Архитектура реферат қазақша

Адамзат баласы көне заманнан бастап құрылыспен айналысқан. Адамдар неолит кезінде үйді ағаштан, қамыстан, талдан және балшықтан салды. Су айдынында, қағылған қазықтың үстіне тұрғызылған үйлер де болған.

Біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтың ортасында ірі тастардан қаланған монументті құрылыстар: кромлехтер, менгирлер мен дольмендер пайда болды. Менгирлер тігінен қойылған биік тастар тізбегінен тұрады. Дольмен – қатар қойылған екі тастың үсті үшінші таспен жабылып, біріне-бірі жалғасып келетін дәліз іспеттес. Ал шеңбер жасап, төбелері жабылған тас құрылыстарды кромлех дейді. Ніл, Евфрат, Тигр, Үнді, Ганга, Чанзен өзендерінің сағаларында көне заманда Мысыр, Месопотамия, Үндістан және Қытай сияқты ірі мемлекеттер пайда болып, ғаламат сәулет туындылары дүниеге келді. Мардук атты құдайға арналған Вавилон мұнарасы іргетасы 250 м биік тұғырға орнатылды. Анығында бұл жеті қабатты, ұшар басына қарай баспалдақтап жіңішкере беретін зиккурат еді. Месопотамияда ежелгі заманның өзінде-ақ біздің заманымыздан бұрынғы 5000 – 1800 ж. каналдар, су қоймалары, акведуктар, көпірлер мен бекіністер салынды. Тигр мен Евфратты қосқан ұзындығы 400 км каналды техникалық зор жетістік деп айтуға болды. Біздің заманымыздан бұрынғы 2700 – 2200 ж. салынған Мысыр пирамидалары мен ғибадатханалары зерттеушілер мен мамандарды әлі күнге дейін таңдандырып келеді. Месопотамияда ғимараттар балшықтан, күйдірілген кірпішпен салынып, сырты қапталып отырса, Мысырда олар сом тастан қаланды. Біздің заманымыздан бұрынғы 2200 – 1500 ж. Фивы қаласы астана болған тұста, жартасқа жартылай үңгіп салынған ғимараттар пайда болды. Жаңа патшалық (біздің заманымыздан бұрынғы 1500 – 1100) кезінде Карнак пен Луксордағы ғибадатхана кешендері салынды. Мысырдағы ең үлкен Карнак ғибадатханасы перғауын Сети І тұсында тұрғызылған.

Сәулет өнерінің дамуына зор үлес қосқан, елдің бірі – Грекия. Көне грек архитектурасының ең күшті дамыған кезі – біздің заманымыздан бұрынғы 5 ғасырдағы Периклдың билік құрған тұсы. Алдымен, Афина қаласының ең биік жеріндегі жартасқа ауданы 300Ч130 м жерге Акрополь салынды. Ортасында сәулетшілер Иктин мен Калликрат Парфенон ғибадатханасын ұзындығы 70 м, ені 31 м (біздің заманымыздан бұрынғы 448 – 438) тұрғызды. Ғимарат шатырын биіктігі он метрге жуық, 136 (периметріне қойылған) бағана ұстап тұрды. Ішіне Фидий жасаған Афина мүсіні орнатылды. Грек сәулетшілерінің дүниежүзілік архитектураға қосқан бір жаңалығы – архитектуралық ордерлер жүйесі. Ордерлік жүйе бірнеше құрамдас бөліктен тұрады және олардың өзара орналасу тәртібі бар. Ең басты белгісі – бағана, олардың ұшар басы капитель деп аталады. Бағаналар – антаблементті (арқалықты) көтеріп тұрады. Ордерлік жүйенің үш негізгі түрі болған: дори, ионика және коринф ордерлері. Рим сәулет өнері дамудың үш кезеңінен өтті: патшалық дәуір (біздің заманымыздан бұрынғы 8 – 6 ғасырлар); республика кезеңі (біздің заманымыздан бұрынғы 5 – 1 ғасырлар) және императорлық дәуір (біздің заманымыздан бұрынғы1 ғасыр – біздің заманымыздың 5 ғасыры).

10 стр., 4572 слов

Пейзаж реферат қазақша

... өзгерту өнері, жас суретшілердің еңбектері арқылы қазақ өнерінде де пайда болды. Б. Бапишев, Г. Маданов, А. Есдәулетовтың шығармаларында ата ... -90-шы жылдардың соңындағы қалыптастырудың ішкі логикасы айрықша талап еткен идея бейнелеу өнерін ұлттық тұрғыдан дербес т ... мифологиясы, бүгінгі күні Дала өмірінің ежелгі ережелер арқылы шағылыса отырып, олардың бейнелік шығармаларынан көрінеді. Сол шығармаларды ...

