Шайдың шығу тарихы

2.2 Шайдың құрамы, қасиеті, түрлері

2.3 Көк шайдың емдік қасиеті, пайдасы

2.4 Қара шайдың емдік қасиеті, пайдасы

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Шай (Thea), ағылш. tea — шай тұқымдасына жататын мәңгі жасыл ағаштар мен бұталар туысының бір түрі; өзі аттас тұқымдасқа жататын өсімдік туысы. Осы өсімдік жапырағынан дайындалатын және сусын ретінде пайдаланылатын өнім де шай деп аталады. Шайдың жабайы өсетін 2 түрі тараған:

Шай бұтасы — күй талғамайтын, тамырлы, көпжылдық өсімдік. Дегенмен жер қыртысы мен климаттық жағдайлардың өзгерісін жылдам сезінеді. Жапырақтары кезектесе орналасқан, қалемше тәріздес, жылтыр, шеттері өткір тісті, ұзындығы — 7, ені 4 сантиметр болады. Шай жас жапырақтардан, оның бүрлерінен өндіріледі. Алғашқы өнім бірінші вегетациядан кейін жиналады. Шай өнімдерінің ішіндегі ең бағалысы — бірінші және екінші бүрлері. Бірінші өнім, әдетте, ақпан айынан бастап наурыз айына дейін жиналады.

Қытай Шайы. Екі түр тармағы бар: қытай және жапон. Оңтүстік шығыс Азияның таулы аймақтарында өсетін, биіктігі 3 м бұта.

Aссам Шайы. Бірнеше түр тармағы тармағы кездеседі: ассам, лушан, нага, хилл, манипурий, бирма, шан, юань, т.б. Үндістанның Ассам ормандарында өсетін, биіктігі 10-15 м ағаш.

Осы екі Шайдың табиғи гибриді цейлон Шайы да екінші топқа жатады. Шайдың бұл екі түрі де Жер шарының тропиктік және субтропиктік аймақтарында өсіріледі. ТМД елдерінен Әзірбайжан, Грузия, Ресейдің Краснодар өлкесі және Грекия жерлерінде қытай Шайының негізінде Шайдың бірнеше жаңа сұрыптары алынған. Мыс., Грузия шайы, Краснодар шайы, т.б. Қолдан өсірілетін Шайсұрыптарының биікт. (жинауы оңай болуы үшін) 2 — 3 м-ден аспайды. Жапон Шайы — бұтағы қалың аласа бұта. Шайдың негізгі тамыры 2 — 3 м тереңдікке кетеді, гүлі хош иісті, ақ немесе қызғылт, аталығы 200-ден астам, жемісі — қорапша, 1 — 5 тұқымды, майлы, піскенде қақырап ашылады. Ш. алғаш рет 4 — 5 жылдан соң, содан кейін жыл сайын гүлдеп, жеміс береді, бунақденелілер арқылы айқас тозаңданады. Ол 100 жылға жуық тіршілік етіп, 70 жылдай өнім береді.

Шайдың шығу тарихы

Шайды ХІХ ғасырдың ортасына дейін дүниежүзіне Қытай өзі ғана сатып келді. Қытайлықтар шай өндіру сырын жібек, фарфор, дәрі — — өндіру құпиясын жасырғандай, керемет ұқыптылықпен басқа халықтардан жасырып келді. Бірақ, осы шайдың сырын үйренуге көпшілік құлшынып отыр еді. Бұны білмекке құмартқан ағылшынның кәсіпкері бір көңілшек қытайға көп ақша беріп оны әзірлеу технологиясын үйренеді. Бұл — қытайларды шай сатудан түсетін орасан зор пайдадан айырды.

9 стр., 4356 слов

Созвучие лирики А.С. Пушкина и Абая Кунанбаева

... твое, Коль судьбу свою в руки народ не берёт. Величие стихов Абая и Пушкина на политические, социальные темы проявилось и в ... вражда». Поэт обращается к народу: О, казахи, мой бедный народ! Жёстким усом небритым прикрыл ты рот, Кровь на правой щеке, ... Бірі ?ан, бірі май боп енді екі ?рты?. (1886 ж.) Обнажая социальные противоречия, поэт-реалист смело обличает корыстолюбие и подлость правящей ...

