Қазақстандағы жануарлар дүниесінің зона бойынша таралуы

І – тарау Қазақстандағы жануарлар дүниесінің зона бойынша таралуы

І.1 Орманды дала зонасының таралуы

І.2 Дала зонасының жануарлар әлемі

І.3 Шөлейт зонасының фаунасы

І.4 Шөл зонасының жануарлары

ІІ – тарау Биік таулы аймақтардың жануарлар дүниесі

2.1 Алтай – Сауыр – Тарбағатай таулар жүйесінің фаунасы

2.2 Қазақстан Жоңғарының және Тянь – Шань таулы өлкесінің

фаунасы

ІІІ – тарау Қазақстан жануарлар дүниесінің типтері.

Қазақстандық Қызыл кітап және оған енген жануарлар

3.1 Қазақстанның жануарлар дүниесінің түрлері

3.2 Қазақстандық Қызыл кітап және оған енген жануарлар

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақстан Еуразия материгінің орталығында орналасқан,

оның жер көлемі 2 млн. 715 мың шаршы шақырым. Қазақстанның

батысында Каспий теңізінен, шығысында Алтай тауларына дейін

2925 шақырым, солтүстігінде Батыс Сібір жазықтығының оңтүстігі

мен Орал тауларының сілемдерінен, оңтүстігінде Тянь – Шань

биік таулы жоталары мен Қызылқұм шөлдеріне дейін 1600

шақырымға созылып жатыр. Осыған байланысты Қазақстанның табиғат

жағдайлары да әртүрлі.

Мұнда жазықтық жерлердің сан алуан түрлері солтүстігінде

орманды далалардан басталып, оңтүстіктегі шөл – шөлейттерге ,

құмды, сазды, тасты, сортаңды шөлдерге жалғасады.

Қазақстан жерінде алуан түрлі жануарлар мен

өсімдіктер әлемі кездеседі. Мұнда омыртқалы жануарлардың 835

түрі бар. Соның ішінде сүтқоректілердің 178 түрі: құстың 500 –ге

жуық, бауырымен жорғалаушылардың – 49, қосмекенділердің – 12 ,

балықтың – 104, дөңгелек ауыздылар немесе балық тәрізділердің

3 түрі тіршілік етеді. Атап айтқанда кез – келген адамға

таныс аю, қасқыр, түлкі, қоян, кірпі, үйректер, тырна, қаз, аққу,

бүркіт, қараторғай, бұлбұл, улы сұр жылан, бақа, алабұға , шортан

және тағы басқалар кездеседі.

І – тарау Қазақстандағы жануарлар дүниесінің зона бойынша таралуы

І.1 Орманды дала зонасының таралуы

Қазақстанда орманды дала зонасында орманды да, даланы да

мекендейтін жануарлар кездеседі. Сұтқоректілерден ақ қоян, су

егеуқұйрығы, ақкіс, ақ құлан, түлкі, қасқыр, елік, бұлан, сұр

қоян, құстардан: құр , ақ кекілік, сұр кекілік мекендейді.

Қайыңды ормандарда күйкентай, бөктергі, жағалтай, ителгі,

3 стр., 1202 слов

Дала өсімдіктері туралы

... —16°-19° С-дің айналасында (абсолюттік минимум 50° С-ге жетеді), орманды далаға қарағанда жазы барынша ыстық және ұзақ, құрға ... емес Мұғалжар таулары және Қазақстан аласа тауларының солтүстік бөлігі оқпіауланады. Орманды далалармен салыстырғанда кли-мат континенталдық өсуімен ... жалғыз ғана өкілі, жабайы түрінде тек Батыс Қазақстан облысында ғана кезедеседі. Емен отырғызатын жерлер соңғы жүзжылдықта ...

кезқұйрық, сұңқылдақ, бүокіт кездеседі. Зонаның ашық жерін

бөдене, балшықшы, тартар, шек – шек торғай, дала бозторғайы

мекендейді. Батпақты жерлерінде тауқұдірет, қоңыр үйрек, шүрегей

кездеседі. Тал, қайың тораңғы өскен алқапта құрқылтай ұя

салады.