Римнің дүрілдеп тұрған кезінде туған құрылыс – Пантеон, құдайлар құрметіне орнатылған ғимарат. Оны сәулетші Аполлодор Дамасский 118 – 125 ж. салған. Диаметрі 43 м. дөңгелек қабырға тұңғыш рет күмбезбен жабылды. Кірпіш аралас бетон қабырға алтын түсті сарғылт мәрмәрмен қапталды. Пантеонның диаметрі мен биіктігі бірдей – 43,5 м. Жарық жоғарыдан диаметрі 9 м тесіктен түсіп тұрады. Римнің таңқаларлық құрлыстарының бірі – 80 мың адам сиятын Колизей амфитеатры, онда ордерлер жүйесі қолданылды. Термы моншалар кешені салынды. Каракаллы моншасына үш мың адам бірден кіре алған. Римдіктер тамаша тас жолдар, су құбырларын, акведуктар және көпірлерді сала білді.

Еуропа елдерінде бес түрлі архитектуралық стиль бірінен соң бірі орын алмастырды. Олар: роман стилі, готика, ренессанс, барокко, классицизм. Роман стилінің дамуына Франция көп ықпал етті. Мұның басты ерекшелігі – қабырғалары сом соғылған бітеу, салмақты болып келеді. Терезелері енсіз, тар, бекініске ұқсайды.

Готика стилінің ерекшелігі – құрылыс композициясы жоғары созылып, салмақ көтеретін құрылыс қаңқасы күрделі болып келеді, терезелері сүйір етіп ойылады, күмбезі қиық болып келеді де қырлары бүріледі. Қиық күмбездің арқасында салмақ құрылыс қаңқасына түседі. Сырттағы тіреулер арқылы қабырғаға түсетін салмақ азаяды. Готиканың алғашқы туындысы Париждегі Нотр-Дам соборы (12 ғасырдың 2-жартысы – 13 ғасырдың басы).

Бір келгенде 9 мың адам сияды. Әрбір тетігінде готикаға тән ерекшеліктер сақталған. Готиканың гүлденген шағы – 13 ғасыр. 100 жыл бойы салынған Реймс соборы (1212 – 1311) соның дәлелі. Собордың бір де бос жері жоқ, бәріне мүсіндер қойылған. Терезелердегі түрлі-түсті витраждар көздің жауын алады.

Ренессанс стилі 15 ғасырда Италияда пайда болды, оны ежелгі дәуір өнерінің қайта жаңғыруы деп қарауға болады. Ренессанс, яғни Қайта өркендеу дәуірінде архитектураның алатын орны ерекше болды. Бұнда құрылыс тым биіктетілмей айнала кеңістікке бауыр жазды. Ренессанс архитектурасы ежелгі дәуір архитектурасынан ордерлік жүйені ғана алған.

Еуропа елдерінде 17 ғасыр мен 18 ғасырдың 1-жартысына дейін дамыған барокко стилінің басты ерекшелігі сәулеттік туынды тіп-тік, тақтадай жазық болмайды, оның әр қыры мүсіндік, болмаса әшекейлі әлеміштермен өрнектеледі, сәулетші мүсінші сияқты кең тыныспен, қиялға еркін беріліп жұмыс істейді.

Еуропа елдерінде 17 – 19 ғасырларда классицизм стилі дамыды. Бұл бағыт, ежелгі дәуір архитектурасы мен ренессанстық архитектураның композициялық әдістері мен түрлерін жетілдіруден туған.

12 стр., 5623 слов

Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасының көркемдік қабаты

... ының рухани мұрасы,қазынасы ақынның шығармалары. I тарау Батыр Баян поэмасының тарихи-сюжеттік негізі Өткен жиырмасыншы ғасырдағы ұлттық поэзиямызды ... бұл сұраққа өзіндік ерекшелікпен келді. "Батыр Баян" поэмасын жазудағы ізденісі тарихи деректі көркем туындыға ... шығармашылық еңбегінің үлгісі бола алады.Мысалы, ақын Батыр Баян поэмасын жазуда Шоқан Уалиханов деректеріне сүйене отырып, тарихи шынды ...

