Биологиялық әртүрлілік ұғымы және оларды сақтау

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: Биологиялық әртүрлілік ұғымы және оларды сақтау.

Дайындаған: Сатмұхамбетов Ә

Тексерген: Джаманова Г.И.

Семей

2014 жылы

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

І Биологиялық әртүрлілік туралы түсінік

1 Биоалуантүрліліктің құрылымы мен деңгейлері

ІІ Биологиялық әралуандылық және оларды сақтау

2. Биоалуантүрліліктің өзгеруі

2.1 Биологиялық әралуандылықты сүйемелдеу

2.2 Биологиялық әралуандылықты сақтау

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Биоалуантүрліліктің экожүйедегі байланыстарының толық болуының шарты және негізгі факторы бола отырып, оның ең маңызды қасиеті — тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Элементарлық (іс жүзінде бөлінбейтін) экожүйелердің көптүрлілігі ең алдымен олардың түрлік құрамымен анықталады. Ал ең ірі экожүйелер үшін алуан түрліліктің артуына оларға кіретін кіші деңгейдегі экожүйелердің маңызы артады. Биосфераның геологиялық тарихының барысында онда тіршілік ететін ағзаларының түрлерінің саны тұрақты болмаған. Әрбір түр белгілі бір уақыт қана өмір сүреді. Шамамен 10-30 млн жыл түрлерінің ішінде өмірі өте қысқа (бірнеше мың) және ұзақ өмір сүретін түрлер — тірі қазбалар да бар. Мысалы, мүктер өзгермеген қалпында шамамен 500 млн жыл , жалаңаш тұқымды ағаш — гингко дәуірінен бері 150 млн жыл тіршілік етіп келеді. Жануарларының ішінен тірі туатын балық латимерияны атауға болады. Ол 60 млн жыл бұрын жойылып кеткен деп есептелінді. Бірақ 1938 жылы Комор аралдарының маңынан табылған.

Экология ғылымы ең маңызды биоалуантүрлілік туралы ғылымды зерттейді. Табиғаттағы барлық биологиялық процестер биосфера мен экожүйелерден тыс жүрмейді. Осыдан биоалуантүрліліктің үш үлкен бұтағы тарайды. Әрбір бұтағы деңгейлерге бөлінеді. Биоалуантүрліліктің әр деңгейі бөлімдерге бөлінеді. Бұл бөлімдерде биоалуантүрлілік әртүрлі тірі ағзалардың арасындағы ерекше туындысы ескеріледі. Олардың арқасында көрсеткіші құрылады, қоршаған ортаға төзімділікті қамтамасыз етеді. Биоалуантүрліліктің жоғары деңгейде көптеген әртүрлі экожүйелер және ландшафтар орналасады. Табиғатта біртекті мекен орталары болмайды. Біз биоалуантүрлілік жайында сөз еткенде, ең біріншіден көптеген жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар және микроағзалар түрлерін жатқызамыз. Кез келген түр дараларды құрады. Генетикалық жағынан бір біріне өте жақын келеді. Олар еркін шағылысады және өсімтал ұрпақ береді. Сол уақытта кейбір даралар түрлері басқа даралар түрлерімен еркін шағылыса алмайды. Ғалымдар әрдайым жаңа жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар және микроағзалар түрлерін сипаттап, жаңа түрлерін атауда. Біздің планетамыздағы түрлердің нақты санын ешкім келтіріп бере алмайды. Алайда жануарлардың түрлері өсімдіктер мен саңырауқұлақтардың, бактериялардың санынан әлдеқайда басым түседі.Егер ертеректе бір түр орташа алғанда 2000 жылда жойылып отырса, соңғы 300 жылда әр 10 жыл сайын жойылып отыр.

5 стр., 2202 слов

Т тенше жа дай кезіндегі ауіпсіздік шаралары

... ған және пайда болған төтенше жағдайлар, олардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шаралар туралы хабардар ету; - — төтенше жағдайлар кезіндегі құтқару, авариялық- қалпына келтіру жә ... төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия төрағасы қабылдайды. Қауіпті өндірістік объектілердегі авариялардың себептерін тексеру тәртібін «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік ...

1600 жылдан бастап омыртқалы жануалардың 173 түрі (109 құстар және 65 сүтқоректілер) және өсімдіктердің 20 түрі жойылып кетті. П. Ревелль мен Ч. Ревельдің болжамы бойынша алдағы 20 жылда миллионға жуық түрлер жойылып кетуі мүмкін. Олардың көпшілігі тропиктік ормандарды мекендеушілер. Түрлердің санының күрт төмендеуі мен түрлердің жойылу себептері алуан түрлі. Көбінесе олар мекен ету ортасының өзгеруі немесе бұзылуымен байланысты. Омыртқалы жануарларға қатысты алсақ бұл факторға түрлердің жойылуының 60 пайызы жағдайлары сәйкес келеді. Екінші орында шектен тыс пайдалану , содан кейінгі орында азық қорының кемуі, зиянкестерді жою және кездейсоқ жемтік тұр.

