Қазақ филологиясы және қоғамдық ғылымдар кафедрасы
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВТЫҢ БАТЫР БАЯНПОЭМАСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ҚАБАТЫ
Орындаған:
4-курс студенті … … … … … … … … … … … Төленбаева С.
Ғылыми жетекші:
ф.ғ.д.,профессор … … … … … … … … … … … Ысқақұлы Д.
Норма бақылаушы:
ф.ғ.к.,аға оқытушы … … … … … … … … … … … Сыдықова Ж.
Қорғауға жіберілді:
- мамыр 2010ж.
Кафедра меңгерушісі
СДУ доценті … … … … … … … … … … … Құсайынова М.
Алматы,2010
РЕФЕРАТ
Бітіру жұмысының тақырыбы: Батыр Баян поэмасының көркемдік қабаты
Бітіру жұмысының көлемі:
Пайдаланылған әдебиеттер саны: 33
Жұмыстың құрылымы: Бітіру жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті: Батыр Баян поэмасының көркемдік қабатын ашу. Ақынның поэмада қолданған бейнелеу сөздерін, тілінің көркемдігін ашу. Поэманы талдай отырып ондағы тақырып, идея, өзге оқиғалармен байланысын көрсету. Сонымен қатар жанрлық түрін ажырату. Көркемдігі мен мән-мағынасына терең үңілу.Ақынның қазақ халқының сол кездегі халық жағдайын қандай тарихи оқиғалармен байланыстырған, соны талдап көрсету. Көркемдік қабатын анықтау.
Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Кіріспеде жалпы ақынның поэманы жазудағы шеберлігі, ақынның өзі туралы, тақырыптың зерттелу деңгейі туралы айтылады.Бірінші тарауда Батыр Баянның тарихи-сюжеттік негізі қарастырылады. Екінші тарауда Батыр Баян поэмасының көркемдік қабаты туралы сөз болады.Үшінші тарауда Батыр Баянпоэмасының жанрлық түрі зерттелді. Қорытынды бөлімде жалпы жұмыс батысы жұйеленіп,нақтыланады.
Жұмыста қолданылатын әдістер: Бітіру жұмысында салыстыру, талдау, тарихи тұрғыдан жүйелеу әдістері қолданды.
Пайдаланылған дерек көздері: Ғылыми әдебиеттер мен жұмыстар алынды. Сонымен қатар сөздіктер, көркем әдеби шығармалар қолданылды.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … .
1.Батыр Баян поэмасының тарихи-сюжеттік негізі … … … … … …
«Қозы Көрпеш — Баян Сұлу» жырыдағы Баян образының ...
... еңбек сіңірді. "Қозы Көрпеш-Баян Сұлу” жыры-халқымыздың көне тарихынан жеткен асыл мұра, әлемдік мәдени-тарихи құбылыс. Жыр тақырыбы- ... р, сый, сияпат. Сол кезеңнің сипатын танытатын заттық, көркемдік детальдар. Ал Баян бейнесін бұл құбылыстан бөлек алып суреттеу тіпті ... сәлемдеме – заттардың жол –жөнекей түсіп қалуы топонимикалық аңыздардың дүниеге келуіне себеп болады. Оқып көрейік: Көктаймен батыр ...
1.1Тарихи сюжеттер … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … …
2.»Батыр Баян»поэмасының көркемдік қабаты … … … … … … … .
2.1 Стильдік ерекшелігі … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … …
2.2 Ақының эпикалық құлашы,адам образын жасау шеберлігі … … … … … … .. .
3.»Батыр Баян» поэмасының жанрлық түрі … … … … … … … … … .
Қорытынды … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … .
Пайдаланылған әдебиеттер … … … … … … … … … … … … … … … … ..
Кіріспе
Ақындық қасиетті туғызатын ақынның өзі. Сол күштің арқасында ақындық туып, өлеңнің өрнегіне бөленіп,қаламынан сондай керемет те, бүкіл жан-дүниеңді баурап алатындай керемет туындылар қаншама. Сондай туындылары арқылы халқының аяулысы, өз өлеңдерінің жыршысы бола білген-Мағжан Жұмабаев.Мағжан ақынның поэзиясы, прозасы, поэмасы болсын бүгінде қазақ әдебиетінің төрінен орын алып, өз оқырманының жүрегіне өшпес мұра ретінде із қалдыра білді. Қазақтың ұлы ақыны Абайдан кейінгі, өлеңдері арқылы қазақ халқының тіл өнегесін байытуда өз үлесін қосқан ақын, әрине Мағжан. Ақынның артында қалдырып кеткен мұрасы бүгінге дейінгі қазақ халқының бүтін бір тарихы.Әрі жан-жақты зерттеуді қажет ететін аса бір құнды байлық. Ақынның өмірі мен шығармашылық жолы бүгінгі ұрпаққа жетіп, сол ұрпақпен бірге ақынның өзі болмаса да, мұрасы мәңгі жасап келе жатыр.Ақын сонау қиын да, сұрапыл заманда өмір сүріп, халқының мұң-зарын сол жырлары арқылы жұбата білді, жанынан табыла білді.
Әр дәуір өз ақынын туғызады десек,Мағжан шығармалары өз заманының тұтастығы бір шежіре секілді, көз алдыңа жан-жақты жүрек тебіренісімен, өз үнімен, қайталанбас өз ерекшелігімен көркем де, шыншыл отты сөзбен жасалған тұлғалармен сомдалған соны дүниені жайып салады. Бүгінде өз алдына тәуелсіздік алған егеменді еліміздің мәдениеті мен әдебиеті ұлттық сипатын айқындау түсуде. Бұл мақсаттың алғашқы қадамы алаштың ардақты ұлдарын ақтаудан басталады.Алаш азаматтары, яғни зиялылар қауымы қазақ ұлтын жеке автономиялы мемлекет етіп құруды мақсат етті. Олардың осы өмірлік мұраттары шығармашылық жолына айналды.Алаш арыстары аңсаған еркіндік елге егемендік болып енді оралды. Осы лекпен ортаға оралғандардың қатарында Мағжан ақын да болды.Мағжан Жұмабаев қаламынан туған классикалық шығармалар ұлт әдебиетін белгілі көркемдік дәрежеге көтерді.Ал ақын көркем туындыларындағы эстетикалық таным өз бастауын ұлт тарихынан , халықтың мәдениетінен, жыраулық поэзиядан алып жатады.Ақынның осы негізде қалыптасқан азаматтық позициясын (ұстанымын) таныту да, патриоттық рухта жазылған поэмаларының да ролі зор.Өйткені поэма идеялары ұлт тағдыры проблемаларынан туындаған.М.Жұмабаев поэмалары халықты әдебиетпен байланыстыра дамыту арқылы поэма жанрынан әлемдік әдебиеттер үдерісімен жаңа бағыттағы мазмұнды қолданыстар жасаған. Ақынның көркем шындықты сомдаудағы шығармашылық әдістері поэма жанрының түрлерін тудырды. Бұл ақынның азаттық пен тәуелсіздікті аңсаған, Алаш қозғалысы идеясымен суарылған туындылары. Мағжан Жұмабаев шығармашылығындағы идеялық-көркемдік ізденістердің бәрінде алашшыл көзқарас сабақтастығы , пікір жалғастығы ұласып жатады.
