С.Торайғыровтың шығармалары

1.1 С.Торайғыровтың өмір сүрген дәуірі

1.2. Ақынның психологиялық ой пікірлері

1.3. Адасқан өмір поэмасындағы адам психологиясының дамуындағы басты-

басты кезеңдер

1.4 Ақын поэзиясындағы жеке тұлғаның мәселесі

Қорытынды.

II. Негізгі бөлім.

2.С.Торайғыровтың шығармаларының психлолгиялық ой пікірлерін іске

асыру жолдары.

2.1Кім жазықты романы. Өз дәуірі туралы толғанысын тереңдете ашуға

арналған роман.

2.2 Айтыс — қазақтың ұлттық психологиясынан туған, соны жырлайтын

шығарма.

2.3 Ақын ерекше мән беріп, көтерген тәлімдік мәселесінің бірі – жастарды

ана тілді ардақтап, қадірлеуге, сүйе білуге тәрбиелеу мәселесі.

Қорытынды.

Пайдаланған әдебиеттер:

Қосымша материалдар

Кіріспе

С.Торайғыровтың шығармаларының психологиялық-теориялық мәні

Сұлтанмахмұт Торағыров (1893-1920) – ХХ ғасырдың басындағы қазақ

әдебиеті мен мәдениетінің қоғамдық ой-пікірінің аса көрнекті өкілі,

ағартушы, демократ ақаны. Ол бұрынғы Омбы уезі, Шағырай болысы, Жантай

ауылында (қазіргі павлодар облысы Баянауыл ауданы) кедей шаруаның отбасында

дүниеге келген. Алғашқыда әкесінен хат таниды, кейін ауыл моладасынан сабақ

алады. 1902-1911 жылдар аралығында тиіп-қашып мектеп, медреселерде оқиды.

өнер-білімге құлшына бас қойған ол қазақ, татар тіліндегі газет-

журналдарды, кітаптарды жатпай-тұрмай оқиды. Осы кездері Оқу, кезек

қашан келеді? зарландым және тағы басқа ірілі-уақты өлең әңгімелер

жазады. Бұларды ақын ескі оқу мен жаңа оқудың айырмасы, өнер білімнің

пайдасы, байлық, кедейлік, еңбек, тағы басқа жайттар туралы мәселелер

көтеріп, олардың біразын Айқап журналына жариялатады.

1912 жылы оқу іздеп Тройцкіге барады. Екі жылдан кейін кіндік кесіп,

кір жуған жері Баянауылға қайтады. 1914 жылдың күзінде Семейге барып орысша

оқуға түсе алмайды. 1916 жылдың аяғына дейін Қатынқарағайда мұғалім болып

жүріп, Оқудағы мақсат не?, Қазақ тіліндегі өлең кітаптар жайынан,

Қазақ ішінде оқу, оқыту жолы қалай? деген публицистикалық мақалаларды,

Қамар сұлу, Кім жазықты? романдарын жазады.

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өзінен бұрынғы қазақ ойшылдарының тәлім-

тәрбие мәселелері жайлы ой-пікірлерін ғылыми жағынан саралап, кемелдендіре

8 стр., 3532 слов

Сочинение шо ан уалиханов на русском

... қалдығы" сияқты еңбектер жазады. 1856 жылы Шоқан полковник М.М.Хоментовский басқарған әскери-ғылыми экспедицияға қатысады. Қ ... Тарбағатай жерлерін аралайды. Орталық Қазақстан-Қарқаралы, Баянауыл, Көкшетау арқылы Омбыға оралады. Бұл ... Шоқан 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысының ... нақты дәлелдейді. Мысалы: өмір шындығының сәйкестігі әдебиетте де тақырып, сюжет ұқсастығын туғызатынын Шоқан ...

түсуіне сіңірген еңбегі елеулі болды. Ол адамның сана сезімі әрекет үстінде

қамтитын, оқу — тәрбие адамның өзіндік белсенділігін қажет ететінін айта

келіп, талант, зейін, зерде секілді қасиеттердің мән-мағынасын ашып

көрсетеді.

Жас буынды оқытып тәрбиелеуде ата-ана, ағайын-туманың жақсы ақылы

мен шынайы кеңесі ауадай қажет. Білім үшін күшті ерік-жігер, ұғарлық

зейін, таудай талап, зор ықылас, ұғымталдық пен зеректік те аса қажет.