Орманды дала зонасының әсем табиғаты мен алуан түрлі

өсімдіктерін, жануарлар дүниесін табиғи қалпында сақтау үшін 1930

жылы Наурызым қорығы құрылған.

Орманды дала зонасы жануарлар дүниесі әжептәуір

бай. Онда сүт қоректілерден ақ қоян, ор қоян, ақ тышқан,

түлкі, қасқыр, елік кездеседі.

Құстардан қайыңды ормандарда ақ құр, сұр құр, тоқылдақ,

көкек, ақсары, күйкенетай, кезқұйрық мекендейді. Ащық далаларда

бөдене, шәукілдек, дала бозторғайлары кездеседі. Бауырымен

жорғалаушылардан кесірткенің екі түрі, улы сұр дылан, сарыбас

жылан болады.

І.2 Дала зонасының жануарлар әлемі

Қазақстанның солтүстік бөлігін негізінен далалы аймақ

құрайды. Ол Батыста Еділ – Жайық өзендері аралығынан Алтай

тауларына дейін созылып жатыр. Далалық аймақ 7 облыс

жерін алып жатыр, яғни Қазақстан жерінің 26% – ын ( 648

мың. шаршы шақырым ) құрайды.

Құрлық ішіндегі 48°С пен 50°С белдеу аралығында

орналасуына байланысты далалық аймақ үшін ауа райы қатаң,

континенталды, қысы суық, ұзақ, аяз – 30° және одан жоғары

( ауаның қаңтарлағы орташа температурасы — 18°С) , қардың

қалыңдығы 20 см болып, ол 140- 160 күн жатады. Жазқы

керісінше, құрғақ , ауаның температурасы + 35° – қа көтеріледі

(шілденің орташа температурасы – 18- 23° ), ал жылдық

ылғалдылық 230 – 310 мм, яғни топырақ бетінің жылдық

булануынан аз.

Кең байтақ жеріміздің жазықтығындағы дала өсімдіктерінің

түрлері ерекшелігіне байланысты 4 аймақ тармағына топталған:

  • кәдімгі қаратопырақты жерлерде бірыңғай қуаң ақ

селеу және алуан түрлі шөпке бау далалар ( Қостанай және

Солтүстік Қазақстан облысы ) ;

  • оңтүстік қаратопырақты жерлерде бірыңғай қуаң далалар

( Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар облыстары және Солтүстік

Қазақстан облысының бір бөлігі ) : қоңыр – сарғылт топырақта

бірығай құрғақ бетегелі, ақ селеулі далалар, әдетте қоңыр

топырақта құрғақ – жусанды бетегелі, ақ селеулі далалар

орналасқан. Соңғы екі аймақ тармаға оның оңтүстік бөлігінің

70% алып жатыр, бұларды кейде жеке құрғақ далалық аймаққа

біріктіреді.

Даланың жануарлар дүниесі өз алдына ерекше

дүние . Далада ашық кеңістікте өмір сүруге бейімделген

әртүрлі жануарлар дүниесі бар. Олардың түстері мен өмір

сүретін жерінің түсніе ұқсас және олар жылдам жүгіреді

немесе тез ұшады, жылдың қолайсыз мезгілінде ұзақ ұйқыға

кетеді.

Дала зонасы жан – жануарлары ашық ландшафт жағдайында

тіршілік етуге бейімделген. Сүтқоректілерден саршұнақ, қосаяқ,

байбақ кездеседі. Дала аймағында кемірушілердің ішінен

тышқанның көптеген түрлері бар. Жырқыш аңдардан қасқыр,

түлкі, борсық, қарсақ көп тараған.

Құстардан дуадақ, безгелдек, ақ бас тырна, бозторғай

мекендейді. Дала бүркіті, тұрымтай, дала құндызы жиі кездеседі.

3 стр., 1170 слов

Учебное занятие кружка внеурочнои деятельности «Этика: азбука ...

