Кез келген мемлекеттің болашағы білімді жастар. Бүгінгі жас – болашақ Қазақстанның жанды бейнесі. Бүгінгі жас – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын тұлға.
Қазір алдыңғы толқын аға буынның орнын басар, ізін жалғастырар артында өсіп келе жатқан жастар екені даусыз. Еліміздің ендігі дамуы мен өркендеуі, келешегі жастарға тікелей байланысты.
Тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының биыл «Жастар жылын» жариялап, Жарлыққа қол қоюы еліміздің тарихында ұлт Көшбасшысы мен мемлекет тарапынан жастарды қолдауға жасалған теңдессіз қадам деп білемін.
Қарап отырсаңыз, биыл тұтас бір жыл жастарға арналып отыр. «Осы кезеңде қандай нәрсеге баса назар аударған дұрыс? Біз, жастар өзгеріске қалай дайындалуымыз керек? Мемлекет пен қоғамға пайдамыз тию үшін не істеуіміз керек?» деген сауалдарды мақсаты бар әр жас азамат өзіне қою керек.
Иә, ақын, педагог М.Жұмабаев айтпақшы мына қоғам «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қанатты» жалындаған жастарға иек артады, соларға сенеді. Еліміздің өсіп өркендеуі үшін, жас мамандардың ойының ұшқырлығы, тың идеялары өте маңызды. Қандай мамандық иесі болса да, өз істеріне жауапкершілікпен қараған адамның, жетер жетістігі де өте көп болмақ. Иә, 2019 жыл «Жастар» жылы болып бекітілді. Яғни бұл дегеніміз, жастарға деген сенімділік пен оларға қолдау көрсету. Болашағының жарқын болып, ойлаған арманын іске асырып, алдына тың жоспар қоя білген әр жас маман буынға осы жыл таптырмас мүмкіндіктердің бірі. Мен де жас маман ретінде, елімнің болашағы үшін еңбек етемін. Таңдаған мамандығымның арқасында, көп нәрсені біліп және әлі де ізденіп келемін.
Ізгілік пен ізденісті тұмар қылған мен жан-жақты білімділікті, шәкіртке деген шуақты көзқараспен қарауды, әр оқушының бойына үңілуді, олардың жан дүниесін түсінуді, мүмкіндік беруді үйреніп келемін. Үнемі шәкірттеріммен тығыз байланыста болып, олардың ойымен санасып, көкейіндегі арманын тыңдап, сол бойынша бағыт-бағдар беріп, дұрыс жол нұсқап, екінші анасы ретінде көмектескенім үшін өзімді ерекше бақытты сезінемін.
Мен – жас маманмын: соның ішінде ұстазбын! Кешегі балғын бөбектен «адам» деген жаратылысты тәрбиелеп шығудан абыройлы іс жоқ шығар тегінде. Даналықтың қайнар көзі — білім. Даналыққа жету жолы қиын да ұзақ
Ұстаз – ол көшбасшы. Жаңа қоғам мұғалімі – рухани бай, әлеуметтік жетілген, шығармашыл тұлға. Өз ісінің маманы, педагогикалық әдіс – тәсілдердің қолданудың хас шебері. Әрдайым жеке бас дамуына ұмтылатын, болып жатқан заман талабына тез бейімделе алатын жаңа қоғамның дара тұлғасы болу керек. Бүгінде жаңа өмір жолын бастаған жас мамандар арасында педагогикалық мамандықты таңдаған менің қатарластарым жыл сайын көбейіп келеді. Бұл болашаққа жасаған ой-жоспарыңды қиялдатады, көңілге қуаныш ұялатады.
«Елбасы жастарға сенеді»
... Мен жастарға сенемін!» - деп жырлағанындай, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен 2019 жыл «Жастар жылы» болып жарияланды. Себебі, Халық, Ел, Елбасы жастарға ... табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңіздер», - деген сөзі мемлекет пен ұлт болашағы жастар болашағ ... ң жалақысы жоғары жұмыстарға орналастырылуы керек екендігін, жастардың шағын және ...
