1) бөлімде, жұмыс орнының аумағы үнемі таза тұруы қажет. Барлық қоқыс және өндірістік қалдықтарды жүйелі түрде қоқыс салатын ыдысқа арналған арнайы бөлінген жерлерге апарып тастау;
2) ғимараттарға апаратын барлық жолдар үйіліп тасталмауы, түнгі уақытта жарықтандырылуы қажет. Ғимараттарға апаратын жолдарды және подъездерді материалдарды сақтау үшін қойма ретінде ұстауға тыйым салынады;
3) Қысқы уақытта жолдар, подъездер және өрт сөндіру гидранттарының қақпақтары қардан және мұздан жүйелі түрде тазаланылып отырылуы қажет. Ғимараттың баспалдақтарында және олардың астында жұмыс, қойма және басқадай мақсатқа бөлмелер жасауға, сонымен қатар адамдардың өтуіне, қозғалысына бөгет жасауы мүмкін жабдықты орнатуға тыйым салынады;
4) өндірістік қызметтік және қосалқы шаруашылық бөлмелерінде, сонымен қатар материалдық қоймалардың бөлмелерінде — өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қосымша шараларды қабылдамай ашық отты қолдануға тыйым салынады;
5) ғимарат аумағында шылым шегуге арнайы бөлінген жерлерде ғана рұқсат беріледі. Шылым шегуге арналған орын «Шылым шегуге арналған орын» деген жазумен белгіленуі және шылым қалдықтарын салуға арналған су толы урнамен жабдықталуы қажет;
6) ашық отты қолданумен байланысты жұмыстарды жүргізу үшін, бекітілген ереже бойынша, өрт қауіпсіздігі бойынша білімдері арнайы талонды бере отыра тексеруден өткен тұлғалар жіберіледі.
7) өрт қауіпі бар нысандарда ашық отты қолдана отыра жұмыстарды жүргізу үшін, отпен жұмыс істеуге жазбаша түрде ресімделген рұқсат қажет. «Отпен жұмыс істеуге рұқсат» екі данада ресімделеді, онда жұмыстың түрі және орны, жұмыс орнын дайындауда қойылатын өрт қауіпсіздігінің талаптары, сонымен қатар өткізілетін уақыты көрсетіледі. Рұқсатты жұмысты жүргізетін бөлімнің бастығы немесе бастықтың орынбасары береді, сонымен қатар жұмыс орнын дайындауға және ИТР қатарынан жұмысты жүргізуге жауапты тұлғалардың қолдары да қойылады. Отпен жұмыс істеуді бастауға «Рұқсатта» көрсетілген қауіпсіздіктің барлық талаптарын орындағаннан кейін және ӨҚ бойынша техникалық жетекшінің келісімімен ғана рұқсат етіледі. «Отпен жұмыс істеуге рұқсатта» сонымен қатар бригаданың құрамы және бригада мүшелеріне нұсқаулық өткізілгендігі туралы жазба жасалады. Өрт қауіпі бар орындарда, отпен жұмысты жүргізуге рұқсат тек қана бір ауысымға ғана беріледі. Сол жұмысты бірнеше ауысым бойы өткізу кезіңде қайтадан рұқсат алу қажет емес. Мұндай жағдайда әрбір келесі ауысым үшін жұмысты жүргізуге рұқсат жұмыс орнын дайындауға және жұмысты атқаруға жауапты тұлғалармен бекітіледі, ол туралы «Рұқсатта» жазылады. Отпен жұмыс істеудің басталуы және аяқталуы туралы, әрбір ауысымда директордың өндіріс бойынша орынбасарына хабарлап отыру қажет;
8) апаттық жағдайларда өрт қауіпі бар бөлмелерде, жазбаша рұқсатты ресімдеусіз отпен жұмысты жүргізуге босатылады. Мұндай жағдайларда отпен істелінетін жұмыстар бөлімшенің бастығының немесе оның орнын алмастырушының қатысуымен жүргізілуі қажет. Осы шартта, осы жұмыстарды жүргізгендігі туралы директордың өндіріс бойынша орынбасарын хабардар ету қажет;
9) өрт туындаған жағдайда, тұтану ошағын байқап қалған әрбір тұлға, қауіпсіз аймақтағы қызметкерлерді ескертуі қажет және оны жою бойынша шаралар қабылдауы, 101 номері бойынша телефон шалуға міндетті;
10) өртті сөндіру кезіңде: электр жабдығын токтан сөндіру; желдеткіштерді және кондинционерлерді сөндіру, жағармайларды және тез тұтанатын материалдарды алып тастау;
11) электр жабдығындағы өртті сөндіруде көмір қышқылды және ұнтақты өрт сөндіргітерді пайдалануға рұқсат етіледі. Электрлік емес қондырғыларда өрт сөндіру кезіңде суды және химиялық көпіршікті өрт сөндіргіштерді қолдануға болады. Орман шаруашылық бөлімінде өрт сөндіргіштер өрт сөндіру крандарының жәшіктерінде және өрт сөндіру қалқандарында тұрады. Өрт сөндіру крандары өндірістік корпустың қабырғаларында орналасады.