... словаре Д.Н. Ушакова ДАТЬ, дам, дашь, даст, дадим, дадите, дадут, повел. дай, прош. вр. дал, дала (дала ·неправ.), дало, дали, с ·отриц. не дал, не дала, не дало, не дали. 1. ·совер. к давать» title=’что такое давать, значение слова давать в ... Полная акцентуированная парадигма по А. А. Зализня да́ть, дам, дади́м, дашь, дади́те, даст, даду́т, да́л, дала́, да́ло́, да́ли, дай, дайте, да́вший, да ...

Дала аймағының өсімдігі мен жануарлар дүниесін жойылып

кетулен сақтау мақсатында 1958 жылы Қорғалжын қорығы

ұйымдастырылған.

Дала сүт қоректілеріне саршұнақ, қосаяқ, суыр, сасық

күзен, дала тышқандары жатады. Бұл кеміргіштер егінге көп зиян

келтіреді. Саршұнақтар ін қазып топырағын сыртқа шығарып,

үйіп тастап, жер бетін өзгертіп, қалың төмпешіктер пайда

етеді. Ең ірі деген жануарлардан борсық, қасқыр, түлкі,

тұяқтылардан бұрын үйір – үйір болдып жүрген бөкендер

кездеседі.

Құстардан дуадақ, безгелдек, көптеген дала торғайлары, тырна,

балшықшы, боз торғайлар бар. Жыртқыш құстардан дала бүркіті

мен құладыны, кезқұйрық кездеседі.

І.3 Шөлейт зонасының фаунасы

Шөл зонасының жан – жануарлар дүниесі негізінен дала

мен шөлде кездесетін жануарлар түрлерінен тұрады. Оларға

сүтқоректілерден саршұнақ, қосаяқ, құмтышқан, құм қояндары, қарсақ,

сасық күзен, бөкендер, түлкі және қасқыр жатады.

Құстардан бүркіт, торғайдың түрлері, кішкентай дуадақ көкек

кездеседі. Бауырыман жорғалаушылардан жыландар көп, зиянсыз

жыландардан қара шұбар жылан, кіші сарыбас жылан, қалқан

тұмсық жылан бар. Шөл дала зонасы жер суаруды қажет

ететіндіктен егін шаруашылығы нашар дамыған. Мұнда ашық –

каштан топырақты жерде ғана егін егіледі. Шөл дала

зонасында мал шаруашылығы дамыған.

Жануарлар дүниесін де алуан түрлі деуге болады.

Сүтқоректілерден дала және монғол шалғынында өсетін орташа

және кіші саршұнақ, секіргіш саршұнақ, эверсман аламаны,

прежевальский аламаны, стрельцов тышқаны, ақбөкен кездеседі.

Шөлейтті және шөлді жерлерде су тапшы болғандықтан

қарақұйрықтар мен ақбөкендер шөліркеген кезде су іздеп

талай жерді кезіп кетеді. Сарышұнақ, кесіртке, дуалдақ

қоректенгенде суды өсімдіктердің өзінен алады, ал қатты

құрғақшылық болған кезде ұйқыға кетеді.

Шөлейт зонада баурымен дорғалаушылар да көптеп кездеседі.

Олардың ішінде сарыбауыр жылан, кіші сарыбауыр жылан,

кесірткенің бірнеше түрі тіршілік етеді. Шөлейт аймақ қысы –

жазы малдың ашық жайылуына қолайлы.

І.4 Шөл зонасының жануарлары

Шөлдің жануарлар дүниесі өзін қоршаған географиялық

ортаның қатал жағдайына бейімделген және олдардың өзіне тән

ерекшеліктері бар. Жануарлырдың шөлді жерді мекендеуі үшін

жазғы аңызақ пен сусыздық қолайсыздық туғызады.

Дегенмен шөлдің жануарлары бұл ауыр жақсы төзеді.