Ақынның адамгершілік, эстетикалық тәрбие жөнінде йтқандары да көңіл

аудартарлықтай. Мәселен оның ұлттық ән мен күйдің адам өміріндегі маңызы

жайлы толғаныстары қазіргі кезде жасалып жатқан ұлт мектептерінің

тұжырымдамалары ішін іздесе таптырмайтын қағидалар.

1.1 С.Торайғыровтың өмір сүрген дәуірі

(Қ №1) ХХ ғасырдың басында өмір сүрген қазақтың аса талантты демократ

ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың психологиялық пікірлері Қазан төнкерісі

алдындағы дала өңіріндегі дүрбелеңмен сабақтасып отыратындығы белгілі.

Сондықтан да оның пәлсапасының басты мәселеі ретінде жаңа заманның лебі

жақсы байқалады. Мәселен, оның таным жайлы пікірінің негізгі түйіні: бізді

қоршап тұрған сыртқы дүниенің ұшы-қиыры жоқ, ол сансыз атомдардан тұрады,

бұлардың бірі өшіп, тозып жатса, екіншілері жаңадан пайда болып жатады, ал

адамның жан дүниесі атомдардан тұрады, тәннің өзіндік заңдылықтарына орай

жүріп отырады деуі – ғылымилығымен ерекшеленеді.

Ойласам дүниеде қанша жан бар,

Адам бар, ағаш бар, мал мен аң бар,

Жанды, жансыз нәрсенің бәрі-дағы

әр себептің жемісі байқасаңдар.

Қасқыр болмақ, құс болып, ұшып қонбақ-

Сол болғандар болмаған өздігінен,

Болғызған еріксізбір себеп қолдап

С.Торайғыровтың пікірінше, адам табиғаттың туындысы, ондағы

себептіліктің жемісі. Ол дүниенің сырларын біртіндеп ашып, оны шама-

шарқынша өзгертіп отыратын белсенді тұлға. Адам сыртқы дүниемен байланыса

отыра, оны біртіндеп тани береді, сөйтіп өзінің ақыл-ойын дамытады, оның

ешбір рухани қасиеті туысынан пайда болмаған. Ақын бізід қоршаған дүние

сыры мол, үлкен дүние, бірақ оны тануға әбден болады дей келіп, мұнда

ғылымның алатын орны ерекше екендігін былайша түеді:

Зерттесе де адамға білмейтін ғып,

Дүние ешбір сырын жасырмаған…

Әлемдегі терең сыр

Ғылыммен ғана ашлымақ…

Дүние, табиғат, тіршілік жөнінде осындай ғылыми-жаратылыстық пікір

айтқан ойшыл. Ақын айналада болып жатқан дүбірлі өзгерістер мен оқиғалардың

шығу себебін, олардың түпкі негізінің неде жатқандығын, қозғаушы кімдер

екенін ажырата алмай, бұлардың басты себебін адамның ақылы мен ой-санасынан

іздеді.

Сұлтанмахмұт қазақтың ұлы ағартушалары Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин,

А.Құнанбаев шығармаларындағы сан тарапты озық та өнегелі идеяларды одан әрі

қарай дамыта түсіп, қазақтың қоғамдық ой-пікірінің дамуына елеулі үлес

қосты. Ол, әсіресе, қазақ ағартушыларының педагогика және психология

мәселелері жайлы атқан салиқалы пікірлерін ғылыми жағынан ширата түсті.

9 стр., 4301 слов

Алтын адам туралы мәлімет

... Жалпы, сакам тарихи естелік болып қайда кем милостива қарағанда, олардың собратьям және ... тақталарда халқымен, сүйегі бай одетого адам. Жанында табылған заттар дә ... Кеген, Джетытобе баурайында Талас жотасының. Басында Алтын Адамның жоғары конустық нысаны бас киім ... Жалпы, Геродот өз девятитомной тарихы туралы саках деп жазады сәл ғ ... аудандары, Орта Азия. Кейінірек Ахемениды бағындырған заң бойынша, өзіне ...