Батыр баян ма жан ж мабаев
... үшін ең қымбатты және ең пайдалы өлең деп бағалады. Мағжан тану Жұмабай ұлы – философ ақын. Ақынның философиялық көзқ ... зор қуатпен жырлай білді (“Батыр Баян”, “Оқжетпестің қиясында”, “Қойлыбайдың қобызы”, “Өтірік ертегі”, “Шын ертегі”). Ақын шығармашылығының үлкен бір арнасы ... таныс поэмасы “Батыр Баянды” жазып, жарыққа шығарады. 1923 – 1927 жылдары Мәскеуде Жоғары әдебиет-көркемөнер институтында о ...
Бүтін бір қазақ халқының ақыны, өз жырларының патшасы десек те
болады.Ақын поэмалары бүтін бір қазақ халқының тарихы болмаса да, сол халықтың керемет те, ержүрек батырларын танудағы бізге негізгі барар жол болып табылады. Қазақ халқының рухани мұрасы,қазынасы ақынның шығармалары.
I тарау
Батыр Баян поэмасының тарихи-сюжеттік негізі
Өткен жиырмасыншы ғасырдағы ұлттық поэзиямыздың санаулы биіктерінің бірі ғана емес, нағыз шыңы -Мағжан Жұмабаев шығармашылығы.Бұл -аксиома, яғни дәлелдеуді керек етпейтін ғылыми айқын шындық. М.Жұмабаев есімі тарихымызда шығармашылық шеберлігі, стильдік анықтығы т.б. профессионалдық ерекшеліктерімен ғана емес, ұлттық әдебиетіміздің тағдырына арналған патриоттық рухтағы ой бастамаларымен әсіресе құнды. Сонымен бірге ақын өз жырларының ерекше тақырыбы, авторлық концепциясы арқылы, ұлттық поэзиямызды кеңес тұсындағы таптық идеядан қорғауға талпынды. Түрікшілдікті, батырлықты жырлап, ондағы іс- әрекеттерді бүгінгі ұрпаққа патриоттық сезімнің символы етті. Мағжанның өз тұсындағы және рухани болашақтағы құлдырауды болжай білген ақындық гипотезасы- поэмаларындағы бүкіл патриоттық рухтың негізі. Ақын поэмаларының идеясы-ұлтты тапқа бөлмей біртұтас сүю, түркі бірлігі және осы концепция негізінде келер ұрпаққа бағыт, тәрбие, рух беру.
XX ғасырдың басында қазақ әдебиетінде тарихи тақырыптарға оралу тенденциясы басым болғаны белгілі. Ал тарихты сөз өнерінде ежелгі халықтық поэзия үлгісінен өзге жаңа формада көрете алу суреткердің шеберлігіне, жеке жетістіктеріне байланысты мәселе екені анық. Әйтсе де, тарихи тұлғаны идеалды өмірдің образына, әдеби қаһарманға айналдыру туралы жалпы сұрақ туындады.Дәл осы сұрақ төңірегінде арнайы әдеби тартыс болмаса да, осы кезеңдегі қазақ жазушылары шығармашылығындағы жаппай талпыныстар осының айғағы.Осы кезеңдегі әдеби даму үрдістері, яғни жазушылар шығармашылығындағы тарих пен фольклор байланысының үлгілері осы тарихи тұлғадан көркем интерпретацияға дейінгі аралық еді.Мағжан шығармашылығының профессионалдық сатыға көтерілуіне образға келер алдындағы үлкен даярлығы мен философиялық терең анализі әсер етті. Осы кезеңде өз шығармашылығының биік дамуында тұрған Мағжан Жұмабаев бұл сұраққа өзіндік ерекшелікпен келді. «Батыр Баян» поэмасын жазудағы ізденісі тарихи деректі көркем туындыға айналдыруда ақынның шығармашылық еңбегінің үлгісі бола алады.Мысалы, ақын Батыр Баян поэмасын жазуда Шоқан Уалиханов деректеріне сүйене отырып, тарихи шындықты жазушылық қиялмен дамытып, өзге деректермен қоюластырған. Мағжан өзі тарихшы ретінде жеке ізденіп деректер жинақтап, поэмасын терең философиялық ой-тұжырымдарға құрады.Бұл-жазушының шығармашылық және суреткерлік жұмысы алдындағы дайындық лабороториясында ой жинақтауы яки шығармашылық қажетіліктен туындайтын құбылыс.
«қозы көрпеш-баян сұлу» на казахском языке. минимум 7 предложений
... ған еді. Батыр қыз ғашығының күмбезіне келіп, өзіне қанжар салып қол жұмсайды.Ия,бұл қос ғашықтың артында тек жыр ғана емес,әсем "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" кесенесі де ... ң саны артуда. Шоқан Уәлиханов :"Қозы Көрпеш - Баян сұлу" жыры - қазақ эпосының шоқтығы. Оның сюжеті халықаралық, бірақ бірде-бір халық оны дəл қазақтардай ғажайып ...
Жиырмасыншы-отызыншы жылдар қазақ қоғамының қалыптасу және ғылымы енді дами бастаған балаң кезеңі еді. Сонымен бірге ақын әдебиеттің спецификалық талаптарына сай тарихи тұлғалардың өмірімен терең танысып, белгілі-бір құбылысты немесе оқиғаны көркем шығармаларына арқау еткен. Ақын-алдымен сөз шебері. Ал тарих-ақын үшін деректік негіздердің арсеналы немесе әлем туралы жалпы танымдардың қайнар көзі ғана емес, суреткерлік танымының бір элементі болып қалыптасып кеткен. Бұл, Мағжанның суреткерлік әлемінде, әсіресе философиялық ой-тұжырымдарынан ерекше байқалады. Ақын философиясы жеке басының трагедиясымен астасып жатса, трагедиясы ел тарихынан туындайды. Ежелгі аңыз, тарихи сюжеттер Мағжан поэмаларында мүлдем басқа мағына, басқа мінезге ие. Себебі, адамдар, мінез, көзқарас-бәрі өзгерген, яғни тарих өзді-өзі «пародия» жасауда.Мысалы,Нысанбай ақынның тарихи поэмасындағы, М.Әуезов пьесасындағы, М.Жұмабаев поэмсындағы Кенесары бейнесі осыған дәлел.
Мағжанның суреткерлік жүйесіндегі тарихи-көркем тұжырымдарымен байланысты тағы бір ерекшелік-қоғамдағы саяси-әлеуметтік «бай» және «кедей» яғни «жоғары», «төмен» тәрізді метафизикалық шек қоюды қабылдамауы.Біріншіден, ақын ұғымында бұл категориялар бір қалыпты емес өзгермелі.Яғни тұрақты ештеңе жоқ.Екіншіден, бұл ақынның азаматтық позициясына қайшы келетін тұжырым. «Адамның шын мағынасымен адам болуы үшін өзін сүю, жақындарын сүюмен қанағаттанбай, жалпы адамзатты сүюі шарт. Өзінің һәм жақындарының ғана пайдасын іздемей, жалпы қалың халықтың пайдасын іздеуі шарт. Халық пайдасын өз пайдасынан да ілгері қоюы шарт. Адам шын ізгі адам боламын десе, халық ісі, халық пайдасы жолында құрбан бола білсін. Қазақтың жазушысы Міржақып Дулатов бір өлеңінде:
«Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш,
Емеспін жемісі көп тамаша ағаш.
Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі,
Пайдалан, шаруаңа жараса, алаш»,-
дейді. Міне алашты халық десек, халықты шын сүйген адам «жарты жоңқасы» қалғанша халық үшін қызмет істеуге тиісті». [1,302-303 б.]
Мағжан үшін «жоғары» категориясы әдеби эстетикалық танымдағы өлшем емес, поэзияның өз идеялық қуатымен жететін биіктік. Яғни «жоғары» жасалынып, және әрдайым қозғалыста дамып отыратын мәдениет пен тарих саласындағы объективті баға. Егер біз Мағжанды өзінен кейін мектеп қалдыра алған ақын деп қарасақ, онда Мағжан мектеп принципі бойынша: ақын санасы өз халқы, тіпті жалпы адамзат үшін әділеті тура жолды көре алардай дамыса, ол «жоғары» және «аса жоғары» яки «интеллектуал».Басқалардан тағы бір өзгешелігі- Мағжан шығармасының нысанасында табиғат, махаббат, достық т.б. емес, арғы-бергі тарихтағы рухани өткір коллизиялар және конфликтілер. Яғни, біз Мағжан шығармашылығынан сезім тереңдігі мен байлығын ғана емес, жоғары деңгейлі руханилық пен трагедиялық шешімдерді де көре аламыз.
Сонымен » жан диалектикасы» мен «психологизмді» Мағжан шығармаларына негіз етіп жасай алдық демесек те, ақын шығармашылығындағы әлем мен жайдақ баяндау емес, өз қалінше көп қырлы, көп мәнді құбылыстар.
Толық қамти алар болсақ, Мағжан поэмаларының астарына өз тұсындағы тарихи проблемалар негіз болған. Яғни ақын шығармаларының қай планында болмасын өз тұсындағы тарихи, рухани мәселелерді көтеріп, қозғап, қатыстырып айтып отырады. Мәселенің түйіні-шығармаға арқау болған оқиғаның қай дәуірде болғандығында да емес, оның шындық талабы мен талғамына лайық бейнеленуінде. Көркем туындының қоғам қалтарысында қалмай, заманнан заманға жетер ұлылығына себепкер тағы да туындыгердің ой-өре биіктігі, адамдық табиғаты. Мағжанның да тіршілік тауқыметін мойындай отырып:
Әдеби . «Ар-намыс мәселесін автор «Батыр Баян» ...
... 15 минут Қолдану «Ар-намыс мәселесін автор «Батыр Баян» шығармасында қалай көтерген?» эссе жазу. Оқушылар эссе жазады Аяқталуы Сабақты бекіту 10 минут ... өрнекілік. Рефлексия. Пәнаралық байланыс Музыка, қазақ тілі. Алдыңғы оқу «Батыр Баян». Екінші тарау. Сабақтың жоспары Жоспарланғануақыт Сабақ барысы : Бағалау ...
- өзін жалған жасампаздыққа жеңдірмеуі;
- шынайылылықты тек табиғаттан іздеуі;
- әдебиетті саясаттың емес, сұлулықтың, көркемдіктің құралы деп тануы;
- адамдардың ой-сана, жан-дүние еркіндігін аңсауы, т.б.
оның адамдық таза, биік рухының көрінісі.
Ақынның азаматтық тұлғасы осылай шынығып қалыптасты. М.Жұмабаев поэмасының тақырыбы, сюжеттік құрылысы жағынан сан қилы бастаудан бағыт алған: әлеуметтік теңсіздік,мәңгілік тақырып, патриотизм мен махаббат т.б.
Ақын тақырыпқа қай қырынан келмесін, бүкіл сюжетке әр түрлі әдіс-тәсілмен қатарласа өрілген лирикалық толғау барлық поэманы бір сарынға қоюластырып, сәйкестндіріп отырады. Толғау ақынның жеке арманы, мұң-шерімен бірге халқы мен туған жері тағдырына пессимистік түрде зарлана қайғырады. Өз тұсындағы келеңсіз өзгерістер ақынға рухани жоғалу сияқты әсер берген. Дәл осы өзіндік жан-дүние дағдарысында Мағжан-Абылай, Баян, Кене,Сыздық рухтарынан, патриоттық сезімдерінен күш алған.Халқының ұлттық табиғатын,тұтастығын жоқтағанда қалам мен қару әр уақытта үндестік тапқан.Біздер, Мағжан Жұмабаев поэмасына арқау болған сюжеттер, аңыз сюжеттер деп бөліп қарастырдық.
Мағжан-тарихи сюжеттерді өңдеп, көркем туынды жасауда өзіндік ерекше стильі бар ақын. Ақын туындысында тарихи сюжет пен шығармашылық ой-идея бірлігі тұтас образды сомдаған. Тарихи тұлғалар Мағжан шығармашылығында жаңа образға еніп, дәріптеліп, ұрпаққа жәдігер болып жатталады.
Ақынның тарихи сюжетті негіз еткен «Батыр Баян» поэмасының діңгегі-туған ел тарихының шындығы. Бұл поэмада жанрға тән асқақтықты- намысшылдық, алаш еліне деген сүйіспеншілік, сертке беріктік (қалмақ қызының мінезі) , нәпсіні тыйып ұстаудағы адами ерік-жігер, ақыл азабы, және жалғыздық құрайды.
1.1ТАРИХИ СЮЖЕТТЕР. Мағжанның тарихи тақырыпқа жазылған «Батыр Баян» поэмасы Абылай дәуіріндегі қазақ батырларының ерлігін өзек етеді.Ақын шығармаларының мазмұны мен тақырып ішкі бірлік сақтай отырып, Баян образы арқылы батырлықты жырлайды. Поэма Ш.Уалиқановтың «XVIII ғасыр батырлары туралы тарихи аңыздар»[2.221 б.] атты мақаласына негізделгені анық.Мағжан тіпті кейбір батырларға берген мінездемесінде Шоқанды сөзбе-сөз қайталайды.
Егер Шоқан мақаласымен «Батыр Баян» поэмасын салыстырып қарасақ, сәйкестікті анық байқаймыз:Баталинец Уразумбет-баты славился удивительною ловкостью и быстротою действия.
Мағжанда: … Балталы екпінді оттан Оразымбет,…
Шоқан: … Хан стоял на сборном месте, не двигаясь:он дожидался храброго батыра Баяна, не смотря на ропот других батыров.
Мағжанда: … Баянсыз қанатымды қалай жаям?!
Би Қанай! Аттанбайды хан Абылай,
Келмесе қандыбалақ Батыр Баян!-
деген жолдарда Баян батырлығының құдіреті ашылған.
Шоқан: …Калмики остановились, послали семь человек послов…» «Алла Джар! Уса и серен послали меня: калмики и казахи были братья, будем же и теперь или примите белые юрты- дань и будем мирны!