Біз төл тарихын жетік білетін, бағалайтын және мақтан ететін және алған білімін әлемдік өркениетпен үндестіре білетін өскелең ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеуіміз қажет. Қазіргі жастар өкінішке қарай, қандай да бір ақпаратты кітаптан емес, ғаламтор желісінен алатыны баршамызға белгілі. Егер заманауи элементтерді қолдана отырып, тарихи фильмдер түсірілсе, жаңа технологиялардың көмегімен ерекше көрмелер ұйымдастырылса, жас ұрпақтың қызығушылығы артатыны сөзсіз. Сондықтан да мен кішкене де болса Нұржау жалпы орта мектебінде аталған бағдарлама тұрғысында жұмыс жасап келемін. Өзім ағылшын тілі пәні мұғалімі болғандықтан, тұңғыш Елбасымыз әрқашан айтып жүрген үш тілділіктің жүзеге асуына бар мүмкіндігім мен күшімді жұмсаймын.
Ағартушы-педагог Мағжан Жұмабаев: «Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілі болуы» деген еді. Ал, жазуымыздың латын әліпбиіне көшуі өте дер кезінде қозғалған бастаманың бірі деп едім. Өйткені, тарихтан белгілісі, бұған дейін де қазақ халқы латын қарпін қолданды. Мен алдағы уақытта және болашақта әлем әдебиеті мен қазақ әдебиетін байланыстырып, Абай бастаған әдебиет асылдарының туындыларын ағылшын тіліне аударып, оны әлемге танытқым келеді.
Мектеп ұжымының, оның ішінде мектеп басшысы Гүлбаршын Жақимқызы маған деген ниеті де, пейілі де тіпті ерекше болды десем артық айтқандық емес. Міне, ұйымшыл ұжымның бірлігінің арқасында көп нәрсені үйреніп, өзімнің шәкірттерге сапалы білім беріп жүргенімді мақтаныш етемін. Елбасымыздың жас мамандарға деген қамқорлығына ,әрине, бәріміз шексіз ризамыз.
«Жастар жылы» – жастарға арналған зор мүмкіндік, онда бастау алатын «Жас маман» бағдарламасы жастарға кездесетін қиындықтарды еңсеруге көмектеседі. Жастарға әлеуметтік көмек көрсету, жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында да игілікті шаралар қолға алынып жатқаны қуантарлық. Әрбір маманның өз жұмысы, сол жұмысының қиындығы мен қызығы бар. Медицина саласы адам жаның дәрі-дәрмекпен, мейіріммен емдесе еліне шипа берсе, экономика саласы еліміздің экономикасын қадағаласа, ал мұғалім баланың шабытын оятып, білімін жетілдіре түсуге көмектеседі. Ұлы ағылшын ағартушысы, Уильям Уорд: «Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады»- дегендей осы мұғалім мамандығын таңдағаныма еш өкінбеймін, себебі мен еліміздің жас білім алушыларына шамшырақ қылып жағу, болашаққа бағыт-бағдар беру, «менін» қалыптастыру шығармашылыққа баулу, бәсекеге қабілетті тұлға етіп шығару мәртебесі- біздің елімізде және осы сенімнен шығуда аянбай еңбек ететін боламын!
Бізде, шыны керек, бүгінде білімді әрі еңбекке икемді болғанымен өз бағдарын білмей жүрген жастар көп. Сондықтан да біз оларға үлгі бола отырып, сол жас буыннан құралған еліміздің қуатты күшін бір арнаға тоғыстыруымыз керек есептеймін.
Осындайда айтқым келетіні: жоғарыдағы, әртүрлі саладағы аға буын жастарға жоғарыдан төмен қарап, «бұларды үйрету керек» деген психологиядан әлі арыла алмай келеді. Бірақ, бұл бүгінгінің басты өлшемі емес деп есептеймін.