Мәселен, ол кезінде абай қолданған психологиялық ұғымдарды (арман, көңіл,

ой, ерік,жігер, қайрат т.б)онан сайын саралай түсіп, мәнін айқындап,

түсіндіріп береді.

Сұлтанмахмұт Торайғыров қазақ тарихындда бірінші болып жан мен

тәннің, яғни психика мен мидың арақатынасы туралы мәселе көтеріп, бұл

екеуінің өзара байланысын ғылыми тұрғыдан дұрыс түсіндірді. Ол жан мен

тәннің ылғи да бірлікте, тұтастықта, байланыста болатынын айта келіп:

Дене азыққа тоюдан жан ер жатер…

Жан ер жетіп, дүниенің сырын табар…-

деп адамның тәні өсумен қатар жаны, ақыл-ой, сана-сезімі де бірге өсіп,

жетіліп, дамып отырады,-дейді.тән мен жанның қоса өзгеруінің негізін

Сұлтанмахмұт тәнде, яғни мида деп түсінеді. Адам өлгеннен кейін онда қимыл

жоқ, сезім жоқ … жек көру жоқ, махаббат жоқ…өмір жоқ яғни, бір сөзбен

айтқанда, тәннен бөлінген жанда еш уақытта өмір болмайды,- деп, осы

мәселені материалисттерше баяндайды.

ХIХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген қазақ ағартушылары сияқты

Сұлтанмахмұт та адам тағдыры жайлы, оның қоғамдағы орны мен арман, мүдде

мақсаты туралы көп ойлап, терең толғанды. Ол еңбекші халыққа жан ашып, дала

өміріндегі тұрмыстың бүкіл тауқыметі кедей атаулының басында екендігін,

өмірдегі адамға қажетті нәрсенің бәрі де осылардың қолымен жасалып

жатқандығын, ал патша отаршылары мен олардың жергілікті жердегі

жандайшаптары бұларды сүлікше сорып отырғандығын жақсы аңғарды. Ақынның

ойынша, адам өскен ортасының, өмір сүрген жағдайының туындысы, Дүниедегі

нәрсенің бәрі- деп жазды С.Торайғыров Кедей поэмасына жазған

эпиграфында, — белгілі бір жағдай мен орта әсерінің нәтижесі. Бұл жағдай

ортаны жасау – жарату адамның қолынан келеді, адамның хайуанаттан

өзгешелігі де осында, адамның ақыл ойымен табылған нәрсенің бәрі де осылай

жасалған. Ақын адам психологиясының қалыптасу іс-әрекет үстінде болып

отыратынын, мұнсыз сана-сезімнің дұрыс қалыптасып, дамымайтынын, адам

тіршілігінің мазмұнын да қоршаған ортасы, әлеуметтік жағдайлар

билейтіндігін, сондай-ақ үй-іші, отбасы, әке-шешенің де дегендей жас ұрпақ

санасының қалыптасуында шешуші рөл атқарғандығын жақсы түсінген:

Жақсылық көрсем өзімнен,

Жамандық көрсем өзімнен.

Тағдыр қылды деулерді

Шығарамын сөзімнен,-

деп ол адамның психологиясы тағдырға, жазмышқа байланысты емес, керісінше

оның өскен ортасына, бәрінен бұрын оның өзіне, нақтылы іс-әрекетіне тәуелді

екенін айтты. Ақын қоғамдық жағдай адам психологиясына ерекше әсер етіп,

терең із қалдырғандығын, әр үрлі қоғамда адамдардың сана-сезімі де түрліше

болып қалыптасатынын нақты деректермен Кедей поэмасында өте нанымды

көрсеткен.

Байтікіндей менде де жүрек, жан бар,

Жүрегімде орын бар, ыстық қан бар,

Үміт бар, махаббат бар, жек көру бар

Бәрі де байдікіндей, байқасаңдар.