Мағжанда: Салады мына сөзді хан Абылай
По картине Васнецова Виктора Михайловича «Баян» для 9 класса
... Согласно тексту, Баян пел про трех князей: Романе Святославовиче; Ярославе Мудром; Мстиславе Владимировиче Храбром. Именно Бояну, великому сказателю и песнотворцу, Васнецов посвятил свою работу. Сочинение по картине На полотне ...
Би-батыр қасындағы көп қыранға.
Салса да алдыменен өзі айтады:
«Түспеспіз тірі болсақ, алдағанға!
Күні ертең не бергенін жолдан алып,
Қалғанын алсақ қолдан арғы таңда»
Шоқан: … Баян отвечал: «Нет! Не брите белых юрт, не старайтесь обманывать: Уса и Серен обманули верхний и нижний Китай, обманут и тебя».
Мағжанда: Ерлігі алашқа аян Батыр Баян
Тұрды да деді! Алдияр,Абылайым,
Сөзімді не кектерсің не жұптарсың,
Ойыңды теріс дейді Баян-айың!
- ..Қу қалмақ күні кеше алмап па ед,
Шоңқитып Ой қытай мен Өр қытайды?
Қалмақтың қарты түгіл, қалшасы да,
Алдатпас, алдап кетер Абылайды!
Бұл тартыс Баянның қара күш иесі қана емес, айлалы ақылы ханмен пара-пар екендігін дәлелдеген.
Шоқан:… Хан два раз повторял свое, он два раза отвечал свое. Хан остался на своем.
Мағжанда:… Тоқтады Баян, Абылай тағы өз сөзін
Қайта айтты, біраз шытып қарлы жүзін.
Хан да екі, Баян да екі қайырысты,
Алмастан бір-біріне тіккен көзін,-
деген жолдарда Баянның ержүрек мінездері сомдалған.
Шоқан: … Два дня ждали нет калмыков, нет белых юрт, после узнали что прошло два дня, как снялись и ушли.
Мағжанда:.. Қол күтті, уақыт өтті, күн батар шақ,
Кең ойлы Абылайды, данышпанды,
Қу қалмақ кеткені ме шын-ақ алдап?!
Бас образдың батырлық қырын ашқан тарихи оқиға поэманы күрделі планға шығарған. Бұл-тарихи сюжет, Мағжан Жұмабаев поэмасындағы негізгі концепция. Ал өзіне батырлар образын жинақтаған бұл оқиға- қазақ тарихының жаугершілік заманы, оның ішінде Абылайдың тұсы. «Қазақ ішінде Абылайдың даңқы аса зор. Абылай заманы оларда қазақтың ерлік заманы болып саналады»,-деп жазды Ш.Уалиханов. Мағжан да өз поэмасында басты қаһарман Баян образын Абылайдың қазақ тарихындағы баға жетпес тұлғасын дәріптеу арқылы биіктетеді. Поэмада Абылай хан образы көбіне лирикалық толғауда жырланады.Мысалы:
- ..Қабырынан әулиенің Алашқа артық,
Ертеде Абылайға орда болған ағаш.
Ордасын сол ағаштың Абылайдың
Меккедей тәуеп қылған тамам алаш.
Ал поэма құрылысындағы Абылай хан образының тарихи салмағы Баянның батырлық табиғатын ашуға шебер қызмет еткен:
Наркескен, өрттей ескен, қайтпас болат
Баянсыз қанатымды қалай жаям?!
Би Қанай! Аттанбайды хан Абылай,
Келмесе қандыбалақ Батыр Баян!
Қорыта айтсақ, Ш.Уалиханов деректеріндегі Баян батырлығына да баға Абылай аузымен беріледі.Мағжан осы тарихи оқиға арсына махаббат проблемасын, яғни жеке адамның жан-дүниесін араластыру арқылы, Баянның батырлық қана емес, туысқанды, ғашықтық, патриоттық сезімдер арпалысындағы үлкен психологиялық портретін жасаған. Бұл туралы М.Әуезов былай дейді: «…тарихи оқиғалар өз тұсында көпке жайылған жанды әңгіме болып жүрсе, кейде ақындардың қолына жетіп, өлең өлшеуіне түседі.Тарихта болған оқиға өлеңге айналған соң өзі ескінің тарихы болып жоғалмайтын болады… Нағыз тарихи өлеңдердің басталған кезі Абылай заманынан бері қарай»[3.141]
Ақын Баян образын әдеби контексте махаббат оқиғасымен байланыстыру арқылы батырдың жеке трагедиясын ашады. Яғни, ақын көркем шығармада Баянның батырлығының аясында оның адами табиғатын танытқан. Поэманың композициялық құрылысын оқиға дамуымен байланыстыра жүйелер болсақ,сюжеттік кестесі былай бейнеленеді:
По картине В.М. Васнецова «Баян»
... как о хранителе русских традиций. В «Слове» Баян является олицетворением самой Руси. Думаю, что и Васнецов воспринимает Баяна точно так же. На картине он располагается не в центре, поскольку ... на вершине холма, где происходит основное действие, сидит князь ...
- Жауға қарсы жиналған батырлар Баянды күткен хан;
- Баянның жау қызына ғашықтық сезімі, тұтқын қыздың өз еліне деген махаббаты;
- Батырдың інісі Ноянның жау қызына деген махаббаты;
- Ноян мен тұтқын қыздың өлімі.Баян трагедиясы;
- Көп пікірі: киелі Абылайхан, бағы қайтқан Батыр Баян;
- Батыр Баянның жеке шешімі.Өлім.
Барымталық жолмен әкелінген «жау» елінің сұлуы шығармадағы драмалық ширығуға да, трагедиялық шешімге де басты себеп. Немесе, керісінше, ақын таңдаған махаббат ситуациясы да өзінің сипатымен негізгі тақырыпқа бағынған. Бұл поэма жанрындағы бөлшектің бүтінге бағыну заңы. Ақын екі ел арасындағы саяси жағдайды махаббат конфликтісіне себеп еткен. Дәл осы конфликт Баян басындағы ішкі жандүние тартысының көрінісін шебер ашқан.
Поэмадағы оқиғаларды шебер қоюластыру арқылы ақын қоғамдағы саяси-әлеумттік қақтығыс пен жеке бас трагедиясын нанымды байланыстырған. Оқиға тұсындағы қоғамның саяси-әлеуметтік бетін де ақын тарихи деректермен бейнелейді. Мысалы:
Қиын күн туған алаш баласына,
- ..Кез болған жаудан үркіп, Ақтабанға,
Дұшпанның қалғандай боп тобасына,
- ..Күндерде сонау қара, тапсырған ел
Тағдырын Абылайдай данасына.
Алыстан орыс, қытай ауыр салмақ,
Жақыннан тыншытпайды ауыр қалмақ.
Артында-ор, алдында-көр, жан-жағы жау,
- .. Көп жаудың бірін шауып, бірін арбап,
- ..Күндердің бір күнінде хан Абылай
Қалмаққа ойына алды ойран салмақ.