Яғни шайдың бұтадан дайындалатыны құпия болмай қалған сәтте оны саудалайтын нарыққа талас басталып кетті. Шайдың отаны сонымен — Қытай. Біз шай деген атауды солтүстік (Пекин) диалектісі ча атауынан алсақ, француздар тэ, ағылшындар ти деп атауды оңтүстік қытай диалектісінен алған.

Қытайлықтардың аңызы бойынша, Дарма есімді үнді ханзадаларының бірі Буддаға табынады екен. Ол бүкіл қытайды осы дінге енгізуге құмартыпты. Бұл үшін ол күндіз-түні тынбай, көз ілмей еңбек етуге тиісті болыпты. Бірақ, бір күні байқамай көзі ілініп кетіпті. Соған күйінген ол кірпіктерін кесіп алып анадай жерге лақтырып жіберсе, кірпіктері сол сәтінде бұтаға айналып кетеді. Осы бұтаның жапырағын аузына салып, дәмін алып көрсе шаршағаны басылып ханзаданың ұйқысы қашады.

Бір қызығы шай мен кірпік сөзі қытай иероглифінде бір таңбамен белгіленеді. Бізге жақсы таныс байха шайы да осы аңызбен сабақтасып жатыр. Шай қорабының сыртындағы байха Бай-хао сөзбе-сөз ақ кірпік деп аударылады. Қытайлар шай жапырағының төменгі жағындағы ашық түсті мүк секілді талшықтарды солай атайды. Олардың санына қарай шайдың сапасы анықталады.

Ертеде қазақтар осы шайды аққұйрық деп атаған екен.

Қазір Қытай дүниежүзі нарығына шай өндіріп, сатудан соңғы орындарда қалды. Франция үшін шарап қандай тарихи, әлеуметтік-экономикалық маңызы болса шай өндіру қытайларға сонша маңызды. Қытайлар көк шай өндіруден қазір де ешкімге дес бермейді. 150 жыл бұрын ағылшындар шайды қытайлардан сатып алып келді.

Шайға сұраныс артқан соң қаржы шығындамау үшін (шайды кемемен Еуропаға жеткізу өте қымбатқа түсетін, әрі сапасы нашарлайды) шай бұталарын өз отарлары — Үндістан мен Цейлонда өсіруді қолға алды. Ең алдымен Үндістанның Ассам штаты кейінірек Цейлонда ( 1972 жылға дейін Британ доминоны осылай аталады, бұл қазіргі Шри-Ланка).

Канди ауданынан жиналатын Цейлон щайы бізге кең танымал. Ағылшындарға еңбек күшінің арзандығы, шай бұтасы егілетін алқаптардың үлкендігі өте көп пайда әкелді және Қытайға шай тәуелділігінен құтқарды десе де болады.

Үндістанға келсек, мұнда шай бұталары негізінен солтүстік бөлігінде өсіріледі. Бізге белгілісі Ассам мен батыс Бенгалия штаты. Орисса штатындағы көптеген алқаптар жарнамадан түспейтін Брук Бонд, Юнилевр-Липмтон компаниялар иелігінде.

Ертеде шайды адамды түрлі улану кезінде және ой, дене еңбегінен шаршағаннан арылу үшін дәріге ішкен. Қара шайға қарағанда көк шай адам ағзасына өте пайдалы. Мысалы: Өзбекстан тіс дәрігерлері оқушылардың тіс ауруымен сирек ауыратыны байқаған. Кейін белгілі болғандай көк шайдың құрамында эмальдың бұзылуына жол бермейтін фторлы заттар бар екен.

Шай бүйрекке тас байлануды болдырмайды. Қытайлықтарға бұл аурудың белгісіз болып келуі сондықтан. Көк байха шайы қырқұлақ және дәрумен жеткіліксіздігіне бірден-бір ем. Алғаш Еуропада шай алтынға бағаланғандықтан, тіпті оның зияндылығы туралы пікір қалыптасқан. Әр халықтың шай әзірлеуде өзіндік ерекшеліктері бар дәстүр қалыптасқан. Мысалы қытай, жапон халықтары шайға қант қоспай ішеді. Орыс, голланд және көптеген Еуропа елдерінде қанты бар шайды ұнатса, қырғыз, қалмақ, моңғол, тибеттіктер шайдың дәмін тұзбен келтіреді. Ағылшындар сүт үстіне шай құяды, керісінше істеу надандық болып саналады. Олардың пайымдауынша бұлай ету шайдың дәмін жоғалтып хош иісінен айырады делінеді. Голланд, шотланд, қалмақтар керісінше шай қайнаған соң сүт қатады.