Жануарлардың көбі ыстықтан қорғану үшін түнгі өмірге

бейімделген, күндіз інлерге кіріп немесе құмға көміліп

жатады. Оның кейбіреулері мәселен құм саршұнақтары, құм

тасбақалары ыстық кездерде жазғы ұйқыға кетеді. Шөлдің

көпшілік жануарлары – құм тышқаны, жіңішке саусақты саршұнақ ,

торғайдың кей түрлері ұзақ уақыт сусыз жүре алады.

Сазды және қиыршық тасты шөлдердің табиғат

жағдайы қатал болғандықтан жануарлар дүниесіне кедей. Олар үшін

кеміргіштердің кейбір түрлері тән. Әсіресе, өсімдіктердің

тамырымен қоректенетін, әрі жер бетіне сирек шығатын шөл

қосаяқтары мен көртышқандар, жыртқыштардан қасқыр, түлкі, күзен,

14 стр., 6746 слов

Культура и быт коренного населения Горного Алтая во второй половине XIX-ХХ веков

... Алтаю совершил путешествие В.В. Радлов. Объехал почти всю его территорию. Он пытался дать классификацию жилища южных алтайцев. ... Традиционные черты народной культуры алтайцев (19 ... обменивали у русского населения и ... алтайцев Национальная традиционная одежда уникальна и самобытна по своему исполнению, по характеру оформления, в которой воплощена летопись исторического развития и художественного творчества. ...

тұяқтылардан бөкендер, жайран немесе қарақұйрық кездеседі.

Құстардан сазды шөлдерде боз торғайлардың кейбір түрлері,

қаршыға, жек, тырна, бауырымен жорғалаушылардан тасбақа, дала

сұр жыланы, қалқан тұмсықтылар кездеседі.

Құмды шөлдер жануарлардың тіршілігі үшін анағұрлым

қолайлы келеді. Ол өсімдіктер жамылғысына біршама бай.

Сондықтан мұндай шөлдерде басқа жерлерде кездеспейтін

кейбір жануарлар кездеседі, атап айтсақ арқасында ақ теңбілі

бар ақ жертесер, жіңішке саусақты саршұнақ, құм тышқаны,

құм қосаяғы, сексеуіл жорға торғайы, бауырымен жорғалаушыладан

жұмырбас кесірткелер, кірпілер т.б. .

Сырдария, Талас, Шу, Іле аңғарларында айтарлықтай қалың

тоғай ормандары тараған. Бұл ормандардың жануарлар дүниесі

өте ерекше. Онда қабан, толай қояны және кейбір сүтқоректілердің

оңтүстік түрлері – тоғай бұғысы, қамыс мысығы – хаус кездеседі.

Таяу уақыттарға дейін жолбарыс болған. Құстардан қырғауыл,

аққұйрықты қызғыш, ақшыл, тоқылдауық, қарабасты ремез, түркістан

қаратамағы т.б.

Шөлді аймақты қорғау мақсатында 1939 жылы Барсакелмес

, 1984 жылы Үстірт қорықтары ұйымдастырылған.

ІІ – тарау Биік таулы аймақтардың жануарлар дүниесі

ІІ.1 Алтай – Сауыр – Тарбағатай таулар жүйесінің фаунасы

Оңтүстік таулы аймақтарда кездеспейтін шұбар тышқан,

бұлғын, қоңыр аю т.б. сияқты сибирь типті жалпы бореалдық

жануарлардың түрлері Алтайда мекендейді. Керісінше, Тянь – Шаньда

, әсіресе оның оңтүстік – батыс тармақтарында, Алтайда, Сауыр –

Тарбағатайда кездеспейтін жайра, ұзын құйрықты суыр, Мензбир

суыры т.б оңтүстік жерорта теңіздік гималай түрлері

мекендейді.

Алтай жануарлар дүниесіне бай. Оған себеп Алтайдың

бірнеше зоогеографиялық аудандардың түйіскен жерінде жатуы,

мысалы :

1) Шығыс Сібір ( марал, тас құры )

2) Европа ( үш саусақты тоқылдақ )

3) Орта Азия ( тау күркетауығы , жайран )

4) Арктика , мұз басу кезінде өткен ( солтүстік бұғысы,

тундра құры ).