Мағжанның осы жолдары М.Әуезовтың «Тарихи өлеңдер» туралы мақаласындағы мына пікірмен дәлме-дәл:» Орысқа бағыну елдің, алдына ұсынған сыбағалы табақтай болып,еріксіз бой ұсындыруға айналды. Ел өмірі мен әдебиеті тарихында осы дәуірден қалған белгілер көп. Әдебиетте қалың елдің бұл қайғысы Абылай айналасынан шығады. Абылай маңына жиналады. Ал сол аласапыран дәуірде қалың елдің «қайрандап жан қала ма» деген Қазықұрттай үміті жалғыз ғана Абылай басында болған болатын. Ескі қазақ елдігін, ескі жұрттың тілегін, ту көтеріп бір араға жиған Абылай болатын. Бұлай болса, кейінгі заманда туатын үлке тарихи оқиғалар мен тарихи жырлары түгелімен Абылай заманынан суат алады»[142-143]
Мағжанның «Батыр Баянына» «тарихи өлең» деп қарамасақ та, жоғарыда атап өткеніміздей, поэманың тарихилығы мен тарихи шындыққа негізделгендігі ақиқат. Тарихтың өз дерегіне тоқталар болсақ та, жыр жолдарынан алшақтығы жоқ екендігін көреміз. Ғұлама тарихшы В.В.Бартольд өзінің «История турецко- монгольских народов» атты еңбегінде «XYIII ғасырдағы хандардың ішіндегі ең мықтысы орта жүз ханы Абылай 1771-1781»,- деп түйіндейді. Алайда Абылай хан тарихтан өз орнын ала алмай келеді. Оның себебі де жоқ емес. Кеңес дәуірінде идеологияландырылған тарих ғылымы хан тұқымынан шыққан, құба қалмақтарға қарсы ұлт-азаттық күресті ұйымдастырған Абылайды тіпті батырлар санатынан шығарып тастады. Біздің отандық тарихнамада Абылайдың Ресей мекн Қытайдың ортасында өз алдына тәуелсіз саясат жүргізген қайраткерлігі дұрыс көрсетілмеді, ол орыс-қазақ қарым-қатынасына көлеңке түсіретіндей көрінді.Тәуелсіз Абылай «екі жүзді» болып танылды.1944 жылы БКбП Орталық комитетінің хатшылары Г.М.Маленков, А.С.Шербаков аттарына тарихшылар мәслихатын шығаруға байланысты арнайы хат түсірілді. Бұл құжаттар Абылайхан туралы М.Әбдіхалықов, А.Панкратова редакциясымен шыққан Қазақ ССР тарихының тұжырымдамасы «Ленин және Сталин іліміне ревизия» деп танылды. «Бұл кітапта,- делінген құжатта,-орысқа көз бояу бодан бола тұра, Қытай императорына боданмын деп мойындаған Абылай дәріптеледі. Ол екі күшті мемлекеттің арасында қалып, дұрыс бағдарлама алмады., екі жүзді және қайшылығы мол саясат жүргізді. Бұл саясат қазаққа кеселден басқа ештеме әкелмеді»[27]-деп берілсе, келесі деректе былай деп түсіндіріледі:»Абылай сұлтан Ресей империясына берген антын бұзбай, Цин империясымен достық көршілік саясат жүргізді. Абылай екі жақты дипломатиялық саясатының негізгі мәні халық тыныштығын сақтап, екі империяның ортасында бейбіт өмір сүру, бейбіт өмірде шаруашылықты дамытып, халық бірлігін қалыптастыру еді»[28].
Кеңес дәуір тұсындағы»Қазақ ССР тарихында» Абылай жоңғария қалмақтарының феодал басшылары арасында болған күресті ептілікпен пайдаланып, Жоңғарияның бейбіт халқын шауып,тонаған»[4.333].Бұл деректі қазақ тарихының Геродоты атанған А.Левшин өз еңбегінде былай деп түсіндіреді:»Ақылды әрі амал тапқыш Абылай сұлтан жоңғар билеп-төстеушілерінің алауыздығын құр жібермей, пайдалана білді. Және олардың өзара қырқысуының жалғаса түсуіне әр кез ықпал етті. Мұның өзі тыныштығын сақтау үшін, барлық қазақ жүзінің сыртқы қауіпсіздігі үшін ежелгі жауын бытыратып, күшін әлсірету үшін соншалықты аса қажет екенін түсінді»[30].
Талайдың жыры мен сырына астар болған, тағдыр тәлкегінен тайсалмай, өзінің батырлық-хандық сом тұлғасын соққан Абылайдың шын тарихи бейнесін тану үлкен еңбекті қажет еткен.
Ал Мағжан танымындағы Абылай- халық патриоты, қасиетті, жаужүрек, айлакер, ақылды, және үлкен саясаткер. Абылай мақсатын өміріне бағыт етіп алған Мағжанның ақындық болжамы, сенімі бүгінде тарихтың қуатты шындығына айналды. Ш.Уалихановтың айтуына қарағанда,» Абылай хан болып сайланғаннан кейін Ресей патшасының әкімшілігіне барғысы келмеген, себебі мені хан сайлаған өз халқым»,- деген. Ресей патшасы Абылай ханды өз ықпалына көндіру үшін көп әрекет жасауға тура келді. Абылай хан орыс әкімшілігінің шақыруымен орыс бекінісінің біріне барып, қайтадан ант беріп, Ресей патшасының рақымшылығын қабылдауы керек еді.Бұл саясатты жүзеге асыра алмаған Екатерина II 1778 жылы мамыр айының 24-і күні Абылайды Орта жүздің ханы етіп бекітеді … Уфа және Сібір әкімшілігі басшыларының бірі Якоби Абылай ханға берген мінездемесінде: «Абылай хан өте тәкаппар және өжет, өз ойынан қайтпайтын адам, бірақ өз заманында ақылды мемлекеттік қайраткер,-дейді.Абылай ханның дипломатиясы 1758-1781 жылдар арасында қазақ даласында тыныштық орнап, қазақ халқының шаруашылығының, саудасының және мәдениетінің дамуына негіз болды.Абылай дипломатиясының негізі қазақ ұлтының егемендік, дербес сыртқы саясаты болды»[5.4-50 б.].Абылай тұлғасының қыры мен сыры Бұхар жырау жырында шынайы жинақталған. Бұхар жырындағы өткір пікірлер, өжет Абылайдың қиып түскен қылыштай әділ жүрегінің дәлелі.
Халқымыздың тарихында зор салмағы бар Абылай ханның ерекше жақын кһөрген батыры Баян-Мағжан поэмасының басты қаһарманы. Ақын батырдың бойына биік рухтағы махаббат қуатын дарытып, Баяның толық образын жасаған. Поэмадағы махаббат оқиғасы зерттеуші Е.Асқаровтың деректеріне сүйенсек, Баянның шөберелес ағасы Сары батырдың баласы мен қалмақ қызы арасындағы хикаядан өзгертіліп алынған. Е.Асқаров дерегінен: «Дастанда Баянның туған інісі ретінде алынған Ноян кім? Баянның махаббат үшін оны атып өлтіруі рас па? Енді осы жайларға келейік. Мағжанның Ноян деп алғаны-Баянның шөберелес ағасы Сары батырдың баласы Қыстаубай. Ел есінде қалған әңгімеге қарағанда Қыстаубай ауылдағы қалмақтың Лағда деген қызын алып қашса керек. Баласының қылығына Сары батыр қатты долданады. Сол Сары:»Қыстаубайды қуып жетіп өлтір, киімі мен қару-жарағын көзімше көм!»- деп Баянды жұмсайды. Баян Қыстаубайды қуып жетіп, бір қабат киімін алып, қозының қанына малып, Сарыға алып келеді. Өзін нағашыларын жібереді. Бұл әңгімелерді, Қыстаубайдың сарының кім екенін Мағжан жақсы білген. Алайда ақын нақты тарихи деректер мен аңыздарды бұлжытпай қайталауды мақсат етпеген. Ақын мүддесі- ел қорғау жолында мерт болған, Шоқан сөзімен айтсақ,»Абылайдың ең аяулы батыры» Баянның ұлы тұлғасын сомдау»[6.187 б.].