Шығыс архитектурасының тарихы біздің заманымыздан бұрынғы мыңыншы жылдардан басталады. Үндістанда мінажат үйлерінің сәулетті нұсқалары: ступалар, үңгір-ғибадатханалар және жер үсті ғимараттары салынды, зәулім сарай кешендері пайда болды. Үнді архитектурасы композициясының байлығымен, түрінің әсемдігімен және мүсіндік бейнелердің әсерлілігімен көз тартады. Олар: біздің заманымыздан бұрынғы 1000 ж. салынған Каджураходағы, 14 ғасырда салынған Танджордағы ғибадатханалар.

Қытай архитектурасының басты ерекшелігі өз елінің сенім-нанымынан туып, тұрмыс-тіршілігіне және табиғатына сай келеді. Жалған монументалшылдық пен бос әлеміштер кездеспейді. Әр тетік лайықты орнында тұрады, бар нәрсенің қолданыс табуы ақылға сыйымды. Әлемге әйгілі Ұлы Қытай қорғаны біздің заманымыздан бұрынғы 3 ғасырда салынған, Цзяюйганьнан (Ганьсу провинциясы) Ляодун шығанағына дейін созылған. Ежелгі Жапония архитектурасының жетістіктері ғибадатхана кешендерімен байланысты. Атап айтқанда олар: Нарадағы (көне астана) Хорюдзи (7 ғасыр), Якусидзи (7 – 8 ғасырлар), Удзидегі Бедоин (11 ғасыр), Киото қаласының түбіндегі Дзиседзи (15 ғасыр) ғибадатханалары. Бұл көне құрылыстардың кейбір композициялық құрылымы 14 – 18 ғасырларда өз жалғасын тапты.

19 ғасырдың 2-жартысынан бастап, 20 ғасырдың басында әлемде өндірістің жаңа түрлерінің пайда болуына байланысты фабрикалар, зауыттар, электр стансалары, вокзалдар, аңғарлар, гараждар, элеваторлар салынды және банктер, биржалар, фирмалар жұмыс істей бастады. Қалаларда көп қабатты үйлер бой көтерді, театрлар, музейлер, ауруханалар, ғылым және оқу ғимараттары салынды. Құрылыс техникасының дамуына байланысты бұл кезеңде металл, әйнек, темір-бетон кеңінен пайдаланылды. Үлкен кеңістіктерді жаба алатын, зәулім үйлер тұрғызуға мүмкіндік беретін жаңа жүйелер мен тәсілдер туды (ірі блокты, ірі панельді қабырғалар, тақия-күмбездер, ванттық құрастырмалар, т.б.).

Инженер Александр Эйфель металдан 1889 ж. биіктігі 312 м Эйфель мұнарасын орнатты. Америкада көп қабатты зәулім үйлер пайда болды. Алғашқы биік үй 1880 ж. салынды. 55 қабат «Булворт-билдинг» 1913 ж., 77 қабат «Крайслер – Билдинг» 1932 ж. салынып бітті. 30-жылдардағы ең биік (380 м) 102 қабат «Эмпайр стейт билдинг» ұзақ уақыт биіктігі жағынан 1-орында тұрды. 1971 – 73 ж. Нью-Йоркте архитектор Минору Ямасакидің жобасы бойынша Халықаралық сауда орталығының призма тектес екі үйі іске қосылды (биіктігі 412 м, 110 қабат).

Қазіргі әлемдегі ең биік ғимарат – «Сирс-Орбак» Чикагода, биіктігі 442 м, 109 қабат.

Дүние жүзі архитектурасының дамуында көптеген бағыт болды: конструктивизм, функционализм, метаболизм, модерн, халықаралық стиль, органикалық архитектура, рационализм.

20 ғасыр архитектурасының дамуына зор үлес қосқан Огюст Перре бірінші болып қаңқалық құрылымдарды, темір-бетонды қолданды, құрылысқа стандарттауды және өнеркәсіптік әдістерді кіргізді. Италия инженері әрі архитектор Пьер Нерви армоцементті ойлап тауып, темір-бетонды тиімді және көркемдік тапқырлықпен пайдаланды. Ол Римде Спорт сарайын, Флоренцияда еңселі биік стадионды салды. Функционализмнің негізін қалаушылар Вальтер Гропиус пен Мис ван дер Роэ «Баухауз» көркем құрылыс мектебін басқарды, архитектуралық формалардың қалыптасу заңдылығын зерттеді. Америка архитекторы Франк Райт органикалық архитектураның (Пенсильваниядағы «Су үстіндегі үй», Нью-Йорктегі «Гуггенхейм» музейі) негізін қалады. Француз Ле Корбюзьенің архитектура тарихында алатын орны өте зор (Роншандағы капелла, Марселдегі тұрғын-үй, Чандигархтың жобасы, ондағы тұрғын және қоғамдық үйлер).