Алтай тауы жануарларға бай. Әсіресе орман аймағын

мекендейтін жануарлар басқа аймаққа қарағанда мұнда

анағұрлым көп. Алтай ормандарында Сібір тайгасының да

көптеген жануарлары мекендейді. Онда қоңыр аю, қылқан жапырақты

орманда елік, мүйізсіз бұғы, сілеусін, бұлғын, сусар, Оңтүстік

Алтайда бұғы, марал мекендейді. Альпілік белудеуде Алтай

суыры көп. Алтай тауының баурайында марал мен теңбіл бұғы

өсіретін арнайы шаруашылықтар бар. Бүғы мүйізінен панта

өндіріледі. Одан бағалы дәрі жасалынады. Биік жартастарда таутеке

мекендейді. Альпілік тундраның ақ құры, алтай ұлары, жыртқыш

құстардан бүркіт, тазқара кездеседі.

Сауыр – Тарбағатай Алтай тауының оңтүстігінде шөлейтті

аймақта орналасқандықтан , оның көп жерінде дала жіне шөлейт

зонаға тән өсімдіктер мен жануарлар өсіп – өнеді. Өзен

аңғарларында көк терек пен алма ағаштары аралас тоғай

кездеседі.

Тау алды далаларының жануарлар дүниесі айналасындағы

6 стр., 2843 слов

Достопримечательности Горного Алтая

... уничтожают тлю, в медицине используется муравьиное масло. Вредных насекомых поедают певчие птицы. Алтайский край покрыт густом сетью рек, речушек и ручьев, В Верхней Оби находится более ... связи, интернета, мобильной связи и так далее. 2. Культурные и природные достопримечательности Культура Алтая привлекает к себе богатыми многовековыми традициями. Здесь развито камнерезное искусство, изделия ...

жазықтардың жануарлар дүниесінен еш айырмасы жоқ. Биік

таудың дала зонасында көптеген монғол түрлері

кездеседі. Олар : бөкен, жайран, индия қазы, аяғы түкті жамансары,

монғол торғайы т.б.

Орман белдеуінің жануарлары Батыс Сібір ойпатының

жануарлар дүниесіне ұқсас. Бұ л белдеуде қоңыр аю,

самырсынды, шыршалы орманда құдыр, мүйізсіз бұғы., ақ тиіндер,

ала тышқан, кездеседі. Кейбір өзендердің аңғарларында , атап

айтқанда , Күршім өзенінің аңғарында бұлғын кездеседі. Бұрын

Алтайда құндыз болған.

Батыс Алтайдың әсем табиғатымен өсімдік , жануарларын

қорғау мақсатында ШҚО – ның Ресеймен шекаралас жерінде Лениногор

ауданы жерінде 1992 жылы Батыс Алтай мемлекеттік қорығы

ұйымдастырылды.

Оңтүстік Алтай алқабының биік таулы өңірі мен

марқакөл көлінің табиғатын кешенді қорғау мақсатында Марқакөл

қорығы ұйымдастырылған.

Сауыр – Тарбағатайдың жануарлар дүниесі де көпшілігінде

Алтайдың жануарлар дүниесіне ұқсас. Тау беткейлерінде орман

тышқаны, ақ тышқан, борсық, ақ қоян, аламан, шақылдақ кездеседі.

Биік таулы зонада марал, жабайы тауешкі , арқар бар.

Мұнда суыр және басқа да ұсақ жануарларды аңдып келетін

аю да кездесіп қалады. Олар жыл мезгілдеріне қарай зоналарға

ауысып жүреді. Құстардан тундра кекілігі, ржанка жапалағы

болады.

Мұндағы ерекше табиғат байлықтарын сақтау мақсатында

1968 жылы Тарбағатай мемлекттік қорықшасы ұйымдастырылған. Мұнда

Қазақстыннң Қызыл кітабына енген көптеген жануарлар

мекендейді.

ІІ.2 Қазақстан Жоңғарының және Тянь – Шань таулы өлкесінің

фаунасы

Қазақстан Жоңғарының жануарлар