Енді ақын поэмасындағы Баян образына тоқталайық. Баян тарихта кім болған? Осы сұрақ төңірегінде түпкі деректерді Ш.Уалиханов еңбектерінен [7.385;216;221-22;216;61-218.] алынды. Бірақ Шоқан деректерінің басты ерекшелігі-Баянды тек батыр ретінде ғана дәріптейді. Шоқан-жинақтаған Баянның Батыр бейнесі, тарихи тұлғасы былай сомдалмақ:» Баян XYIII ғ.бірінші жартысы -орта жүз батыры, руы уақ, керей, жоңғар шапқыншылығына қарсы қазақ күресінің қаһарманы. XYIII ғасырдың тарихи аңыздарында және қазақ халқының ауызша шығармаларында оның майдандағы қаһармандық ерлігі мен өлімі баяндайтын тарихи өлең «Баян Батыр» кеңінен танымал».Баян Абылайдың сүйіктісі және сол уақыттың бірінші батыры. Уақ керей руынан және қалмақ шапқыншылығының бірінде өзінің ағасы Сары батырмен бірге өлген: оларды көбіне Сары-Баян деп атауы да содан. Шоқанның еңбегінде Баянның өлімі туралы екі басқа дерек келтірілген. Екіншісінде, «Баян мың адаммен қалмақтардың іздеріне түсіп, Қытайға кіре берген кезде қуып жетеді және тек қана қырық сажнямен ұстап үлгермейді. Қайтар жолда қалмақ өліктерімен бұзылған судан қара тышқақ ауруымен қайтыс болады. Атақты Баян да дүние салады.»Бұл деректердегі Баян өлімі Мағжан поэмасындағы кейіпкер Баян өлімінен мүлде басқа. Ал поэмадағы ақынның Баян батырлығын Абылай беделімен асқақтатуы Шоқан деректерінің ізімен жазылған. Мысалы, «Халық аңызында «Тылдағы жорық» атымен белгілі торғауыттар ізін кесу жорығы бар. Жорықта сансыз көп жиналған халыққа қарамастан, Абылай Баянды күтеді. Ақырында Баян бес жүз қырық адамымен келді де, хан алдына тұра қалып:»Қайда, не бұйырасың, мен орындаймын»,-деді. Хан халыққа қарата: «Міне, мен неге сонша ұзақ күттім Баянды»,-деді. Ханның күту себебі дәлелденбесе де, деректерде бар.Міне осы «кешігу» оқиғасын Мағжан поэмасына шебер пайдаланған тіпті оны махаббат трагедиясымен байланыстырған:
«Жау!»-десе жатпайтұғын батыр Баян,
Апырмай келмеуінің мәні қалай?-
немесе:
Бұл жолы кешігуі жәй емес қой,
Тұлпарым кез болды ғой орға тегі!.
Баянның осы кешігуі Мағжан көркем шығармасында өзіндік шешім тапқан. Ал тарихта Баянның өзін әрдайым күткізуі оның салмағын, ханмен тең иықтылығын, батырлық бағасын көрсетеді, әрі өз бағасын салмақтай білген ақылдылығына да меңзейді. Және Баянның келген бетте: «Жауға аттаналық»,- деген тура мінезі, Абылайдың ыстық ықыласы негізссіз емес екендігін дәлелдеп тұр. Ештемеден қаймықпай тура айтар бірбеткей Баянның ақылы мен ержүректігі ханды да қызықтырған: «Абылайдан барлық үш орда батырларының ішінен кімді ерекше сыйлайсың деп сұрағанда, оның берген жауабы: «Уақ Баян арқылы және батырлығымен бәрінен жоғары тұрады»,-депті. Ал, Ш.Уалиханов еңбегіндегі мына жолдар Баянның майдандағы жауынгерлік шебер әдістерін дәріптейді. «Баян уаковцев, да мы это видели! Когда он поварачиваясь назад, копьем работал.» Бұнда соғыс өнерін жете игерген Баян шеберлігі дәл берілген. Бұл Мағжанның:
- .. Жебесі кебе бұзып, жүректі үзіп,
Найзасын ылғи дәлдеп сермеп пе еді,-
деген жолдарына сәйкес келеді. Сондай-ақ Батыр Баянның өлімін жырлаған тұста да Мағжан ақын тарихи деректен мүлде алшақ кетеді. Деректерге сүйенсек, поэмадағы Баян өлімі батырдың өмірдегі досы Жанатайдың басынан өткен оқиғаға сүйеніп жазылған. Шоқан еңбегінен:» Сүйікті анасының өлімін естіген Жанатай қарғанып ант береді: «Иә өлем, иә сендердің қандарыңды ішем!» Аттарды әкелтуге бұйрық етті, бес жүз адамнан отряд құрып қалмақтарға тиісті, олар он мың болатын, соғысқа еніп кетті, соғыс жан түршігерліктей еді, қырғыздар өлімге қарсы жүрді. Сегіз адамымен Жанатайдан басқасы құлады. Жанатай атынан түсіп, баласына берді де:» Үйге аттан, бұзып өт, әйтпесе бір нәрсе болған жағдайда мен үшін кек алар адам болмайды»,-деді де құлады».
Мағжан поэмасында да қазақтың киелі рәсімі-ант беру өлім оқиғасы үстінде Баян аузымен айтылады:
Ел беті енді маған болсын арам,
Алашым, аттанамын, жауыңда өлем!
Ежелден қазақта кек алу, күнә жуу өзара салмағы терең және өмір мен өлімге пара-пар ұғымға ие болған. Халқының батырлығын көрсету немесе батыр даңқын арттыру мақсатында, әлде Жанатай соғысының үлгісіне сүйенді ме, поэмада майдан даласындағы әскер санының тепе-теңдік сәйкестігі сақталмаған. Мысалы:
Жүз қыран мың сан қолға араласты,
Орғыған асқар таудан судай тасты,
Аз болса бір қазаққа жүз қалмақ кеп,
Ат қойып қиқу салып, қамаласты.
Осы сұмдық дәлдікпен бейнеленген шебер сурет-қазақ тарихы жаугершілік заманына жырмен жазылған ескерткіш-құлпытас.Сол жаугершілік заман батырлығының рухы, ерлігі осы жырдың әр жолын құрап тұр.