Туысымда онан жоқ еш кімдігім

Жалғыз-ақ менде мал жоқ, онда мал бар,-

деп, ақын екі түрлі психологияны көрсете келе, ақын адам теңсіздігі жоқ

қоғамда кісі жан-жақты дами алмайды, ондайда адам мен қоғамның арасында

4 стр., 1924 слов

М а али Ма атаев М скеуде о ы ан кезе і

... андықтан теңелгені көрінеді. Тек сыртқы жағы емес, оның түпкі қызығы ақынның көздеген мақсатымен байланысты ... згеше мәнер, машық танытып, көрікті құралдарын өте шебер қолданады. Мұқағали ... Мақатаев поэзиясы атан түйенінің жүйесі көтерген бір ғана тақырып төңірегіне тоқтасқан. Ол адам ... өте жиі қолданған. Адамның не заттың, не таби ... ғасырым/ Кез-келген ақын өз ғасырын, әлеуметтік жағдайын суреттесе, мұғалім ...

үйлесушілік болмайды дей келіп, бабасы Асан қайғы құсап, қой үстіне

бозтоғай жұмыртқалайтын бақытты заманды аңсап, армандайда.

Достарым, оған шейін асықпаңдар

Алдында әлі ататын жарық таң бар,-

деп ақын адамның жан-жақты дамуы қоғамдық прогреске байланысты екендігін,

адамдары бірімен-бірі тең, әділдік жағдайда өмір сүретін қоғамда ғана адам

психологиясы гүл-гүл жайнап отыратындығын айтады.

Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармаларында ерекше бір көңіл аударатын

мәселе – адамның әр түрлі жас кезеңдеріне байланысты жасаған психологиялық

талдаулар. Ол қазақтың ой-пікірі дамуының тарихында осы мәселені ғылыми

тұрғыдан күн тәртібіне алғаш рет қоя білген ғұлама. Адасқан өмір поэмасы

жалпы қоғамдық әділетсіздіктің туу себептері мен теңдік жолын іздеу туралы

лирикалық толғаныс түрінде жазылған. Ақын қазақ ауылы шеңберінен шығып,

капиталистік қоғамдық құрылысқа тән қайшылықтарды суреттейді. Жеке адамның

өмір кезеңдерін суреттеу арқылы ол қанауға негізделген қоғам жағдайындағы

адам тағдыры туралы ой түйеді. Өмірге таза, адал ұғыммен келген сәбидің

еркін алып, талқыға түсірген өмірдің әділетсіздігін ақын адамды адамның

қанауының жағдайларынан көреді. Ақын адам психологиясының дамуын басты-

басты төрт кезеңге бөледі: балалық шақ, жігіттік шақ, ересектік шақ,

кәрілік шақ. Ол бұлардың бір-біріне ерекшеліктерін жәй қарапайым түрде

шектемей, ғылыми сарапқа салуды ойлаған. Мәселен, Адасқан өмір поэмасының

Мен жігіт деп аталатын бөлімінде ол жігіттік шақтың психологиялық

ерекшеліктерін былайша сипаттаған:

Мен жігіт, он бес-отыз арасында,

Бұл жаста көп, бересі-аласым да …

Жалыны бойға сыймай сырттан көрініп,

Күн сайын тұрады артып қайрат, күшім,-

дей түйеді ақын жігіттік, бозбаланың кезеңінің басты ерекшелігін. Адам

баласының осынау бір кезеңі психологиялық жағынан аса бір қызық шақ.осы

кезңнің қызығын халқымыздың ақын-жыраулары бұрын да аз жырламаған. Бірақ,

олардың ғлыми сипаттамасы жалаңдау болатын. Сұлтанмахмұт жас жігітке тән

қасиеттерді жәй тізе бермей, олардың әрқайсысының сыр-сипатын, мәнін ашуға

талаптанады. Жастық шақ адамның дене күші мен рухани тіршілігінің кемеліне

келетін кезеңі. Жас адам ылғи да албырт, қажырлы, іс-әрекет пен қимылға

құштар. Оны ойландырмайтын нәрсе жоқ, нағыз романтик, тауды қопарып

тастағысы келеді, оған Срдың суы сирағынын келмейтін төзімді. Жас адам өз

мүмкіндігін, қабілет, дарынын байқап көруге де ынтызар.

Алдында толған мақсат, толған таңдау

Алайын мынасын ба, анасын ба?..