Өрт сөндіру және өрт сөндіру құралдары өрттің өрлеуіне, жану ауданына, жану ерекшелігіне қарап таңдалады.
Кез келген өртті оның бас кезінде сөндірген өте дұрыс. Өртті бас кезінде сөндіру оны сөндіруге арналған, бағытталған құралдарға байланысты және сол бар құралдармен барлық жұмыскерлердің қолданатын, сигнализация болуына да байланысты.
Көптеген өрт ошақтарын сөндіру үшін суды қолданады: әр 1л су қыздырған кезде 0°C–ден 100°C–ге дейін 419 кДж жылылық қамтиды, ал буланғанда 2260 кДж. Судың жеткілікті термиялық тұрақтылығы бар, басқа өрт сөндіру заттарынан әлде қайда жоғары. Содан басқа су үш түрлі өрт сөндіру түрі бар: жану жерін суытады, жану аумағындағы әсер етуші заттарды араластырады және аумағынан жанып жатқан заттарды ажыратады.
Тез жанатын сұйық шикізаттарды сөндіруге газ бен сұйық араласы – көбікті пайдаланады. Газ жанып жатқан сұйық ішінде пайда болады.
Газ көпіршіктерді кіші болса, ондай көбік тұрақты және жақсы сөндіреді. Өрт сөндіруге сол сияқты химиялық көпірік және ауалы–механикалық көбік қолданады.
Автоматты түрде өрт сөндіру жүйесі өртті автоматты сөндіруге және дабыл беруге арналған қондырғы. Олардың құрамында спинклерлі және дренчерлі қондырғылар болады.
Өртпен күресуде өрт дабылбергіштерінің маңызы зор. Олар өрт көздерін дер кезінде анықтап, шұғыл арада дабыл береді. Дабыл бергіштер электрлі жүйе болып келеді. Ол автоматты және автоматты емес деп екі түрге бөлінеді. Электрлі өрт дабылбергіші сұлбасы бойынша сәуле тәрізді және шлейфті болып келеді. Өрт сөндіру құрылғысы және өрт сөндіру бастапқы ќұралдары дұрыс күйде және көзге түсетін орындарда болуы тиіс. Оларға бөгетсіз өту ќамтамасыз етілуі тиіс. Оларды күтіп ұстау үшін жауапты адамдар тағайындалуы тиіс. От сәндіргіштер еден деңгейінен төменгі шетіне дейін 1,5 м аспайтын биіктікте және есіктердің ашылған кездегі деңгейінен 1,2 м кем емес орналасуға тиіс. От сөндіргіш оның конструктивті белгілері көрінетіндей етіп орналастырылуы тиіс. Қысқыгүні жылытылмайтын бөлмеде орнатылған от сөндіргіштерді жақындағы жылытылатын бөлмеге (50 м артық емес) жинап, оған « Мұнда от сөндіргіштер бар » деген көрсеткіш іліп қою керек. Ќұмға арналған жәшіктер сыйымдылығы 0,5 м 3 ; 1,0 м3 ; 3,0 м3 болуы және күрекпен жинаќталуы тиіс.
Барлық трансформаторлық шағын станциялар құмы бар жәшіктермен жєне ОУ5 немесе ОУ – 6 от сөндіргіштерімен қамсыздандырылуы тиіс. Кернеудегі электр жабдыќтар мен жанатын – майлайтын материалдарды сумен немесе көбікті өрт сөндіргіштермен сөндіруге болмайтынын естен шығармау керек. Ол үшін көмір қышқылды өрт сөндіргіштерді немесе құрғақ құмды қолданады.
скачать работу |