Мағжан талантының тамаша табиғатын, бүтін бітімін, лирикалық терең тынысы мен эпикалық кең құлашын бөлмей-жармай қатар танытқан
Қазақ әдебиетінде өзінің қиын тпағдырымен де, көркемдік ерекшелігімен де таңғы шолпандай жарқырап тұрған осы-Батыр Баян поэмасы. Мағжан Жұмабаев өте көп білетін, аса дарынды қаламгер болды.М.Горкийдің қамқорлық жасап, В.Брюсовтің оны «Қазақтың Пушкині» деп атауы тегін емес. А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытовтардың Мағжан шығармашылығын зерттеп, қалам тартқанын былай қойғанда, әдебиет төріне жарқырап шығып келе жатқан ақын, үзеңгілес әріптесі туралы М.Әуезов 1929 жылы «Мағжанды сүйемін» деген сөзінде «Мағжан мәдениеті зор ақын… Сондықтан бүгінгі күннің бір жоқтаушысының ішінен келешекеке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз- Мағжанның сөзі. Одан басқамыздың бәріміздің күмәнді, өте сенімсіз деп білемін»-деп жазды.
Тағдыр деген қызық, құдай аузын салды ма, әлде данышпан жазушы алда әлі талай ондаған жылдар бойы әдебиеттің соцреализмнің тар құрсауында тұншығарын білді ме екен, әйтеуір айтқаны қалай дәл келген десеңізші! Шындығында жетпіс жыл жасалған рухани көркем дүниелердің шыншылдығынан әдебиеттің мөлдір бастауында тұрған Мағжан шығармалары әлдеқайда шынайы, таза.
Ұлы Абайды қоспағанда, бұл тарихи тақырыпқа жазылған поэмалардың нағыз үлгісі, эталоны, мөлдір бастауы дауға келеді. Поэманың оқиғасы қарапайым, тілі аса шұрайлы, қазақ топырағының исі аңқиды. Мағжанның батыс, орыс, татар әдебиетінен көп үйренгенін айта келіп: «Қорқыт», «Баян» сынды поэмалар-Мағжанның нағыз өз тумасы, орыстан, басқадан жұқтырып алды деуге келмейді»,-деп жазды Ж.Аймауытов өзінің «Мағжанның ақындығы туралы» деген мақаласында. Бұл поэманың еркіндігі сол-ақын өзін еркін жырлатқысы келмеген қоғамның ниетін ашық айтып, бостандығы мол, кең далада желдей ескен ескі күндерін аңсайды.
Қызыл тіл, қолым емес, кісендеулі
Сондықтан жаны күйіп жанады да,-
дейді ол поэманы бастарда.Он тарммақты шумақтан тұратын бұл тарихи тақырыпқа жазылған дастанның архитектоникасы ажырамастай берік. Тегі жағынан эпикаға, түрі жағынан батырлықты, елін сүюді насихаттайтын поэманың басынан аяғына дейін мінсіз, баяндаулы оқиға желісі өң мен түстей тәтті, тартымды. өз намысын, халық алдындағы жауапкешілігін, дүйім жұрты көз алдында көріп отырған әділдік мәрттігін Батыр Баян ешуақытта төмендетпеген. Сол үшін де айдаладағы тұтқын қыздың өзімен санасып, оған деген көкірегіндегі лаулаған махаббат сезіміне мәрттігі мен әділдігімен тоқтау салады.
Болмасын жас сұлудың білгеннен соң
Ер Баян қарындас қып ерік берген,
сол үшін де, сүйегіме таңба түсірді деп туған үнісі Ноянды қуып жетіп, атып өлтіреді. Сол үшін де жауға жалғыз шауып опат болады.
Поэманың көркемдігін көтеріп тұрған атрибуттардың бірі- оның мотивировкасының күштілігі, яки поэмадағы бір көріністің неге олай болғанын келесі екінші, көрініс мызғымастай дәлелдеп тұрады. Баянның Абылай кеңесіне неге келмей қалғанын оның дәл сол кезде өз басынан өтіп жатқан оқиғалары дәлелдесе, Баянның Ноянды өлтіруінің себебі де жетерлік. Ал Баянның жауға жалғыз шауып қаза болуын бұдан бұрынғы оқиғалар бұлжытпай дәлелдеп тұр. Бұның бәрі оқиғалардың сенімділігі, логикасының күштілігін көрсетеді. Кейбір қазақ поэмаларының әлсіз, сенімсіз болып келуі, осы мотивировкаға да байланысты. «Осылай іштей күйген Батыр Баян, Баянның батырлығы алашқа аян» деген акромонограммның поэманың өн-бойында қайталанып отыруы (алтыс рет) да оқырманың Баянға деген симпатиясын, оның өзіне білдірмей, дамытып отырады. Акромонограммның бірінші тармағы сол сәттегі Баян басынан өтіп жатқан оқиғаға орай өзгеріп отырады да, екінші тармағы сол күйінде қайталанады.
Шығарманың апогейі көңілі сара оқырманның көзіне жас үйірердей көркем. Өзі де іштей ғашық, жүрегін өртеп жүрген аруды бейнесін ақын былай суреттейді:
Сол сұлу — сұлу екен атқан таңдай,
Бір соған бар сұлулық жиылғандай,
Торғын ет, шапақтай бет, тісі меруерт,
Сөздері су сылдырап құйылғандай
Тұтқын да болса сұлулығына жығылған аруды інісі Ноянның алып қашуы Баянның намысын өртейді.Ішкі ынтықтық пен сырт көзге «Сүйегіме таңба салды» деген сезімдердің ара жігін аша алмай, көзіне қан толған Баян екі ғашықты артынан қуып жетіп,
Дауылдай талмай есіп, желдей ұшып,
Түс ауа Жолдыөзекее жетіп қалды.
Көрмиық Жолдыөзектің даласында
Алыстан екі қараны көзі шалды.
- ..Алыстан екі қара көрді Баян,
Кілегей қара бұлттай төнді Баян.
Ой жоқ боп, жүрек шоқ боп, құр екпін боп,
Сұңқардай сорғалаған келді Баян.
Ақын Баянның ішкі жан дүниесіндегі ала сапыранды сұмдықты дөп басады.Көзіне қан толып, қорамсаққа қол салған Баянды көріп:
Жас Ноян жүйрігінің мойнын бұрды
Жас Ноян ер Баянға қарсы жүрді
Өртеген намыс, айдай ару, ыстық туысқандық сезім, ақкөз батырлық, аздап қорқыныш… Бәрі бір сәтке мидай араласып айшықты психологиялық көрініс жасайды.
Бір күлді балдырғандай Ноян бала,
Ашылған шешек жарып гүлдей жаңа.
Алайда «Жас Ноян: «Жан көке!»- деп сөз қатқанша», садағын қалды тартып Батыр баян, Баянның батырлығы алашқа аян».Поэманың жапанда «Жан көке!» деп шыңғырған кульминациялық тұсы оның көркемдігін көкке шығарып тұр.
Бұдан кейінгі Баянның ішкі аласапыран сезімін автор жеріне жеткізе ашады.Баян:
Ойламай, белді бекем будым неге?
Қозымды қас дұшпандай қудым неге?