Осылайша дүниеге зор сенімменқарайтын жас адамның таудай талабы мен

қиялының шарықтамайтын жері жоғын, көксеген арманның есепсіздігін, оның

асыл мұрат іздейтіндігін, оның асыл мұрат іздейтіндігін сөз етеді. Жас

кезенде адам өмір қыспағынан қоқа бермейді. Онда күйреп, босқа мұқалу деген

жоқ, ол ержүрек батыл адам. Оған тән ерекше қасиеттң бірі алдағы жерде

жұртқа беретіні де, одан алатыны да көп, алда тұрған сансыз мақсат,

қайсысын таңдап аламын десе де, ерік өзінде. Ол үшін бәрі де мүмкін, қол

жетпес ештеңе жоқ. Осы айтылғандардың бәрін ақын былайша түйіндеді.

2 стр., 888 слов

Биологиялық әртүрлілік ұғымы және оларды сақтау

... ызды биоаулуантүрлілік туралы ғылымды зерттейді. Табиғаттағы барлық биологиялық процестер биосферамен экожүйеден тыс жүрмейді. Осыдан биоалуантүрліліктің ... әне микроағзалар түрлерін жатқызамыз. Кез келген түр дараларды құрады. Генетикалық жағынан бір біріне өте жақын келеді. Олар ... етеді. Элементарлық экожүйелердің көптүрлілігі ең алдымен олардың түрлік құрамымен анықталады.Ал ең ірі экожүйелер үшін ...

Ұқпаймын қол жетпейтін бақыт бар деп…

Үміттімін, алдар деп және ұқпаймын…

Қарын тоққа қанағат қылатұғын

Мен емес, тәнім тірі, жаным өлік.

Ірі мақсат болмаса, ұзақ іске…

Неге мен алданамын уақыт бөліп…

1.2 Ақынның психологиялық ой пікірлері

(Қ №2)

Ақын шығармаларында жастық шақтың ерекшеліктері сөзімді ыстық жүрек,

дүние мен үшін жаралған, қайғы алған жоқ жүректің бір бұрышын т.б.

осындай сөз тіркестерімен сипатталып отырады. Сұлтанмахмұттың жігіттік

кезеңге байланысты айтатын ойының түйіні, жастық шақ қиыны мен қызығы мәңгі

таусылмайтын, адам бақытын іздеуге таптырмайтын өте қолайлы кезең,

сондықтан да шамаң келгенше осы кезде құлашыңды сермеп бақ. Өмірдегі орның

қандай, нені таңдауың керек – гәптің үлкені осында. Байлық, әкімдік, атаң,

махаббат адам бақытына қандай қатысы бар? Ақын осылардың барлығына шолу

жасай келіп, шын бақыт білімде, әділдікте, адал еңбек деп өз ойын адам

бағындырудың асылы еңбек, түбінде еңбексізді еңбек жеңбек деп дұрыс

қорытынды жасайды. Ақын жастық шақта адамның ақыл-ойы интеллектісі өте

алғыр, дүниені танып – білуге құмарлығы күшті, сондықтан да осы кезде

оқуға, білім алуға ерекше ұмтылу қажет дейді. Бұған ата-ана, ағайын-туыстың

жақсы ақыл кеңесі ауадай қажет. Білім алу, бәрінен бұрын адамның һөзіне

байланысты. Ол үшін үлкен ерік-жігер, ұғарлық зейін, зор үміт, тауай талап,

шын ықылас, ұғымталдық, зеректік т.б. аса қажетті шарттар оқу инемен құдық

қазғандай, ол еріккеннің ермегі емес дейтін тұжырымды мына төмендегі

шумақтардан жақсы аңғаруға болады.

Таусылмас ғылым теңіз шалқып жатқан,

Өмір бойы оқысаң бір таусылмас

Қиындығы қинайды жанға батқан,

Білімге қарсы тұрар қандай күш бар

Бас иер талай мырза кеуде қаққан

Оқу малды таңдамас, зейін таңдар…

Молда атанған жақсы ғой, оқу болса

Баста зейін, кеудеде тоқу болса…

Адамның көңіл-күй ерекшеліктері, сезім-эмоция секілді жан қуаттары да

Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармаларында біршама сөз болған. Ақын басқа жан

құбылыстары сияқты адамның сан алуан сезімдерін (қуаныш, қайғы-қасірет,

реніш) сыртқы ортаның, яғни белгілі себептердің нәтижесінде туып отырады

дейді. Адам сезіміне әсер етпейтін нәрсе жоқ. Оған табиғат құбылыстары да,

адамның суық, не жылы сөздері де, денсаулық жағдайы да, тұрмыс-күйі де

үнемі әсер етеді. Сезім адам организмінде — бет пішінінде , көз

жанарында , қас- қабағында тағы басқа әр түрлі қимыл — қозғалыстар

тұрады , ол жүрек жұмысын да байланысты дейді .