«Мен мемлекетімнің гүлденуі үшін не істей аламын?» атты студенттік
... деген сөз емес. Бірінші қатарға білімді қоятынымыз парасатты, білімі жетік ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі. Ма ... мен жаңғыруына үлес қосуы керек. Өз тағдырын ел мү ... жастар яғни мен менің замандастарым білімді болсақ, мемлекет болашағы жарқын болмақ! Арман еткен ма ... а, елге деген махаббат!», «Адам болу – қасиет, азамат болу – міндет, патриот болу – парыз» деген Бауы𬬬жан Момышұлының сөздері ойға ...
Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жастарға: «Біз тәуелсіздікті алдық, ұстадық. Тәуелсіздікті алу бар да, сақтау бар. Енді сендер сақтаңдар» деді. Бұл – аманат. Аманатқа сай жастар бар, бірақ, олардың қатарын көбейтуіміз керек. Елбасымыз «Қазақстанның болашағын жастарға сеніп тапсыруға болады» деді. Сондай-ақ, болашақта жастардың білім алуына және арнайы жеңілдіктер қарастырылған бағдарламалармен үй алып, еңбек етуіне қолайлы жағдай жасалатынын жариялады. Оған дейін жастарды қолдап жатқан әртүрлі жобалар мен бағдарламалар аз емес. Бір-екеуін тілге тиек етсек: «Болашақ» бағдарламасы мен «Дипломмен ауылға» жобаларын айтуға болады.
Еліміз «Болашақ» бағдарламасы бойынша қаншама талантты, білімді, вундеркинд жастарды шетелдерде оқытты. Оның астарында дамыған елдерді көзімен көрсін, ой түйсін, шешім қабылдасын, Отанына шын мәніндегі патриот болып оралсын деген аталық тілек, философиялық түйін жатыр деп ойлаймын. Қазақтың жолбарыс жүректі батыры, Бауыржан бабамыз: «Жиырма жас – тарихи ерліктер жасайтын жас. Осыған әрқашанда әр азамат әзір болу керек» дейді. Енді соған жастардың атсалысып, белсенді болатын уақыты келді. Мұғалім – ол көшбасшы. Жаңа қоғам мұғалімі – рухани бай, әлеуметтік жетілген, шығармашыл тұлға. Өз ісінің маманы, педагогикалық әдіс – тәсілдердің қолданудың хас шебері. Әрдайым жеке бас дамуына ұмтылатын, болып жатқан заман талабына тез бейімделе алатын жаңа қоғамның дара тұлғасы болу керек. Себебі: мұғалім жаңаша ойлайтын, жоғары білімді шығармашыл тұлғаның қалыптасуы мен дамуына жауапты. Иә, біздің ауданымыздың жас мамандарынан осындай қабілет пен қасиеттерді кезіктіруге болады.
Сөз соңында түрік ақыны Назым Хикметтің бір шумақ өлең жолдарымен аяқтағым келеді:
Мен жанбасам лапылдап,, Сен жанбасаң лапылдап, Біз жанбасақ лапылдап, Аспан қалай ашылмақ?!
Қиындығы мен қызығы қатар жүретін маман иесі болғанымды мақтан тұтамын! Иә, ж астар – қозғаушы күш. Жастар – елдің ертеңі. Олардың жасампаздыққа ұмтылысы, білім шыңына өрмелеп, елге қосар үлесі – жарқын болашақ кепілі.
Бүгінде білімді де білікті, еңбекқор да отан сүйгіш, көк туымызды желбіретіп, ел мерейін асқақтатар жас ұрпақтың жарқын болашағына жұлдызды жол салатын, құзіретті тұлға, жас маман — біздерміз!
Ұстаз деген ұлы мамандықтың тұтқасын ұстап, тамырдай жан-жаққа тарамдалған мектеп тынысына, ұстаздың тынымсыз тіршілігіне қанығып, келе жатқан жас мамандар, алар асуларыңыз алда болсын!
Атырау облысы
Құрманғазы ауданы
Нұржау жалпы орта мектебі
Багадатова Гулнар Сайлауовна
Ағылшын тілі мұғалімі