Экологиялық мәселелерді және биологиялық алуантүрлілікті сақтаудың бір жолы — Қызыл кітап. Табиғи ресурстары мен табиғатты қорғаудың халықаралық одағы (МСОП) бүкіл планетаның Қызыл кітабын құрастырған.

І.Биологиялық әралуандылық туралы түсінік.

1.Биоалуантүрліліктің құрылымы мен деңгейлері.Биологиялық — әртүрлілік адамзатты шексіз ұзақ уақыт энергетикалық, техникалық және басқа ресурстармен қамтамасыз етудің жалғыз көзі. Биоалуантүрліліктің экожүйедегі байланыстарының толық болуының шарты және негізгі факторы бола отырып оның ең маңызды қасиеті-тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Элементарлық экожүйелердің көптүрлілігі ең алдымен олардың түрлік құрамымен анықталады.Ал ең ірі экожүйелер үшін алуантүрліліктің артуына оларға кіретін кіші деңгейдегі экожүйелердің маңызы артады.

Экология ғылымы ең маңызды биоаулуантүрлілік туралы ғылымды зерттейді. Табиғаттағы барлық биологиялық процестер биосферамен экожүйеден тыс жүрмейді. Осыдан биоалуантүрліліктің үш үлкен бұтағы тарайды.Әрбір бұтағы деңгейлерге бөлінеді. Биоалуантүрліліктің әр деңгейі бөлімдерге бөлінеді.Бұл бөлімдерде биоалуантүрлілік әртүрлі тірі ағзалардың арасындағы ерекшше туындысы ескеріледі.Олардың арқасында көрсеткіш құрылады,қоршаған орта төзімділікті қамтамасыз етеді. Боалуантүрліліктің жоғары деңгейде көптеген әртүрлі экожүйелер және ланшафтар орналасады. Табиғатта біртекті мекен орталары болмайды. Біз биоалуантүрлілік туралы сөз еткенде , ең біріншіден көптеген жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар және микроағзалар түрлерін жатқызамыз. Табиғатта жануарлардың биоалуантүрлілігі көптеген белгілерге тәуелді болады. Кез келген түрде немесе экожүйеде үш негізгі әртүрлілікті көрсетуге болады.Табиғаттағы жануарлардың биоалуантүрлілігі көптеген белгілерге тәуелді болады.Кез келген түрде немесе экожүйеде үш негізгі әртүрлілікті көрсетуге болады.Олар:

Генетикалық әртүрлілік дегеніміз — түрдегі әрбәр дараға тән генетикалық жиыны. Бұл әртүрлі қасиеттерге ие болудың көрінісі.

Генетикалық

Экологиялық әртүрлілік — түрдің даралары таралған белгілі бір аймақты қамтитын және биотикалық қауымдастықтың бір бөлігі болуы керек.

2 стр., 695 слов

Сочинение аза станны таби аты

... документа «?аза?стан таби?аты » Желтоқсанның жиырма екісі Сынып жұмысы Қазақстан табиғаты Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты ... екі түрге бөлінеді: 1. Жалпы есім: мектеп, табиғат, орман, т.б. 2. Жалқы есім: Астана, Қазақстан, Арман, т.б . Оқулықпен жұ ... тиісті тәуелдік жалғауларын қойып жазыңдар. Қазақстанда жалпы 48 262 көл бар. Қазақстан аумағ...на көлдер біркелкі таралмаған. ...

Экологиялық

Ландшафтық әртүрлілік — қоршаған ортаның ең маңызды бөлімі жер бедерінің рельефі болып табылады.Ол өміршең және құбылмалы болып келед.

Ландшафтық

Кез келген түр дараларды құрады. Генетикалық жағынан бір біріне өте жағын келеді. Экология ғылымы ең маңызды биоалуантүрлілік туралы ғылымды зерттейді. Тірі материя ең маңызды үш деңгейге сәйкес келеді:

+ ағзадан төмен-молекулалық,клеткалық,үлпалық және мүшелер жүйесіндегі деңгейлерді біріктіреді.

+ ағзалық жүйені құрайды.

+ ағзадан жоғары-популяциялық түр жүйесін, экологиялық жүйені және биосфераны қамтиды.

Табиғаттағы барлық биологиялық процестер биосферамен экожүйелерден тыс жүрмейді. Осыдан биоалуантүрліліктің үш үлкен бұтағы тарайды. Әрбір бұтағы деңгейлерге бөлінеді. Биоалуантүрліліктің әр деңгейі бөлімдерге бөлінеді. Бұл бөлімдерде биоалуантүрлілік әртүрлі тірі ағзалардың арасындағы ерекше туындысы ескеріледі. Олардың арқасында көрсеткіш құрылады,қоршаған ортаға төзімділікті қамтамасыз етеді, яғни биоалуантүрлілік үш деңгейде кездеседі:

Органикалық молекулаларсыз тіршілік болмайды

БИОАЛУАНТҮРЛІЛІК үш деңгейде кездеседі.

Морфологиялық деңгейде құрылымдық жасушасыз ұлпасыз, мүшелерсіз тіршілік болмайды.

Түрде, популяцияда ағзасыз жүйе құрылмайды.