелеп, олардың мәнін ашады.