Сезім сыртқа шықпас түсі бар ма

Оны жасырар адамның

күші бар ма

Біреу күй , біреу пішін , біреу сөзбен.

Көрсетпейтін жүректің іші бар ма?

Сұлтанмахмұт адамның ең жоғарғы сезімдерінің , яғни

эстетикалық, адамгершілік сезімдерінің табиғатына ерекше көңіл бөледі,

бұлардың қалай пайда болдып, қалыптасып отырғандығын сөз етеді. Мәселен,

оның айтуынша жақсы ән мен тәтті күй,Яғни жақсы музыкалық әуен адам

7 стр., 3181 слов

Ескендір қандай адам

... екені ешқандай авторда, немесе фольклорлық шығармада кездеспейді» деген пікірі мүлде ұшқары. Ескендір туралы жазылғ ... оймайды. Сол естіген, білген нәрселерді адам қайткенде есінде сақтап, қалай ұмытпай, оларды өзінің өмір серігі етуді ... асым» поэмасы да - романтизм сарыныңдағы поэма. Бірақ негізгі стилі солай бола тұрса ... келген: ХІХ ғасырдың екінші жарымында қазақ халқы үшін қажетті мәселе соғыс емес, ...

құлағының құрышын қандырып қана қоймай, оның сұлулық, әсемдік сезімдерінің

қалыптасуына да ерекшк әсер етеді. Халықтың арғы – бергісін қозғап,

естеріне түсіріп мұң- мұқтаждарын зарлап , кем-кетігін көрсетіп, әдемі

даусымен құйқылжытып тұрғанда қандай тас көңіл болас да жібімеген

еркіне қоймайды .Халықтың қайдағы-жайдағысы ойына қозғалып түсіп, қандары

қайнап, тіпті арқалары қозып кетеді. әркімнің көңіл көздерінен, жастары

моншақтап, бойлары балқығандай шартпа-шұрт қол шапалақтасып тарқайды- деп

жазды ақын. Өлең хәм айтушылар деген мақаласында:

Ол ләхи ант етемін, ала атымен

Орыс тілін білемін хәм хатымен

История, география пәнді білмей

Оллахи, тірі болып жүрмеспін мен

Келгенше осыларды отыз жасқа

Іншәлла бәрін түгел ұғамын басқа

Отыз жасқа келгенше ұғалмасам,

Жер жұтсын, мәз болмаймын ішер асқа!

Сұлтанмахмұттың ақындық, азаматтық жаңа бағдарламасы ретінде ұсынған

осы сөзінен лапылдап тұрған ақындық мінездің қайсарлық пен табандылыққа

ұласуын көреміз.

Ешбір кедергіге мойын ұсынбай Ілім, білім жинап халыққа қызмет ету,

жұлдыз болып емес толған айдай балқып, туып елікке жарық болу, сөйтіп,

Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып, күн болу мұздаған елдің жүрегін

жылытуға кіру — Сұлтанмахмұт мұрат тұтқан асқақ идеялар. Сол ғана айта

алған, сол ғана армандаған тың жол, тың мақсат! Осы арқылы ол лирикалық

кейіпкері бойына дәуірдің рухын дарытты.

Сұлтанмахмұт шығармасында ескіні сыңау айрықша бір өткір түрге көшеді.