10 стр., 4705 слов

Абай Құнанбайұлы туралы

... әкімшілдік-билік жұмыстарына араластырмақ болады. Сөйтіп 13 жастағы Абай ел ісіне араласады. Абайдың өмірбаяны Абай бала кезінде ширак, пысық болмағанымен, ... жеңіп шығады. 1875 — 78 ж. Қоңыркекше еліне болыс болады. Бұл жылдары ез қолындағы билікті пайдаланып, әділдік таразысын тең ... ған әйелі Еркежаннан – ұрпақ, көрген жоқ.Абай өлең жазуды 10 жасында (“Кім екен деп келіп ем түйе қуған…”) бастаған. ...

Шай ішу жапондықтар үшін үлкен рәсім. Қатал дзен-буддизмге құрылған гя-до шай ішу рәсімі әуелде Қытайда пайда болған. Кейін бұл рәсім жапон тұрмыс салтына еніп кеткен. Содан бері рәсім тәртібі онша өзгермеген. Жапондар өздерінің ерекше көк шай о-тяны қант салмай ішеді. Кез-келген мекемеде отякумдар яғни шай дайындап құюшы хатшы қыздар болады екен. Олар күніне 3 рет қызметкерлерге шай дайындап береді. Жапондар шай өсіргенімен оны сыртқа шығарып сатпайды десе де болады.

Шайдың құрамы, қасиеті, түрлері

Шайдың құрамында танин, кофеин, теобромин, фир майы, витаминдер (Р,С, В, В2, РР), пигмент, т.б. заттар болады. Шай шөл басады, көздің көруін жақсартады, жүйке жүйесіне әсер етеді, қан тамырларын кеңейтеді, бүйрек қызметін жақсартады, еңбек қабілеттілігі мен ой қызметін арттырады.

Шай плантациясы

Зерттеушілердің айтуынша, шайдың құрамындағы дәрумендер жүректің жұмысына оң әсерін тигізіп қана қоймай, жалпы ағзаға да пайда келтіреді екен. Ұйқышылдықты сейілтіп, адамға сергектік сыйлайтыны да мәлім. Сусынның бұл әсері оның құрамындағы кофеин алколоиды мен оған туыс пурин қосылыстарының себебінен байқалады екен (теобромин және теофиллин).

Сонымен қатар, шай құрамында танин комплекстері, амин қышқылдары, минералдық тұздар, органикалық қышқылдар болады.

Енді дәрумендер туралы аздап айтып өтелік. Шай құрамындағы дәрумендерді зерттеген ғалымдар көп болған. Содардың бірі ретінде орыс ғалымдары И.Голяницкий мен М. Ануфриевті айтуға болады. Барлық ғалымдардың бірауыздан айтатыны — шайда С дәрумендерінің көп екендігі. Басқаша айтсақ, бәріміз білетін кәдімгі аскорбин қышқылы. Көптігі соншалық, біртектес өсімдіктердің арасындағы С дәруменіне ең бай өнімдердің бірі осы шай болып табылады. Бірақ бұл дәрумендер зауыттарда жүргізілетін технологиялық өңдеу кезінде біраз азайып қалатындығын айта кету керек.

Шай құрамынан сонымен қатар, Егоров және Бредфорд атты ғалымдар В тобындағы дәрумендерді тапқан. Атап айтсақ, антиневрикалық B1 дәрумені (тиомин), В2 дәрумені (рибофлавин), антиаллергияық РР дәрумені (никотин қышқылы), сонымен қатар, пантотен қышқылдары.

Шайдың негізгі жеті түрі бар:

Көк шай — шай жапырағының күн көзіне кептірілген түрі. Көк шайдың пайдасы көп.

Сары шай — өте сирек кездеседі және шайдың ең қымбат түрі. Жылына 300-600 келі ғана өндіріледі. Бір ғана жерде, яғни Дунтиху өзені ортасындағы аралда өседі. Өте қатқыл, әсері күшті. Дайындау тәсілін қытайлықтар өте құпия ұстайды. Адам қуатын тез арада қалпына келтіреді.

Улун шайы — жартылай ферментті, ашық түсті. Бас пен ми жұмысына күш