9 стр., 4301 слов

Алтын адам туралы мәлімет

... биіктігі 15 метр. Басқа бесшатыр, Есік күні тоналған ежелде… бақытымызға орай, ғылым үшін, тонаушылар бай ... кинжалами…» Жалпы, Геродот өз девятитомной тарихы туралы саках деп жазады сәл ғана ... болды покорена персидскими патшалар. ІІ ғасырда біздің заманымызға дейінгі сақтар, кейін ... ғасыры. Сақ қорғандары — үлкен құрылыстар, салыстырады египетскими пирамидаларына, достигающие 20 метр, биіктігі, диаметрі, ...

Жапон сәулетшісі Кэндзо Тангэ жас кезінде Ле Корбюзьенің әсерінде болған, кейін өз жолын, шеберлік арнасын тапты. Оның Олимпиялық спорт кешені «Йойоги» 22 мың адам сиятын стадионнан, төрт мың адамдық жабық спорт залынан тұрады. Бұл спорт кешені мүсіндік сұлулығымен, батыл инженер-конструкторлық шешімімен, көлемінің динамикасымен ерекше көзге түседі.

Тарихшыларымыздың айтуынша қазіргі уақытта Қазақстан жерінде 600-ден астам неолит және энеолит дәуірінің ескерткіштері мәлім. Неолиттік тұрақтар орналасу сипатына қарай – бұлақ, өзен, көл, үңгір тұрағы деп төрт түрге бөлінеді.

Орталық Қазақстанда да кромлехтер, менгирлер, дольмендер болған. Бұлардың қойылу ретінде де Мысырдағы, Орталық Америкадағы құрылыстар сияқты астрономиялық заңдылықтар ескерілгендігі, сол кездегі діни-нанымдарға орай салынғандығы байқалады.

Қазақстан жерінде біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықта тиграхауда сақтары тайпаларының үлкен тобы қоныстанған. Олар Қазақстан жерінің оңтүстік-шығысы мен оңтүстігін толық игерген. Сырдария, Іле, Талас, Лепсі, Есік, Шелек, Шарын, Кеген өзендері аңғарларында көптеген үлкенді-кішілі обалар шоғырланған. Биіктігі 20 м-ге дейін жететін «патша» обалары Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда өте көп. Біздің заманымыздан бұрынғы 5 ғасырға жататын Бесшатыр қорымынан («сақ пирамидаларынан») бөренелерден тұрғызылылып, жақсы сақталған ірі құрылыстар табылды. Бұлар Орта Азия мен Қазақстанда ағаштан салынған сәулет өнерінің ең ежелгі бірегей ескерткіштері болып табылады. Бесшатыр қорымы Іле өзенінің оң жағасында. Ол 31 обадан тұрады, олардың 21-і таспен, ал 10-ы қиыршық таспен және топырақпен жабылған. Үлкен обалардың диаметрі 45 м-ден 105 м-ге, биіктігі 6 м-ден 18 м-ге дейін жетеді.

«Алтын адам» табылған Есік обасы үлкен қорымның оңтүстік шетінде орналасқан. Біздің заманымыздың 6 – 7 ғасырларында керуен жолының үстінде, Қазақстан жерінде Тараз, Құлан, Сайрам (Исфиджаб) Отырар, Сығанақ, Құмкент, Созақ, Алмалық сияқты ірі қалалар, Ақыртас, Баба Ата, Ақсүмбе сияқты қорған-бекіністер болған. Оңтүстік қалалары бекініс, шаһристан, рабаттан тұрған, су құбырлары болған. Торғай, Жыланшық, Кеңгір, Жезді, Сарысу өзендері бойынан 10 – 11 ғасырларда өмір сүрген алпысқа жуық қалашық орындары анықталды. Бабаджа хатун күмбезі, Айша Бибі мазары, Жұбан ана күмбезі, сәулет өнерінің күрт дамығанын көрсетеді. Қарахан әулеті тұсында Алаша хан күмбезі, Жошы хан күмбезі, Аяққамыр күмбезі, Қожа Ахмет Иасауи кесенесі 10 – 14 ғасырлардағы Қазақстандағы сәулет өнерінің жоғары деңгейін танытады.