Ол қазақ ішіндегі ұнамсыздық, келеңсіз мінездерімен кеттесе, оларды ызалана

шенеп,мінейді. Заманына, заман адамына, қазақ қауымының сол тұтастығы

өкілдеріне деген ащы сөз Сымбатты, сұлу, Жарлау, Бұлар кім? сияқты

өлеңдерде анық бой көрсетеді. Жалауда ақын қазақтың сол кездегі бас

көтерер азамттарына, ұлы-қызына, ақсақалдарына жар сала отырып, олардың

өнер, білімге ең жарарлығын, дау-жанжалға құмарлығын бетіне басады. Қазақ

қызының тағдырына аяушылық білдіріп, мал құмар, қыз құмар шалдарды

тіршілігінің, ұғым-нанымын трең бейнелейді, ескі ауылды құрт аурудай

жайлап есеңгіреттекен, тоздырып бара жатқан әдет-ғұрыптың кер тартпа

жақтарын әшкерлейді. Сол негізінде феодалдық-париархалдық қоғамның күйреуін

көрсетеді. Ақынның суретінде Қамар — өз заманының озық қызы, сұлу, ақылды,

ақын, аздап болса да оқығаны бар. Соны сүймеген адамына байлап, беріп, оның

жан ауруын түсінбей басқа балгерге емдетіп, төбесін тестіріп, қолдан

өлтірген – сол дәуірдің қоғамдық тәртібі. Ақын оларғы лағынет айтады,

кектенеді, ызаланады. Тәртәпте, оны жақтаушы адамдарда өзгеруі керек.

Жалғыз-ақ жаны ашитын жастар (Қамардағы өлердігі сөзінен) қалуға тиіс.

Болашақ қоғам иесі солар, Сұлтанмахмұт ызасын тудыратын ескі тәртіптің

жасауылдары – ел басшылары, үстем тап өкілдері, дін адамдары соларға қоса

надан халықты билеген ескі салт-сана, ұғым (Қамарды Нұрымның алуын

қызықтап жүрген бишараның бақыты бар екен, Ахметке барса несін беріп

қаратар еді деп Нұрымның байлығына қошемет айтушы топтар).

Ақынның олардың

бәрімен кетісіп, іргесін ашысып, тұрғаны танылады.

5 стр., 2285 слов

Мұхтар әуезов театры

... өмірдің өзіне іріктетіп, сұрыптатып отырады. Мұхтар Әуезов шығармашылығының көк қауырсын кезінде ... ескі әдет-ғұрыптарды сынауға арналған. Жазушы қазақ халқының әдебиеті, мәдениеті, рухани м ... – дара, оқшау секілденеді. Бірақ оларды іштей жалғастырып тұрған негізгі ... халықтар тағдырларының тоғысуымен орайластырыла баяндалады. Роман – эпопеяда оқиғалардың объективтік ағысы, жеке адамдар тағдырының қоғамды ...

Осыған жалғас жазылған Кім жазықты? романы да Сұлтанмахмұттың

өз дәуірі туралы толағынысын тереңдете ашуға арналады. Мұна ол қазақ қоғамы

ойларын ел тағдырын, ұстап тұрған беделді, белді адамдардың бейнесі арқылы

көрсетеді, олардың өмір жолы, тәрбиесі, ісі, мінез-құлқы жан-жақты

суреттеледі. Жасынан тәрбиесіз өскен бай баласы Әжібайдың жеке өмірі де,

қоғамдық болыстық қызметі де, халық көңілінен шыға алмайды. Ол зорлық

зомбылықты, қара күшті жатап, өзі тектес әдремен байланыс жасап, іргесі

шайқалған шаруасын реттеуге, ауылға кіре бастаған жаңалықтарды өршітпеуге,

тіпті шығыға (Әнуар бейнесі) күш салады. Жазушы Әжібайды жеке адам ғана

емес, қазақ қоғамын салмағымен басып қорғап, жаңаруына бөгет болып

отырған ауыртпалықты жиынтық бейнесіне (Әжібайшылдық) көтереді.

Әжібайшылдықты тудырып отырған да – қазақтың ескі тәрбиесі, ортасы,

тәртібі. Ол есейіп алып, сол тәртіпті қорғаушыға айналады. Оның айналасы –

рулық дау жанжал, таптық тартыс, жылаған әйелдер жаңалықты қабылдамайтын

меңіреу, мылқау топ. Жазушы Әжібайшылдықтың әлеуметтік тегін іздейді,

осыларға Кім жазықты? деген сұрау қояды.

Сұлтанмахмұттың Алашордаға тілексеттігін, олардың жолын құаттап

еңбектер жазуын кездейсоқ дүние деп қарауға болмайды. Оны ақынның сол

кездің маңызды саяси қоғамдық мәселелеріне, ел өміріндегі жаңалықтарға

сергектікпен үн қосуы ретінде