Майысып Ноян қалқам, ерке марқам,
Қасқиып қарсы алдымда тұрдың неге?
Бауырыма тас жүрегім жібімеді-ау,
Бір ата бір анадан тудым неге?-
деп зарлайды. Осындай риторикалық сұраулаарды бората келіп, іле-шала қарама-қарсы пікір айтып:
Алашта ертеде өткен екі арыстан:
Ер Көкше, Ер Қосайдай ер бола ма?
Солардың нәсілінен Сары, Баян,
Барыстай ойын салған сар далада.
Інісі Ер Баянның жасық Ноян
Атадан азып туған дер бол ма?
Құл болса бір қыз үшін балдырағаны
Алашқа бұдан артық жер бола ма?- деген сияқты апофизиялық шумақтар ұсынады.
Бұның бәрі автордың шеберлігін, асқан жүйріктігін көрсетеді. «Тілінің дәлдігі, ой-толғамдарының жаңалығы, суреттелген жайлардың айқындығы, сөз құрарлық иірімдерінің таңқаларлық жарасымы-осының бәрі жинақтала келе Мағжан поэзиясының ерекше қасиетін байқатады. (М.Базарбаев).Мәрттік пен батырлыққа ерлікке толы поэма авторының өмірі де оның өз кейіпкері Батыр Баянның жан-дүниесімен ажырамас бірлікте. Өйткені «Оның творчествосының бір қырында, яғни таразы басының бір жағында мұңлы толғаныс, өкіну және қайғы-қасірет, күйініш жатса, таразының екінші басында- романтикалық өршілдік, махаббат, сүйіспеншілік, арман, мақсат, үміт жатады.Көп қайғы-қасірет шеккен, азап пен уайым тауқыметін тартқан ақын осы бір-екі оттың жалынына шалынып, соған шарпылған! Оның творчествосы да тарих тұңғиығын терең түсіну, болашақты болжай білу, бүгіннің ақиқатына көз жеткізу сияқты терең толғаныстар заманының астан-кестен ала-сапыран жайымен астасып жатады».(М.Базарбаев)
Бұл жағынан алғанда «Батыр Баян» поэмасы Мағжан Жұмабаев жан-дүниесінің тұтас бір бөлігі, оның жүріп өткен жолын бажайлауға мүмкіндік беретін өмір эпопеясы деуге болады. Мағжан жүрегінде Батыр Баянның бойында суреттелген қасиеттердің-ішкі тартыс, елін сүюшілік, оның қараңғылығына жан ашушылық, махаббат, күйініш, романтика — бәрі де бар.
Мағжан нағыз шындықты жазды. 3881 нөмірлі істе көрсетілгендей 1938 жылғы оныншы ақпандағы тергеуде Мағжан: «Әдебиеттің сол кездегі ауа райын жасаушылар,жасыратын не бар, менің ұмтылысымды түсінгісі келмеді. Менің шындығым олардың шындығына үндесе қоймағаны мәлім» деп жауап берді.[8,13-15 б.]
Иә… Мағжан тағдыры. Қазақ көгінде құйрықты жұлдыздай жарқыраған Мағжанның өмірі оның өз кейіпкері Баянның тағдырымен үндес.
II тарау
Батыр Баян поэмасының көркемдік қабаты
М.Жұмабаев поэмалары сюжетті не оқиғасыз лирикалық поэма түрінде де берілген. Ұлттық тарихымыздың қаһармандары ақын идеяларымен көркем бейнеге айналып, поэмаларда бір сарынмен тоғысып отырады.
Ал, ақын идеялары қазақ еліне келген саяси өзгерістермен тығыз байланысты еді. XX ғасырдың басы қай қоғамды да объективті түрде екіге бөлді. Бұл кезеңде әдебиетті де ашық та, өткір пікірталас күшейіп, бүкіл халықты таптық жікке бөлген үлкен тарихи тартысқа айналды. XX ғасырдың басындағы әлемдік мәселе-адам бостандығы Мағжан Мағжан шығармашылығының да негізгі проблемасы болып табылады. Өз тұсындағы қоғам құбылысының күрделі сипаты ақын романтизмінің мазмұнына айналды.
Мағжа образдары тарихи тұлғаларға, көркем интерпретацияға жасау арқылы сомдалған. Автор өзінің эстетикалық принциптерін жүзеге асыру мақсатында көркем құралдарды лайықтай жинақтап, және жүйелі түрде тізбектей қолданған. Бүкіл образдарда жалғыздық және өлім мотиві көрініс беріп отырады.Мағжан. өз поэмасында көркем интерпретация жасау әдісімен трагедиялық жаңа образ сомдаған. Ақын бас қаһарман Баянның саяси әлеуметік тұрғыдан батырлық образын, рухани-гуманистік тұрғыдан психологиялық портретін, тұрмыс-тірлік тұрғысынан пендеуй болмысын ашқан. Тақырып поэмада мынандай жолмен ашылып, беріліп отырады:
Ол күндер аз қазақ пен қалың қалмақ
Қыран мен қара құстай алысқан шақ,
Баласы алты алаштың Абылайдың
Астында ақ туының алысқан шақ.
Қазақтың батырлары бәрі қыран
Сонда да бір батыр жоқ Баяндай тап.
«Суреткер дүниетанымы алдымен шығармаға арқау етіп таңдап алған мәселесімен танылады. Яғни шығармашылық процесс жазушы өзге құбылыстар ішінен бір құбылысты таңдап алған сәттен басталады. Бұл толғам өзге құбылыстарға деген жазушы бағасының қорытындысы.Ал баға жазушы идеологиясының, көзқарасының саяси поэзиямсының көрінісі болып табылады. Бұл жөнінде Гете былай дейді: «Үлкен немесе кіші болсын, кез-келген өнер шығармасында бәрі, тіпті ең соңғы бөлшегіне дейін түпкі ойға байланысты»
Құбылысты таңдау, бейнелеу олардың бір-бірімен байланысы және бағасы- бұның бәрі тікелей суреткер шығармашылығындағы дүниетанымның іске асуын танытады»
Баянның батырлық іс-әрекеттерін сомдайтын ақын қолданысындағы көркемдік бейнелегіш құралдарды тізбектей жүйелесек былай болып дамымақ: «көп жаудың албастысы, ел еркесі»,»наркескен,өрттей ескен, қайтпас болат», «қандыбалақ батыр», » сорғалап сұңқардайын», » жолбарыста жалғыз ойнап», «аш бөрідей», «жебесі көбе бұзып», «тұлпар», «қайтпас алмас», «ер», «сұп-сұр болып», «арыстан», «түнерген қара бұлттай қара түн», «көкжал», «қыран».
Поэмадағы көркемдегіш құралдар ситуацияға қарай құбыла өзгеріп оқиғаға қосымша рең беріп отырады. Автордың көркемдік құралдарды ойнатудағы суреткерлік шеберлігі образ қуаттылығына әкелсе, құрылымдық элеметтердің өзара байланысы шығарманың тақырыптық-идеялық нысанасына қызмет еткен. Мысалы, мына жолдарда Баянның патриоттық тұлғасы сомдалады:
«Жау!» десе жатпайтұғын Батыр Баян,
- ..Бірін айт, бірін айт та,